el24.kz Атырау қаласының маңынан жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды. Бұл туралы жергілікті дереккөздер хабарлады.
Мәліметке сәйкес, марқұмдар – Наурыз бен Мирамгүл. Олардың денелері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданынан анықталған. Алдын ала деректер бойынша, мәйіттер уақытша тұрғын үйдің ауласына жасырын көмілген.
Дереккөздердің айтуынша, бұл үйде бұған дейін негізгі күдікті ретінде аталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс жасалғаннан кейін марқұмдардың денелері сол жерге жасырылған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған дерекке қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция әзірге бұл іске қатысты толық ресми ақпарат жариялаған жоқ. Тергеу аяқталғаннан кейін қосымша мәліметтер белгілі болады.
