Фариза Амангелдіқызы
Байтөре ағамыздың бүгінде баяғыдай қарқыны жоқ. Жасы енді 40-тан асса да, екі беті қуарып, көзі шүңірейіп ішіне кіріп кеткен. Қолындағы таяғымен жер шұқып күн ұзаққа үй жанында сəкіде отырады.
Оған не кемпірі, не ұл-қыздары өткен өмірін бетіне баспайды, ол өзін осындай жазаға лайық деп тапты. Күнде-күнде өткенін көз алдына келтіріп, алдымен, Алладан, одан соң бақилық болған əйелі мен "əке" деп асты-үстіне түсетін перзенттерінен іштей кешірім сұрайды.
Бүгін тағы да əдеттегідей сəкіде отырып, өткен өмірін көз алдына елестетті...
Байтөре нағыз сымбатты жігіт болып өсті. Ауылдың қыздарының да арманы осы. Мектепте бұған ғашық болмаған қыз жоқ еді. Екі қыздың басы қосыла қалса Байтөренің сымбатын айтып қиялдайтын.
Сымбатты жігіт сезбейді емес, сезеді бəрін. Сол үшін де маңғаздана басып жүруші еді. Өзіне тоқ əулеттен шыққаны тағы бар, сымбатты жігіттің қай қыз болмасын жары болуды армандайтын. Солай жүріп соңғы оқу жылына аяқ басты. Жігіт шырақ қыздарға көз қырын салмайтын.
Күздің алғашқы айларында, мектепке, Байтөренің сыныбына қаладан жаңа оқушы қыз келді. Өзі əппақ аққудай, сұп-сұлу, ұзын шашы беліне түскен, майысып келіп бірінші партаға отырды. Бүгін қас қылғанда Байтөре сабаққа келмеген. Ол сымбаты мен əкесінің ақшасына сеніп мектепке қаласа келетін, қаламаса келмейтін.
Білдей бір заводтың иесінің баласы болған соң, мұғалімдер де соның сөзін сөйлейтін. Ауылда еш қызық жоқ, кешке анда-санда ашылатын клуб та бір ай бұрын өртеніп кетті. Кешке жігіттер шығып əр көшенің басында жиылып отыруды əдетке айналдырды. Əдеттегідей кешкі асын асығыс ішіп, жеңіл күртесін иығына жүре ілді де, кеш келем дегенді айтып шығып кетті. Достары қақпа алдынан күтіп алды. Көшенің бас жағына қарай аяңдады.
- Иə, айта беріңдер, не қызықтар болып жатыр əлемде. Мен екі күн сабаққа бармадым.

- Баруың керек еді сол Төре (достары осылай атайтын ). Бүгін қаладан жаңа оқушы келді. Нағыз сұлудың өзі. Дəл сенің ойыңдағыдай... - деп жағымпаз досы сөйлеп бастап еді,
- Жə, қойшей, қашан қыздың артынан жүгіріп едім, олар жүгірсін менің артымнан! - деп бұрылып көк шөпке отыра кетті. Үнсіздік. Біраздан соң үнсіздікті Төренің өзі бұзды:
- Ертең барам сабаққа, көрерміз,- деп миығынан күліп қойды. Дабырласып барлығы қайта əңгімеге көшті. Түн ортасынан ауа үйлеріне тарасты. Ертеңіне қанша ұйқысы қанбаса да, қаланың сұлуын көру үшін оқушылар түгел сабаққа келді. Тастаңыз басып Төре де кіріп келді де, Айнаштың жанына отыра кетті.
- Ал, айта отыр, біздің ауылымызға неге құмарта қалдың? Əлде қалада аштық жарияланды ма?
- Сəлем! Алдымен амандасуды үйренсеңші. Сенің ауылыңа келгім келгені шамалы, əкемнің жұмыс бабымен тек бір жылға келдік. Ұнатпасаң да шыдауыңа тура келеді, - деді де Айнаш келесі партаға жайғасты. Өмірінде жан баласы бетіне келмеген Төре екі беті дуылдап, құлағының ұшына дейін қызарып, сөз таба алмай тістеніп отырып қалды.
