14 наурыз Батыс өңірінде «Көрісу күні» деп сақталып қалған дәстүр.Қазақстан бойынша күн мен түннің теңесуі наурыздың 21-нен,22-не қараған түні ,жыл жаңарады деп есептесе,Батыстықтар бұл күнді 14-нен бастайды.
Бұл күні,ерте тұрып елең –алаңнан жасы кішілер,жасы үлкендердің қолын алып, құшақтасып көріседі.Оның астарында,қыстан аман –есен шықтық,жыл жаңарды,жылдан –жылға ,аман –есен жете берейік деген тәрбиелік ұғым бар.
Бұл күні тек көрісіп қоймайды.Сонымен бірге ренжісіп қалғандар болса,бар ренішті ұмытып,татуласып жатады.Қайынаға, қайын атамен жас келіндер қол алысып көріспейді.Оларға тек ізетпен иіліп сәлем салады.Бұл жасы үлкендерге деген сыйластықты,ізеттілікті білдіреді.
Көрісу күні,тек бір күнмен шектеліп қалмайды.Ол наурыз айы бойы жалғаса береді.Әр үйде жеті түрлі тағам салынған,наурыз көже пісіріліп,ақтан дәм татып,жылдың берекелі болуын тілеп,ақ мол болсын деп жас үлкендер бата жасайды.
«Жасың құтты болсын!» «Ұлыс оң болсын!» деп жасы үлкендер көрісе барғандарға бата береді.