2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
el24.kz 7–8 қыркүйек түнінде әлем жұртшылығы сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәсі болды – Айдың толық тұтылуы. Бұл кезде Ай Жердің көлеңкесіне толығымен еніп, аспанда қып-қызыл түске боялды. Халық арасында мұндай көрініс ежелден «қанды Ай» деп аталған.
Алайда қазіргі ғылым мұның ешқандай жамандық нышаны емес екенін дәлелдеп отыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл – Жер атмосферасы мен Күн сәулесінің табиғи әсерінен туындайтын қалыпты астрономиялық құбылыс.
Ай неліктен қызыл түске боялады?
NASA зерттеушілерінің түсіндіруінше, Ай тұтылғанда ол мүлде қараңғыланып кетпейді. Оның себебі:
-
Күн сәулелері Жер атмосферасы арқылы өткенде толқын ұзындығы қысқа көк жарық шашырап кетеді;
-
Ал қызыл және қызғылт толқындар атмосфера арқылы өтеді де, Ай бетіне жетіп, оны қып-қызыл түске бояйды.
Бұл құбылысты Рэлей шашырауы (Rayleigh scattering) деп атайды. Дәл осы құбылыс күннің батар шағындағы қызыл түсін де түсіндіреді.
2025 жылғы тұтылудың ерекшелігі
-
Бұл жолғы толық тұтылу фазасы 82 минутқа созылды. Астрономдар мұны соңғы онжылдықтағы ең ұзақ толық лунарлық тұтылулардың бірі деп бағалауда.
-
Жалпы құбылыстың ұзақтығы – шамамен 5,5 сағат.
-
Қызыл Айды Азия, Африка, Еуропа және Австралияның көптеген елдері көре алды. Қазақстан аумағынан да айқын байқалды.
Ғалымдар не дейді?
-
NASA: Ай тұтылулары – толық қауіпсіз құбылыс. Оларды арнайы құралсыз, жай көзбен көруге болады.
-
National Geographic: Бұл құбылыс астрономдарға Жер атмосферасының шаң мен газ құрамын зерттеуге мүмкіндік береді. Айдың қызыл реңкі атмосферадағы шаң мен аэрозольдердің мөлшеріне тікелей байланысты.
-
Еуропалық Оңтүстік Обсерватория (ESO): Айдың тұтылу кезіндегі түсін зерттеу арқылы ғалымдар климаттық өзгерістер мен жанартаулардың әсерін де бақылай алады.
Тарихи түсініктер
Ежелгі дәуірлерде халықтар Айдың қызыл түске боялуын жамандықтың белгісі деп түсіндірген. Мысалы:
-
Қазақ халқы: «Ай тұтылса, соғыс не жұт болады» деп қорыққан.
-
Қытайда: Айды айдаһар жұтып қойды деп сенген.
-
Еуропада: мұндай құбылысты апаттың хабаршысы деп білген.
Бүгінде ғылым мұндай түсініктерді жоққа шығарып, Ай тұтылуын тек табиғи астрономиялық цикл деп түсіндіреді.
Келесі тұтылулар
NASA кестесіне сәйкес:
-
2026 жылғы 3 наурызда тағы бір толық Ай тұтылуы болады;
-
2025 жылғы қыркүйектегі тұтылу – Қазақстанда жақсы көрінетін ең есте қаларлық құбылыстардың бірі болып қалмақ.
2025 жылғы қыркүйектегі қызыл Ай тұтылуы – табиғаттың ғажайып көрінісі ғана емес, ғылым үшін де құнды зерттеу нысаны. Ол Жер атмосферасының жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.
Халық аңыздарында бұл құбылыс үреймен қабылданса да, қазіргі ғалымдар үшін ол – қорқыныш емес, ғажайып әрі қалыпты астрономиялық құбылыс.


1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
el24.kz Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс тағайындау тәжірибесі енгізіледі. Бұл өзгеріс қайталанатын және қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады.
Жаңа жаза кімдерге қолданылады
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық жұмыс мына жағдайларда тағайындалуы мүмкін:
Жол қозғалысы ережесін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзу;
Экстрен қызмет көліктеріне жол бермеу фактісін қайта қайталау;
Жаяу жүргіншілердің жол ережесін өрескел бұзып, зардап келтіруі;
Қоғамдық орындарда қайта-қайта ішімдік ішу, мас күйінде жүру;
Ұсақ бұзақылық және қоғамдық тыныштықты бұзу.
Жаза көлемі
Құқық бұзушылықтың түріне қарай қоғамдық жұмыс көлемі 12 сағаттан 100 сағатқа дейін белгіленеді. Мысалы, экстрен қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушіге 40 АЕК (шамамен 157 мың теңге) айыппұлдың орнына 20 сағат қоғамдық жұмыс берілуі мүмкін.
Мақсат – тәртіпті күшейту
Министрлік өкілдері бұл шараның мақсаты – айыппұл төлеу мүмкіндігі жоқ адамдарды қатаң жазалау емес, қайта оларды қоғамдық жұмыс арқылы жауапкершілікке тарту екенін атап өтті. Қоғамдық жұмыс арнайы белгісі бар киімде, тұрғындар көретін орындарда атқарылады.
Теріс қылықтың алдын алу құралы
Жаңа жаза түрі құқық бұзушылық деңгейін төмендетіп, азаматтардың тәртіпке бағынуына әсер етеді деп күтілуде. Қоғамдық жұмыс жазасын орындамаған жағдайда, ол әкімшілік қамауға ауыстырылуы мүмкін.


Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
el24.kz хабарлайды. Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты (БЖЗҚ) стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ресми түрде «Отбасы банк» мәлімдеді.
Неге тоқтатылды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, тіс емдеу саласында заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, жалған құжат рәсімдеу арқылы БЖЗҚ қаражатынан шамамен 200 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Осы себепті мемлекет аталған бағыттағы өтінімдерді қабылдауды уақытша доғаруға шешім қабылдады.
Өтінімдерге қатысты не белгілі?
-
15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер заңға сәйкес қаралып, өңделе береді.
-
15 қыркүйектен кейін жаңа өтінім қабылдау тоқтайды.
-
Өтінім қабылдаудың қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Азаматтарға ескерту
Мамандар азаматтарға жалған стоматологиялық қызмет ұсынатын ұйымдардан сақ болуды ескертеді. Бұған дейін кейбір клиникалар қызмет көрсетпей-ақ, тек құжат рәсімдеп, зейнетақы қаражатын заңсыз иемденген жағдайлар тіркелген.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен сұранысқа ие болғанымен, бақылаудың әлсіздігінен теріс пайдалану орын алған. Ендігі мақсат — тәртіпті күшейту және шынайы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету.


8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
el24.kz 8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл — мемлекет басшысының сегізінші жолдауы.
Оны Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды. Мұны Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.


Лудомания қасіреті: құмар ойынан қанша қазақстандық жапа шегуде?
Қазақстанда құмар ойынға тәуелділік – күн сайын мыңдаған адамның тағдырын тәлкекке түсіріп отырған әлеуметтік дерт. Ойынның шырмауына түскендер тек қаржысынан ғана емес, отбасынан, денсаулығынан, кейде тіпті өмірінен айрылуда. el24.kz тілшісі осы орайда сараптама жүргізіп, зерттеу жасады.
Ажырасулардың себебі – ойынқұмарлық
Ресми статистикада ажырасудың нақты себептері ашылмайды. Дегенмен, депутаттар мен мамандардың айтуынша, елімізде ажырасулардың 40 пайызына дейін құмар ойын тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл мәлімет ресми бекітілмесе де, қоғамдағы ахуалды көрсетіп отыр.
Суицид деректері алаңдатады
2024 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 2,1 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оның қаншасы лудомания құрбаны екені бөлек көрсетілмейді. Кей ақпарат көздерінде «құмар ойынның кесірінен жыл сайын жүздеген адам суицид жасайды» деген деректер айтылады, бірақ ресми растауы жоқ.
350 мыңнан астам қазақстандық ойын тұзағында
Әртүрлі ашық дереккөздерге сенсек, елде 350 мыңнан 1 миллионға дейін адам құмар ойыннан зардап шегуде. Тек 2024 жылдың өзінде 130 мыңнан астам азамат eGov мобильді қосымшасы арқылы өздерін құмар ойындарға қатысудан ерікті түрде шектеген. Бұл – мәселенің қаншалықты ауқымды екенін айқын дәлелдейді.
Экономикалық айналым – 1 триллион теңгеден асады
Ойын бизнесінің жылдық қаржылық айналымы 1 триллион теңгеден астам деп бағалануда. Бұл бір жағынан саланың табысын көрсетсе, екінші жағынан – қоғамға түсіп жатқан ауыртпалықтың көлемін білдіреді.
Қорытынды
Лудомания – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Қаржыдан айырғанмен қоймай, отбасыларды ажыратуда, адамдарды тығырыққа тіреп, кейде өмірімен қоштасуға итермелеуде.
Көмек керек болса – хабарласыңыз!
111 – Ұлттық сенім телефоны (балалар мен жастарға арналған)
112 – Шұғыл қызметтер нөмірі
eGov mobile арқылы – құмар ойындарға қатысуды 6 айдан 10 жылға дейін ерікті түрде шектеу қызметі қолжетімді


Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды el24.kz тілішісі Polisia.kz.ке сілтеме жасап.
Жетісу облысында полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп киберқылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарын күшейтуде.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтық арқылы азаматтардың есепшоттарынан ұрланған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар ұйымдастырушы қолға түсті.
Тәртіп сақшылары Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. Тінту барысында күдіктіден iPhone 16 Pro ұялы телефоны, BMW X7 автокөлігі және шетелдік байланыс операторларына тиесілі төрт SIM-карта тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, күдікті OLX платформасында жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарға банк арқылы тауарлық несие рәсімдеуді ұсынған. Сенгіш адамдарды алдау арқылы ол дроповодтар мен дроптарды тартып, заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол қылған.
Қазіргі таңда қылмыстық істі Жетісу облыстық полиция департаментінің тәжірибелі мамандары тергеп жатыр. Өңір бойынша төрт жәбірленуші анықталды. Дегенмен тергеу жалғасуда, алаяқтық схемасының құрбандары Қазақстанның өзге аймақтарынан да әшкереленуі мүмкін.


Көк шайдың пайдасы қандай?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Көк шайдың денсаулыққа пайдасын жапондықтар мен қытайлықтар бірнеше жыл бұрын білген. Жұпар иісті сусын ағзамызға, сымбатымызға қаншалықты пайдалы?
Қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру керектігін ескертті
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті.
Қазақстанда жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат азаматтарға 2009 жылдан бастап беріліп келеді. Оның жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталатындықтан, ҚР ІІМ жеке куәлікті уақытылы ауыстыру туралы ескертті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Үш әйел алған түркістандық қария тағы үйленгісі келетінін айтты
- Подробности
- Категория: Сырласу
Түркістан облысы Жетісай ауданының 72 жастағы тұрғыны Сапаралы Серікбаев үш әйелінен он ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Үш шаңырақтың балаларын тату-тәтті ұстап отырған қария төртінші рет отбасын құруға қарсы емес. Сапаралы атайдың әкесі де кезінде үш әйел алып, 20 бала өсіргендіктен бұл отбасы "көп әйел" мәселесіне шошына қарамайды.
Аяқтан шығатын сасық иістен қалай арылуға болады
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Аяғыңыздағы сасық иістен арылудың бірнеше тиімді әдісін ұсынамыз. Төменде айтылған әдістерді үй жағдайында жасауға болады.
Астаналық жүргізушілер видеотіркегіш арқылы айына 260 мың теңге табыс таба алады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Астанада жүргізушілер видеотіркегіш арқылы айппұлдардан «табыс таба алады». Бұл ҚР Ішкі істер министрлігінің «ынталандыру» жүйесі енгізілгеннен кейін мүмкін болмақ.
2019 жыл Доңыз жылы деп аталмайтын болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Түрікменстан билігі Доңыз жылын тойлауға тыйым салды.
Еркек болсаңыз, екі рет тұрмыста болған келіншекті алар ма едіңіз?
- Подробности
- Категория: Сырласу
-
Құрметті оқырман, амансыздар ма! Сіздерден сұрайын дегенім, үшінші 3 рет тұрмысқа шығу дұрыс па? Егер еркек болсаңыз, 2 рет тұрмысқа шыққан қызды алар ма едіңіз? Мен бір қызды білем. Өзі былай жақсы қыз, қолы ашық, күліп жүреді əрі намысшыл.
Күшік бір ай бойы өртенген үйде өз иесін күткен
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Лабрадордың өрт пен дауылға қарамастан иесін күткені туралы құтқарушылар айтты.
Лабрадордың лақап аты – Мэдисон. Ормандағы өрт салдарынан Мэдисонды иелері дер кезінде алып кете алмаған.1 айға жуық уақыттан кейін оралған олар күшікті аман көргендеріне қуанып та таңырқады. Жануар қорғаушылар күшікті иелері келгенге дейін тамақтандырған.Мұз су
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Мұз ерісе су болатыны бәрімізге аян. Ендігі жерде осы тақырыптағы әңгіме барсында «еріген су» деген мағынада қолданайық. Еріген су — дәрі немес дәрумен емес. Еріген судың ағзамыздың өзін өзі басқаруына(реттеуге), зат алмасуды жақсартуға және әрбір жасаушалардың(клетка) өміршең болуына тигізер пайдасы зор.
Адамдардың түрін құбыжыққа айналдырған хирургті сотқа берді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Дәрігердің отасынан кейін кісі шошырлық кейіпке енген жәбірелнушілер оны лицензиясынан айыру үшін, суреттерін жариялады.