⠀Ол кездері 10 жылдық мектептер болатын. Бітіруші сынып 10-сынып еді. Осы оқыған 10 жыл ішінде Төреге бір адам бұлай бетіне келмеген. Əбден молшылыққа үйренген, басынан сөз асырмайтын маңғаз жігіттің бір-ақ сәтте қалалық қыз сазайын берді. Сыныпты зілді үнсіздік басқан. Мұғалім келіп сабақ бастағанда ғана ара-кідік екеу-ара сыбыр-күбір басталды. Сабақ аяқталып оқушылар үйлеріне тарасты. Төре қалалық сылқымның артынан барғалы тұрды да, бұл ойынан тез айныды. Сөйтсе де, жүгіртегінің біреуін шақырды да, қай үйге көшіп келгенін анықтауды тапсырды. Ішінен: тұра тұр бəлем, аяғыма жалынып кешірім сұрайсың əлі-ақ,- деді тістеніп.

Кешке тағы көшеге шықты. Достарымен əңгіме арасында Айнаш та кетті. Бəрінің ішінде бір сезім бар. Сұлу қыз бəрінің назарын алып үлгерген еді. Бірақ ешқайсысы батып айта алмайды. Тек Төре ғана ешқандай сезімсіз. Оның бар ойы, қалай жалындырсам екен дегені еді. Сол ойымен үйіне қайтты. Тіпті түсінде де соны көріп шықты. Сылқым қызды күнде көре берген соң ба, Төренің ызасы да тарқай бастады. Керісінше, Айнашпен уақыты тез өтіп кете беретін болды. Сөйтіп жүріп қылышын сүйретіп қыс келді. Екеуін бірге көру жиілей берді. Достары да Төренің бұлай өзгергеніне қуанды. Құлақтары тынышталды. Ал қыздардың ішін қызғаныш өртеп барады. Солай бір-біріне ыза-кекпен басталған таныстық көктем шыға бере махаббатқа ұласты. Тіпті, мектепті аяқтай сала үйленемін деп түйді. Айнашқа өліп-өшіп ғашықпын деген Төре ата-анасының қалада дайындап қойған оқуынан да бас тартты. Көктемнің аяғына таман, оқу аяқталар кезде Айнаштың əкесінің іссапары аяқталып, қалаға қайтатын болды. Бірақ қызының оқуына бола 2 аптаға қалды. Қалаға қайтатынын естіген Айнаштан маза кете бастады.
Екеуі бірге мектептен келе жатып ұзақ сөйлесті.
- Біз қайтатын болдық Төре.
- Білем... Үйленейікші.
- Жындысың ба біз əле кішкентаймыз ғой.
- Не бопты. Мектепті бітірді деген ер жетті - бой жетті дегені ғой.
- Сонда да... Əкем рұқсатын бермейді.
- Менің əкем алдына барса бермей қайда барады, - деп мұрнын шүйірді.
Екі жасөспірім солай ақылдасты да, үйлеріне тарады. Байтөре əкесіне үйленетінін айтқанда əкесі ішек-сілесі қата күлді.
