Бүгін елде Жалпыұлттық аза тұту күні.Еліміздегі барлық ту төмен түсірілді...

Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан қаза болғандар саны 35-ке жетті. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады- деп жазады  el24.kz тілшісі.


Үкімет шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көрсетілетін көмек шараларын бекітті. Костенко шахтасында қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелеріне көрсетілетін көмек:

◾️компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;
◾️моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;
◾️асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);
◾️Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;
◾️қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
◾️жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;
◾️жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;
◾️қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;
◾️23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;
◾️қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;
◾️үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.