Хикая

Бір айда жағдайы дұрысталған Мадина болса жаңа оқу жылы басталуына орай Алматыға жиналды. Бұл туралы Арманға да ескерткен еді.

Ол бірден кездесуді сұрады. Ауруханадан шыққалы мүлдем көрмесе де, бауыр басып қалған жігітін көруге асық болған қыз бірден келісті.

Екеуі аурухана жанындағы саябақта кездесуге келісті. Оқуына медициналық құжаттарын реттеуге келген Балым Арманды да бірге жүруін сұраған еді. Ол да келісе кетті. Екеуі аурухана ішінде әр кабинетке кіріп, құжаттарды реттеп келеді. Үнемі қалжыңдап жүретін Балымның еш әңгімесі бітпейді. Оның жанында өзін өте жайлы сезінетін Арман болса уақыттың қалай өткенін де байқамай қалатын.
- Оооо, біздің қос қарлығаш бірге жүр екен ғой. Сендер үшін қуаныштымын. Тойларың болса шақырыңдар. Не дегенмен екі палата ортасында хат тасыған еңбегім бар ғой,- деп қалжыңдаған баяғы медбике алдарынан шыға келді.
Той деген сөзді естіген Балым қызара кетті. Арман болса «Иә, иә айтамыз ғой» деп күліп шығарып салды. Жігіттің осы бір сөзі Балымның сөнгелі жатқан үмітін қайта жаққандай. Жүрегі алабұртып, махаббаттан өзін жетінші аспанда жүррендей күй кешіп, осы бір сәт аяқталмаса екен дегендей тілегі болды. Екеуі аурухана ішінен шығып, саябақ жағалай жүріп, шеттегі қолдан жасалған өзен бойына келіп жайғасты.
- Енді не істеу ойың бар?
- Сол Алматыға кетемін. Алда студенттік өмір.
- Иәәәәә... ең керемет кезең ғой. Студенттік кездің қадірін біл. Ол сәттер ешқашан қайта келмейді.
- Ммм, жарайды. Өзің не істеу ниетің бар?
- Білмимін, үйленейін десем, мен ұнатқан қыз алысқа кетіп жатыр. Амалсыз жұмыс істеймін,-деп қалжыңдады.
Жігіт тарапынан нақты қадам күткенімен де, ол қалауы еш орындала қоймады. Бұл күні де Арман Балымға ұсыныс жасамады. Қалай жасамақ...
Дегенмен осы бір кездесуден ерекше сезіммен оралған Балым киімін ауыстырып жатып, келген хабарламаны оқуға асық болды.
«Сәлем Балым. Мен Арманның үйленейін деп жүрген қызы боламын. Өтініш сенен бізді енді мазаламашы. Сен үшін ұрыса шаршадық» деген хатты оқып, түсінбей қалған қыз қайта-қайта оқып жатыр. Арманның нөмірінен келіп тұрған хабарлама еді. Жаңа ғана кездесіп, жап-жақсы қоштасқан жігіттен келген бұл хабарлама Балымды дел-сал күйге түсірді.
Қанша уақыттан бері бауыр басып, алғаш рет шынайы ғашық болған қыз үшін бұл ауыр соққы еді. Жанарынан тамшылап түсе шыққан жасын әрең сүртіп үлгерді. Көңіл-күйі жоқ қызына алаңдаған анасына «шаршадым» деп ақталған қыз ештеңе жемей жатып қалды. Ал ертесіне арман қала Алматыға жолға шыққан ару бұл сәтсіз махаббат дастанын өткеннің еншісіне қалдыруға тырысты.
Қолына телефонын ұстаған сайын еріксіз Арманның бұрынғы жазбаларын оқитын Балым студенттік шақтың алғашқы айын өте ауыр өткізді. Бар назарын сабағына аударғысы келсе де, үйіне, жүрегін жаулаған сол бір азаматына деген сағынышы сәт сайын артып, тез жылап та қалатын.
Күні бойы сабақтан шаршап, ерте жатып қалған Балым түннің бір уағында соғылған қоңыраудан селт етіп оянды. Телефон бетіндегі есімді көріп ұйқысы шәйдай ашылып, жүрегі дүрсілдей кетті.бұл Арман еді...
Бастапқы да қуана алуға асыққан Балым соңғы сәтте әлгі хабарлама есіне түсіп, бірден мұңайып қалды. Соңына дейін қоңырау соққан Арман артынан хабарлама жазды: «Сәлем. Ұйықтап қалдың ба? Телефон алшы, өтінемін»
Хабарламаны оқып, шыдай алмай кеткен Балым әрең телефонды алды. Айтары көп болса да, тілі айналмай ештеңе дей алмай тек үнсіз тыңдап тұра берді.

