«Нұр Отан» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың Республикалық конкурсын өткізеді

 

Конкурстың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы карикатуралар салу арқылы халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мен құқықтық мәдениетін жоғарылату, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыдан қолдан жасалған нұсқалар қабылданады.  Жұмыстар А3 форматындағы парақта әзірленуі қажет және міндетті түрде авторлық болуы тиіс.

Материалдарға жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды және партия оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау мақсатында қолдана алады.

Конкурстық жұмыстар конкурс туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 2017 жылғы 28 қарашаға дейін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына (Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 5-қабат, 511/3-кабинет, Партиялық бақылау департаментіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсы» белгісімен ұсынылады, байланыс телефоны: (8-7172-70-76-09).

Конкурс  қорытындылары 2017 жылғы 29 қарашада шығады.

Жеңімпаздары туралы ақпарат «Нұр Отан» партиясының сайтында орналастырылады.Жеңімпаздар салтанатты түрде марапаттау үшін «Нұр Отан» партияның аймақтық филиалына шақырылатын болады.

Конкурсқа қатысудың толық шарттары туралы ақпаратты алу «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Мұқаев Алмас Нұртілеуұлына жолығуларыңызды сұраймыз (205 кабинет, жұмыс телефоны: 8 (7282) 30-54-94).