фото видеодан скриншот

Маңғыстау облысында жаңа жылдық мейрам қарсаңында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1000-нан астам полицияның кешенді күштері күшейтілген қызмет түріне жұмылдырылды.Бұл жөнінде  Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап el24.kz тілшісі хабарлайды.Жаңа жыл - отбасылық мереке болғанымен, тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында үздіксіз қызмет атқарды-деді ол.


Өңірде барлығы екі қала және 5 аудан орналасқан. Айта кетейік, бес ауданда барлығы 370 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Тәулік бойы қарқынды қызмет атқарудың нәтижесінде, жаңа жыл түнінде облысымызда Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған және Қарақия аудандарында ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Сондай-ақ, 102 кезекші арнасына да бірде-бір шақырту келіп түспеді.

Ал Ақтау, Жаңаөзен қалаларында полиция қызметкерлері 200-ден астам шақырту мен хабарламаларды қабылдап, жедел әрекет етті.

Ел күзетінде жүрген сақшылар өз қызметтерін күшейтілген режимде жалғастыруда. Жаңа жыл түні оқыс оқиға орын алған жоқ, өткізілген іс-шаралар полицияның жіті бақылауында болды.