- Сәлем, білем маған ашулысың. Кешірші. Бірақ бұл жерде сенің түк кінәң жоқ. Бәріне мен кінәлімін. Махаббат пен достықтан шатасып кеткендеймін.
- Сонымен кім досың, кім махаббатың екен?
- .....
- Неге үнсіз қалдың?
- Ертең кездесейікші. Бәрін отырып сөйлесейік.
Биыл Алматы күзі қаһарлы. Қыс ертерек түсіп, қар да жауып қалды. Сайрам автовокзалы жаныдағы саябаққа шақырған кездесуге Балым уақытылы келді. Көлге қарап Арман күтіп тұр екен. Екеуі тек үнсіз ғана Алатауға қарап біраз тұрды. Тыныштықты Арман өзі бұзып, әңгімені бастады.
- Иә, менікі дұрыс емес.Мадина екеуміз үш жыл осы қалада қол ұстасып жүрдік. Үйленуді де жоспарладық. Бірақ.... Бәрі де бір сәәтте өзгерді. Сені алғаш сол ота кезінде түсімде көргелі менен маза кетті. Одан дәлізде көрдім. Сөйлестік. Мойындаймын, ұнаттым. Дәл сол сәтте Мадинамен қарым-қатынасымыз да нашар еді. Жиі ренжісіп, дұрыс сөйлеспей де жүр едік.
- Қазір ше?
- Қазір.... Қазір бәрі бітті,- деп күрсінген Арман Балымға қарады. Мен бұл қалаға босқа келмедім. Барлығына қарсы шығып өзіңді іздеп келдім. Егер бар шындықты білген соң, мені кешіріп, бұдан әрі бірге менің жанымда жүруге дайын болсаң, міне менің қолым,- деп қолын ұсынды.
Ойланып тұрып қалған Балым болса:
- Бір рет бір қыздың сезімін бағаламаған жігіт, екінші қыздың қадіріне жете ме? – деп көзіне тіке қарады. Бұл көзқараста өзіне деген үлкен сенімсіздікті байқаған жігіт «олай жасамашы» дегендей басын қимылдатты. Мен саған сене алмаймын. Қош бол,- деген Балым теріс қарап жүріп кетті.