- Боқмұрын, алдымен оқу оқып, менің жұмысымды жалға одан соң көрерміз, - деді. Анасы да, осы ойда еді. Бірақ Байтөре табан тіреп тұрып алды. Айнашсыз өмір сүре алмайтынын. Олар қалаға кеткелі жатқанын айтып, қалай да үйленетінін жеткізді. Шолжаң жігіттің айтқаны əрқашан болған жəне бола бермек. Ақыры ата-анасын көндіріп Айнаштың үйіне қыз айттырып жіберетін болды. Мектеп аяқталған соң, Айнаштар қалаға кетті. Артынша ізінше суытпай Байтөренің ата-анасы бір-екі туысын алып қалаға қарай тартты. Не керек, білдей бір заводтың бастығына қызы келін болса жаман ба, əкесі рұқсатын беріп, сол жылдың жазында-ақ əле бұғанасы қатпаған екі жасөспірімнің некесі қиылды. Кəде-сый, жөн-жоралғының бəрі болып, той да өтті. Айнаштың екі езуі құлағында. Даңғарадай дəу үйде майысып шəй құйып отыр. Алдағы өмірін, болашағын Төресімен бірге елестетіп қояды. Ал Байтөре болса, сондай сұлу қызды келіншегі еткеніне мəз. Бірақ ішіндегі алаулаған сезімі өткінші екенін, аз уақытта су сепкендей басыларын білмеген де еді. Бұл кезде екі жастың сыныптастары арман қуып қалаға оқуға, оқымағаны ауылда жұмысқа орналасып жатыр еді…

Барлық сыныптастары өз жолдарымен оқу-жұмысқа кетіп жатқанына қызыққан Байтөре, ыстық-суығы басылмай-ақ ойын өзгерте бастады. Сыныптастарымнан қаламын ба сонда, мен де оқимын деп тағы да дегенін істетпекші. Көздері мөлдіреп Айнаш:
- Төре, мен ше. Сен кетсең мен не істеймін? - деді.
- Не істеймін дегенің не? Үйде боласың. Əке-шешеме ас-ауқатты кім береді? Сені не үшін келін қылды онда? - деді түрі бұзылып.
- Сен ешқайда кетпеймін, ауылда боламыз. Үйленген соң əкемнің заводын басқарамын дегенің қайда?
- Енді оны басқару үшін де білім керек шығар? Əлде, менімен оқыған боқмұрындар қалада шіреніп студент атанып жүргенде, мен бишара боп ауылда дым көрмей жүргенімді қалайсың ба?
- Онда мен де сенімен бірге кетемін.
- Көп сөйлеме. Не бар саған қалада? Онсыз да қаланың қызысың, ол жақтың бəрін жатқа білесің. Қысқасы, əңгіме бітті! Ертең жолға шығамын, заттарымды дайында,- деді де шығып кетті. Айнаш жылап бөлмесінен шықпай қойды. Онсыз да жап-жас қылып алғанына, оның үстіне өзі таңдап алмағанына ызалы жүрген ене келінінің мына жатысын аса жақтыра қоймады. Ол баласының қалада оқығанын əу бастан қалап еді. Енді іштей қуанып жүр. Есіктің сыртынан айқайды басты.
- Айттым мен, жап-жас қылып қатын алма деп. Кесемізді ағартпайды бұл. Анасының сүті кетпеген əле аузынан. Не тірлік істеуді білмейді, не байдың айтқанын тыңдағанды білмейді. Айнаш бишара күйде сүйретіліп шықты да:
- Апа, мен де барайыншы Төремен, - деді.
- Немене? Қайда бармақшысың? Менің балам үйлендім екен деп енді оқымауы керек пе? Əлде өмір бойы сенің етегіңнің астында өмір сүруі керек пе? Қалаға барып оқиды!
Мұны естіген Айнаш көздері мөлдіреп жылап жіберді.
- Неге жылап тұрсың? Не соғысқа кеткелі жатыр ма? Келіп тұрады ауылға.

Солай үйленгендеріне екі ай толғанда Байтөре қалаға кетті де, Айнаш ата-ененің қолында қалды. Сол кеткеннен қыста бір-ақ келді. Баяғыдай емес, салқын жүзді. Айнашқа деген өліп-өшкен сезімі де жоқ. Айнаш болса, бар тəттісін, жылы-жұмсағын алдына тосып, бәйек боп жүр. Оны шақты күн өткен соң, Төре қайтадан қалаға жинала бастады. Оқуы басталады екен. Айнаш тағы жалғыз қалды. Ененің қатулы қабағын бағып, қайынатаның менменшіл мінезіне шыдап жүріп жаз да келді. Төре алғашқы оқу жылын аяқтап қайтты. Екеуі екі жақта өмір сүргенге еті үйреніп кетті ме, əлде, көзден кетсе көңілден де кетедіге сайыды ма, əйтеуір Айнаш Төренің келгенін қыстағыдай құрақ ұша қарсы алмады. Бірақ, Төре қуанышты еді. Неге екенін қайдам, Айнаш Төренің бұл түрінен секем ала бастады.
