Танымал телерадио жүргізушісі Аман Тасыған, жаңа жобасына"Қалаулымдағы" Замираны алып шығу себебін,анайы сұрақты не үшін қойғанын айтып берді.
Жаңа –жылдан бастап жаңа жоба,жаңа канал- "Talk Like AMAN TASYGANMEN" көрерменге жол тартты.Бұл қандай жоба?
- Біз мойындамауға тырысып бақсақ та,ғаламтор ғасырында өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан ғаламторды қолданушылар әзір өте көп.Телеарна немесе радио арқылы шығып жатқан сәтті бағдарламаларды жастар арнадан емес,ғаламтордан қарайды.Сол себепті ғаламтор қолданушыларына арнап,қалтамнан қаражат шығарып «TALK LiKE» жобасын ұсынуға кірістім.Әзіргі уақытта жастар елге еңбегі сіңген,әдебиетте, өнерде,спортта тер төккен ағаларымызды танымай жатқан кезде өкінесің.Ал, аға буын жастардың үздіктерін мойындамайды және танымайды.Буын арасындағы алшақтықты жақындату мақсатында осындай қадамға барғым келді.Жоспар бойынша жобаның басы қатты,аяғы сәтті әрі тәтті болады.
Бірінші қонағыңызға «Қалаулым»да жүрген Замираны не үшін таңдадыңыз?
-Алғашқы қонақ Замира болуының себебі.Мойындайық, мойындамайық әзіргі қоғамға Замираның немесе Замира секілді сұлулардың өмірі қызық болып тұр.Замираның көрермені келесі қонақтарымдікінен көп.Алдымен аудитория жасақтап алмасақ,жақсы жігіттер мен қыздардың ақылды әңгімелері ауаға кетіп қалады.Сондықтан алғашқы қонақ Замира сұлу болды.Жалпы Замирада жаман қыз емес.
-Бұл жүйелі жасалған қара пиар ма?Замира сияқтылардан «мега жұлдыз» жасау,көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр.Сіздің айтар жауабыңыз?
- Бұл жүйелі әрі жоспарлы түрде жасалып отырған қадам.Замира маған дейін жұлдыз болған ару.Мен радиода алты жыл,телеарнада төрт жыл бағдарламаларды жүргізсем де, жарты жыл жұрт алдында жүрген Замирадай танымал емеспін.Келер апталардағы ойлары орамды меймандарымда Замирадай аса қатты танылған жандар емес.Сондықтан сәтті шыққан пиар болды деп бағамдаймын
- Замираны алып шығуда қандай мақсат көздедіңіз?
- Ол кім? Деген сұраққа жауап іздедім
-Тосынан қойылатын сұрақтар арқылы ,кейіпкерді ойлануға мұршасын келтірмей,барынша шынайы келбетін ашу ма ?Әлде ешкімге ашпаған жан сырына үңілу ме?
- Құпиясын қопару басты мақсат емес,құпиялары қолға түсіп жатса тіпті жақсы.Адаммен адам секілді әңгімелескім келеді.Көп жағдайда телеарна немесе радиоға барған кезде көп жандар қысылып қалып жатады.Жан жағыңнан төнген техника мен түнерген телемамандардың алдына жақсы жандар ашылғысы келмейді.Ал мұнда емен жарқын көңіл күй мен шынайы әрі анайы әңгіме бар.
-Өзіңіз айтпақшы «ұятсыз сұрақтар »қою арқылы халықтың көз –қарасын өзгертіп алудан қорықпайсыз ба?
- Елдің бәрі мені жақсы көруге міндетті емес.Мен ешкімге ренжімеймін,өйткені пікірі бар адамды құрметтеймін.Олар батыл адамдар.Негізі пікірі жоқ жандар қауіпті.Менің жақсы жағымды көргісі келетіндер болса мемлекеттің ақшасына жасап жатқан телеарна мен радиодағы еңбегімді көрсін.Егер мені жек көргісі келетіндер болса ютуб арнасындағы қалтамнан шыққан қаражатқа әзірлеген бағдарламаларымды қарасын.Құрметті көрермендер мен тыңдармандар ешқашан саналарыңызда пендеден періште жасамаңыздаршы.Әнші,спорты,жазушы,актер,журналист біздер бәріміз боқ көтерген пенделерміз.Жақсы жағын жарнамалап,жаман жағын жасырып жүрген мықтылар өте көп,мен олардай екі жүзді болғым келмейді.Қарапайымдылық пен шынайылық менің қанымда бар қасиет
-Сұхбатымызға уақыт тауып жауап бергеніңіз үшін көп рақмет
- Сіздерге рақмет.Ақ қарасын анықтауға тырысатын журналистер аз қалды.Көбі шала ақпаратты таратуға асығып жүрген әріптестерім.Шеттеріңізден, сүйдім беттеріңізден!Жұмысыңыз жемісті болсын.