Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы жалпыға ортақ оқу үшін танымал қазақ ақыны, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектері таңдалды. Жыл бойы кітапханамызда ақынның шығармалары мен өмірбаянына арналған шаралар өткізілген. 23 қарашада сол шаралардың қорытындысы есебінде «Біртуар асыл ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты поэзия кеші өтті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ мәдениетінде шынымен де өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Өзінің қысқа ғұмырында ол ұлт үшін көптеген маңызды жұмыстарды жасады. Ұлт мәдениетінің тарихынан өшпес орын алды. Ақын еркіндік тақырыбын жан-жақты баяндады. Ол өзінің шығармашылығын туған халқына арнады, қазақ өмірін жандандырудың жолдарын іздеді. Оның шығармалалары қазақ әдебиетінің қазынасына енгізілген, әдеби қордан ойып орын алды.
Кітап көрмесіне шолу жасалып, аталмыш тақырып бойынша өткен іс-шаралардың суреттері берілген слайд-шоу, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шағармашылығына арналған бейнематериялдар назарға ұсынылды. Іс-шараға келгендер атақты тұлғаның әдебиеті мен шығармашылығына ерекше қызығатынын білдіріп, жастар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жыл бойғы оқыған еңбектері бойынша пікір алмасты.
Кешке қатысушылар биыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектерінің таңдалып алынуы – үлкен мереке екенін атап өтіп, осындай шараларда ақынның шығармаларын насихаттау барысында көп мазмұнды ақпараттарға қанық болғандарына ризашылықтарын білдірді. Кешке 80-ге тарта жастар қатысты.