- Неге сонша қуаныштысың? - Е қуанышты болмағанда ше, өз үйімізге келдік қой. Қаладан да жалығады екенсің-ей.
- Мейлі ендеше. Біраз жатып дем ал, кешке керемет жаңалық айтамын.
- О не? Қазір айта салсаңшы. - Жарайды. Айнаш Төренің мойнына нəзік қолдарын айқастыра салды да, құлағына сыбырлады :
- Сен не көзің көрмей қалған ба? Ішімді неге байқамайсың?
- Бəсе, сені неге семіріп кеткен десем, аяғың ауыр ма не? - деп тыжырынды. - Неге қуанбадың Төре?
- Сенің есің дұрыс па? Біз əле жаспыз ғой.
- Үйленбей тұрып айттым ғой мен саған, жаспыз деп. Тыңдадың ба мені сол кезде?
- Болды, өзім шаршап келгенде миымды жеме, - деп теріс бұрылып жатып қалды…

Көңілі су сепкендей басылған Айнаш, не дерін білмей тұрып қалды. Ата-енесінің қуанышын көрмеген соң, бар үмітін Төреден күтіп еді. Оның да қуанғаны шамалы. Жазғы демалысқа келгелі Төренің күні де, түні де қыдырумен өтті. Ақырындап, ауыл ішінде сыбыр-күбір көбейе бастады. Бəрі Төренің жеңіл жүрісін əңгіме етіп, Айнашқа жаны ашып жатты. Бұл əңгіме бірақ күні Айнаштың да құлағына жетті. Бірақ Айнаш ештеңе қарамай, Төреге шаң жуытпады. Өз көзімен көрмеген соң, ондай жамандыққа қиғысы келмеді. Кешке дастархан басында сұрағысы келді де, қайта айнып қалды. Кешкісін сөйлесемін ғой деп қоя салды. Кешке тағы қыдыруға шықпақшы болған Төрені қолынан ұстап тартып тоқтатқан Айнаш, бөлмесіне шақырды. Ішке кірген соң жайғасып отырды да, сол əңгіменің шетін шығарды.
- Оны кім айтып жүр саған?
- Бүкіл ауыл айтып жүр ғой.
- Айтса сене бересің бе?
- Енді, бəрі...
- Қойшы ей басымды ауыртпай, - деп басында мойындамады.
Əрі-бері қыспақтап көріп еді, ашуы келген Төре:
- Сенің не шаруаң бар осы, жүрсем не бопты? Не, жүрмей жүрген еркек бар ма? Бəрі жүреді. Жұмысың болмасын!- деді де есікті тарс жапты да, шығып кетті. Басында əзілдеп əдейі қасарысып айтты деп ойлады. Күндер осылай өте берді. Күзде Төре оқуға жиналғанда Айнаш та қалаға төркініне барып қайтатын болды. Қуанышында шек жоқ. Ай-күні жетіп отырса да, біраз күнге барып келетін болды. Солай екеуі жолға шықты. Қалаға келген соң Айнашты төркініне тастап, өзі тағы жөніне кетті. Сол кеткеннен мүлде хабар алмады. Айнаш төркінінде болған соң аса мəн бере қоймады. Біраз күннен соң, жалғыз өзі ауылға қайтты. Қайтарда да келіп хабар алмады. Ауылға келіп қайта жабырқау күй кешті... Солай жүргенде шекесі торсықтай ұл тапты. Мұндай қуанышты да, қиналған сәтінде Төре əдеттегідей жанында болмады. Босанып болған соң оқу орнына телеграмма жіберу арқылы ауылға алдырды. Ол кезде телефон деген жоқ. Осылай хат-телеграмма арқылы хабар білісетін.

Жалғасы бар…