Алаяқтар банк қосымшасы арқылы қазақстандықтарға салық берешегі туралы жалған хабарлама жіберіп жатыр,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Казіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенділік танытып, «Каспий банктің мобильді қосымшасы» арқылы жалған хабарламалар жіберіп жатыр. Салық міндеттемесін орындау туралы мына мазмұндағы ақпарат таралып жатыр: «Төлеу» қойындысымен «Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды»
Оны басқан кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдер растаусыз ақша есептен шығарылады. Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражатты рұқсатсыз есептен шығаруды болдырмау үшін, салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді келесі ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы нақтылап тексеруді ұсынады: - «Каспи банкі» АҚ («Барлық төлемдер» сервисінде →«Айыппұлдаржәне салықтар» →«Салықтар»→«Салықберешегінтөлеу» →«Тексеру»); - «Халык банкі» («Барлық төлемдер» сервисінде →«салықтар, айыппұлдар, ХҚКОқызметтері» →«Салықтар»→«Салықберешегінтөлеу (көлік, жержәнемүлік)» →«Тексеру»); - «e-Salyq Azamat» («Электронды сервистер» қойындысы →«Салықжәнеәлеуметтіктөлемдербойыншаберешектуралықызметі»→«ЖСН-дыенгізу» →«Іздеу»). «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдер бұл – әркімнің парызы және міндеті. Бұл ретте сақ болыңыздар, алаяқтарға алданып қалмаңыздар!», - деді департаменттен.