Дәл сол сәтте жүрегі қарс айрылып, сүйгенінен мәңгілік айрылып жатқандай күй кешкен қыздың жанарынан жасы тамшылап бара жатыр. Ішкі сезімдері арпалысып, таңдауының дұрыс я бұрыстығын талдай алмай жатқандай. Әр қадам сайын аяғын басуы мұң болып, жүрегі тоқтап қалардай соғуда. Сезімі өзіне бағынбай, дереу сүйгенінің құшағына асылуға асықтай...
Дегенмен қыз намысы жібермей әр қадамын әлсін-әлсін басып барады. бірақ жүрек құрғыр «Тоқтатшы, құшағыңа алшы» деп жатқандай еді....
Сәт сайын қадамы баяулаған қыз бір уақытта жүрегін ұстай отырып қалды. Әр қадамына үзіле қарап тұрған Арман дереу қызға жақындап, құшағына басып, кешірім сұрады.
Жүрегі ақылына бағынбай сезім алдында әлсіздік танытқан Балым Арманды кешірді. Осы күннен бастап екеуі махаббатқа мас болған ғажап күндерді бастан кешті. Алғашқы уақытта бір-бірін ынтыға іздеп, сәт сайын махаббаттары артқанымен уақыт өте болар-болмасқа қызғаныш, реніш бұл жұпта да көбейе бастады.
Қанша реніш болса да, тез қайтатын Балым кейде Арманның шектен тыс қызғанышына шыдай алмай кететін. Тіпті соңғы кезде сабағына да әсер етіп, бағалары төмендеп бара жатыр еді. Бұл туралы Арманға айтса, ол кейдее еш түсінгісі келмейтін. Сүйгенінің көңілінен шығамын деп әбден қажыған Балымға соңғы кезде бәрібір болып кетті. Күнделікті ұрыс-керіс көбейіп, реніштер еш бітпей қойған соң, ашумен «Бәрі бітті» деген Балымның тілегі де тез қабыл болып, Арман үш күн хабарсыз кетті. Алғашқы күні тыныштықта сабағына дайындалып, күні еш алаңсыз өткенімен, екінші күні біртүрлі өзін жалғыз сеезінген жас қыз Арманға жазуға бекінді де, өзін әрең тоқтатты. Ал үшінші күні шыдай алмай хабарласқан еді, селқос жауап берген жігіт сосын өзім жазам деп өшіріп қойды.

Сергелдеңге түскен бұл сезім алаулап жанғанымен оның ендігі бұрынғыдай жанбасы анық еді. Арман екеуі дәл осылай бірнеше рет ұрысып, қайта жарасып жүргенде тағы бір хабар естіді. Арманның анасы Мадинаға құда түспекші еді. Бұл жаңалық қызға өте ауыр тиді. Сүйгенінен мәңгілік айрылысуға жүрегі дайын емес еді. Сондықтан барынша Арманды өзіне қалдыруға да тырысты.
- Мен анамның қалауынан аса алмаймын. Айып етпеші.... Сен әлі-ақ бақытты боласың,-деген жігіт сөзі бұл үмітін мәңгілікке сөндірген еді.
Күні-түні жылап, махаббаттан әбден көңілі қалған Балым Арманды мәңгілікке ұмытуға бекінді. Бар назарын сабағына аударып, сол бір сәттерді ойламауға тырысты.
Дегенмен енді ұмыта бастадым дегенде Арман тағы оралды. Қайта-қайта хабарласып, кешірім сұрап жүріп, қыздың жүрегін тағы да жібітіп алды. Ортадағы салқындықты екеуі қанша жоямын десе де, бұл махаббат дастаны біресе бар болып, біресе жоқ болып өзіне де түсініксіз күйде әлі де жүруде...
Бәрінен шаршаған Балым соңғы сәтте өзі тоқтатып, телефон нөмірін ауыстырып жоқ болып кетті. Осылай бұл үштікке нүкте қойғандай болды. Дегенмен жазғы демалысқа шығып, ауылына келген қызды Арман еркінен тыс алып қашып, үйленді. Қанша өкпелеп жүрсе де, сүйгені болғаны үшін көніп қала берген Балым үшін алдағы өмірі жұмбақ еді...
Иә, махаббат бар жерде сенім бірге жүру керек. Екі адам бір-біріне сенбесе, шынайы адалдықпен аяламаса бұл махаббаттан қадір кетеді. Балымға бар уәдесін берген Арманның ендігі қадамы тек қана адалдықпен ұштассын. Ешқашан отбасына қиянат жасамай, тек бақытты жанұя болсын деген тілекпен кезекті жазбамды тәмамдадым. Жастар бақытты болсын. Өткеннен сабақ алып, алдағы бар ғұмырын тек татулықпен өткізсін дегім келеді.

Соңы

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан 

Дереккөз: el24kz