фото скриншот видеодан

1-қаңтардан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды рәсімдей алады. Бұл үшін "Еурохаттама" арнайы мобильді қосымшасы әзірленді.Бұл жөнінде el24.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қосымшаның көмегімен жүргізушілер жол-көлік оқиғалары дерегін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. "Еурохаттама" арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеудің міндетті үш шарты бар:


1 қаңтардан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды рәсімдей алады. Бұл үшін "Еурохаттама" арнайы мобильді қосымшасы әзірленді.

1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік қана қатысқан кезде;

2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ, кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;

3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, бұл дегеніміз - 369 мың теңге.

"Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін мобильді телефонға "Еурохаттама" қосымшасын қосып алып, тіркеліп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек. Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді.

"Еурохаттаманың" артықшылығы неде? Біріншіден, азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс төмендейді.

Екіншіден, жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Үшіншіден, сақтандыру төлемінің мерзімі қысқарады. Бұрын 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді" - деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Тілекбаев.