Арсызға өзіңнің арлы екеніңді дəлелдеудің еш қажеті жоқ. Арсыз өзі арлыны көріп ұялмаса, онда оған сөз өтпейді.
*
Өсекшінің тірлігі - адамдар арасында араздық тудыру. Өсекшіні жұрт атын айтпай таниды. Өсекші екенін анық біледі. Түсінбейтінім, өздері біле тұра өсекшінің сөзін тыңдайды. Өсекшінің сөзіне құлақ қояды. Бəрінен де ең дұрысы- өсекшінің өсегіне құлақ қойма. Сонда араздықта болмайды.
*
Өсекті айтатын еркек - еркекпін деуге қақы жоқ.
*
Өсек - күнəнің басы, арсыздықтың шегі. Өсекші - арсыз адам.
*
Өсекшіден дос шықпайды, өсекші - өсектің ұят екенін ұқпайды.
Түрік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы