Тағдырымды жасағам жоқ қолменен,

Кедергі көп, бұралаң көп жол дер ем .

Үйден күліп басталғанмен әр күнің,

Күйбең тірлік килігеді көлденең.

Жүректе дін болмаса бәрі бекер,

Құр тілмен қауқылдасып уақыт өтер.

Жалғанның өтуі тез, әсте жылдам,

Жан шығар азаппенен сәтте жетер!

Жарқ етіп өтер, өмір де мынау аз күндік,

Бірімізді біріміз кінәлап сонша жазғырдық.

Қаншама күнә кешірген Ұлы Аллаға,

Шүкірлік қылып, сәждеге маңдай аз ұрдық!

Ит тіршілік жетелеген жол мынау,
Итіңдетіп келеді әлі үміт-күн.
Итке сүйек қарыз болып қалдым-ау,
Итаяғын жалап жүріп бір иттің.

«Керемет!» деп ойлаушы еді ел мені,
Елге қайта оралғаным ұят-ты.
Кешегі өмір кереметін бермеді,
Бүгінгі өмір өзгешелеу сияқты.