Науқастар түр-келбетін адам танымастай етіп, "құбыжыққа" айналдырған пластикалық хирургты сотқа берді. Ондаған жәбірленуші ажарлана түсі үшін және безеу тыртықтарын кетіру үшін арам ниетті дәрігерге сеніп қалған екен.Миға кері әсер ететін 10 нәрсе
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Ми − адам ағзасының ең басты мүшесі. Біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Ал бүгінгі таңда, яғни ХХI ғасырда мамандықтардың басым көпшілігі ақылды керек етеді. Сондықтан біз миымызды қорғауымыз керек. Алайда ақыл-ойымызға кері әсерін тигізетін әдеттер бар.
Сүйгенім неке төсегінде пәк болмай шықты…
- Подробности
- Категория: Сырласу
Әлеуметтік желіде жарияланған осы бір мақаланы оқып отырып, көзіме жас алдым. Өйткені төмендегі жай менің де басымнан өткен. Үйлене салып, ажырасқан жандардың бірі менмін.
Жынның тойында қызмет қылған музыкант
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Негізі жындар адамдар арасында өмір сүретін көрінеді. Олар да үйленіп, бала-шағалы болады екен. Бірақ оларды өлмейді деседі. Сонан соң олар адамдардың көзіне көріне бермейді.
Қайыр
- Подробности
- Категория: Проза
(Әңгіме)
Бақтыгүл АУДАНОВА
«А» класты бизнес ұшағының тұмсығы төмен тартып, жер бауырлай бастады. Қара көзілдірігін алып, иллюминаторға үңілгені сол, әлдене жарқ етіп көзін қарықтырды. Алғашқыда көзін аша алмай жұма қойды. Кейін қайта қарады. Батып бара жатқан күннің қызыл шуағына шағылысып әлдебір күмбез жарқырайды. Шіркеу екен деп ойлады. Қайта қарағанда үлкен күмбездің төрт тарапынан тағы төрт күмбез күнмен шағылысып жарқырай көрінді. Мешіт екенін ұқты. Керемет сәулет құрылысының төбесінен қарап таң қалды.
Страница 172 из 238
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
Соңғы жаңалықтар
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
- Ыстамбұлда экономикалық жағдайға байланысты наразылық өтті
- 2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Кейбір сауда орындарында никап, паранжа кигендерге кіруге тиым салынды
- Лудомания қасіреті: құмар ойынан қанша қазақстандық жапа шегуде?
- Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы: түсірілімдер Ақтауда өтеді
- Махаббаттағы үндемес шындықтар
- Қылыш балық – табиғат апатының хабаршысы ма?
- Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды
- 8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
- Адамның биоөрісі: көзге көрінбейтін энергия қабаты
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
Сырласу
Үлкен әйелге ғашықпын
Ассалоумағликум «Сырласу» ! Сіздерге ішімдегі сырымды айтып, ақыл сұрағым келеді.Ой қосыңыз. Жа...Тылсым дүние
Кірдің суы – жынның суы
Есімді білгеннен біздің ауылдағы Орал есімді жігітті танимын. Жас шамасы 27-28 ге келіп қалған ...Тылсым дүние
«Үй иесі» келгенімізді ұнатпады
Бұл бала кезімде болған уақиға еді, - деді Еркін,- мен ол кезде тоғыз жастамын. Әпкем 8 классты біті...Сырласу
Әйелдердің өзге еркектердің құшағынан жылу іздеуіне не себеп?
Әйелдердің көзге шөп салуы ер азаматтарға қарағанда сирек кездеседі. Олар бұл әрекетке қатты шаршаға...Сырласу
Енем қажытып жіберді
Қыз бала жат жұрттық. Ол бөтен босағаны аттағанада: «Барған жерінде бағы ашылсын», «Барған жері...Сырласу
Ынжық күйеу,қайын атамның таяғы...
Менің де тағдырым алып қашқан қыздардың жайынан асып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Сүймедім. Таным...Сырласу
Адасқан әйелдің әңгімесі
Менің жасым қырықтан енді асты. Мектепте мұғаліммін. Жалғызбасты әйелмін. Аса сұлумын дей а...Сырласу
Тест: ТӨСЕКТЕ қандайсыз? (18+)
Бірінші болып төсек қатынасын өзіңіз бастайсыз... Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды. Адам ...Тылсым дүние
Өмірбекті тілден қалдырған қашардағы қара құбыжық
Біз ол кезде 50-60 отбасыдан құралған совхоздың бөлімшесінде тұратынбыз. Совхозға дейінгі аралық 3-4...Сырласу
Әйелдің күйеуінен жасыратын 5 құпиясы
Мәдениет пен менталитеттің әртүрлі болғанына қарамастан дүниежүзіндегі барлық әйел күйеуінен бірд...Тылсым дүние
Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
el24.kz Өмір мен өлім – адам баласының жаратылғалы бері мазалап келе жатқан ең басты сұрақтарының...
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru