Қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, күніне бір неше көлік маторларын ашып жабатынын, 2015-2016- жылғы көліктердің авариялық жағдайына қарамай әлі де болса бір отбасын асырап отырғанын жазады өз парақшасында, фейсбук әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы Мәлік Орақов :
«Кез-келгенін тексерсе артқы екі дөңгелегінің тежегіші істемейтіні анық. "Ручной тормозды" айтпаса да болады.
Ал, билік утильалым мен алғашқы төлемді алып тастайтын түрлері жоқ. Жарақты машинаға қолы жетпей, апатты жағдайдағы көлікке мінген халық, қырылып жатыр...» дейді ол өз сөзінде.
Утильсбор
«Бұл менің кәсібіме тікелей қатысты. Көлік жөндейтін болған соң, маған неше түрлі моторы бұзылған машиналар келеді.
Шыны керек Қазақстандағы машиналар тозып бітті. Кемі 50-60% ы сын көтермейтін шығар.
Тіпті 2015-16 жылғы Киа, Хундайлардың, 2013-14 жылғы Камрилардың моторына толық жөндеу жүргізіп жүрмін.
Екі күн бұрын 95-жылғы Ниссанның моторын жөндеп шығарсам, бүгін 90-жылғы Опель-Омега келді. Бұл көлікті жөндеуге әкелем дегеніне, жиырма шақты күн болды. Сол келгенде, үшінші цилиндрдің клапаны жанып кеткен еді. "Бір семьяны асырап отыр,аға. Екі күнде шығарып берші"деп өтініш айтқан. Хабарсыз кеткеніне қарап, басқа жерге жөндеткен шығар десем...ремонтқа ақша жинапты. Сонда үш цилиндрмен бір ай жүргенде, бензинді екі есе жақты ғой...
Мың рет ашып-жапқаннан резбасы кеткен болт-гайка. Үзілейін деп тұрған, жартылай жалаңаш проводтар. Әбден қызып, қатып қалған потрубка...
Капотын ашқаннан сыбасқан майды көріп, қаралай жиіркенесің ғой...
Осындай көліктер өте көп. Бәрі де авариялық жағдайда тұр. Кез-келгенін тексерсе артқы екі дөңгелегінің тежегіші істемейтіні анық. "Ручной тормозды" айтпаса да болады.
Ал, билік утильалым мен алғашқы төлемді алып тастайтын түрлері жоқ.
Жарақты машинаға қолы жетпей, апатты жағдайдағы көлікке мінген халық, қырылып жатыр…»
Естеріңізге сала кетсек , шетелде өндірілген көліктерге белгіленген утилизациялық алым мөлшерін 50 пайызға дейін азайту жөнінде шешім қабылданған болатын.Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлемесі қашан күшіне енетінін әзірге білгісіз.
Кеше ғана Ақтөбеде жантүршігерлік жолапаты болып, үш бала тірідей жанып кетті.Әкесі жан сақтау бөлімінде қайтыс болған болатын...