- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
"Кісілігі болмаған адамға сөз зая" деген-ді əжем бес жасымнан айтып келеді. Кісілік - көңіл кілті. Адамның кісілігі - жылы жүзділігі мен адамды жылы шыраймен қабылдауынан басталмақ. Жүзі жылы жаннан көңіл хош болып, арқа-жарқа сұхбат құрасыз. Адамның жүзі - жанарға сəлем айтса, көңіл қақпасы көп күттірмей ашылады. Дəл адамдар сияқты. Мəуланаға бірде Балқан тауын асып, кəсіп іздеп келген жігіт бір сауал қойыпты. "Жүзінен нұр шашып жүретін жан мен ызғар шашып жүретін жанның айырмасы қандай" деген.
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
" Бір күні алдыма бір жігіт келіп:- Аға, арбаңызды екі сағатқа беріп тұрыңызшы өтініш, - деді. Көрінісінен жақсы киінген, кедей кісіге ұқсамас еді. Мені мазақ етіп тұрма десем, қолыма жүргізуші куəлігі мен көлігінің кілтін ұстатып, былай деді:
- Аға, менің қазір қалтамда ақшам жоқ, екі сағат істеп, арбаңызды қайтарамын. Тапқан ақшамның жартысын сізге беремін,- деді. Мен: - жарайды,- деп, арбамды бердім...
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға:
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Әділбек Қаба
немесе Сіз тексіздердің қатарынан емессіз бе?
Жылқыдай есті жануар көрмедім.Әкемнің бір жүйрік ақ бозы бар еді. Бірде жиенінің көзі түсіп, қоймаған соң мінгізіп жіберді. Сол кезде жастықпен әкеме ренжісем де, кейін, өзім әке болғанда түсіндім. Айына, жылына бір келетін қыздың көңілі бәрінен де қымбат екен ғой. Сол атты жиен төрт тау асырып алып кетті. Біразға дейін әкемнің қабағы ашылмай жүрді. Бір күні жайлауды басына көтере кісінеп, боз айғыр қашып келді. Жануар әкеме басын үйкелеп оқыранып, құлағын жымырып еркелеп, қуанғаны сондай... екі көзінен жас сорғалап тұрды. Жиенге басқа құлынды бие беріп, аты өмірінің соңына дейін қасында қалды. Екеуі де қартайып еді. Күнде әкем үйден шығатын уақытта «келе жатсың ба» дегендей оқыранып тұратын. Бір күні әкем кенеттен дүние салды. Сол күні ол оқыранбады. Жануар жүрегімен сезді ме екен. Тек басын төмен салып, сүлей сапа тұрды да қойды. Көп ұзамай иесінің артынан кетті. Ертесі анам түсінде көріпті. Түсінде әкем ақ бозымен жүр екен.
Кезінде төрт тау асып қашып келген жануар, иесін сағынғаннан мына қу дүниеден құлазып, иесін бақидан да тауып алған-ау, шамасы...
Не деген адалдық. Сол адалдықтың бір үзімі адамдарға бұйырса ғой, шіркін. Бүгін – дос, ертең – қас болған, бүгін үйленіп, ертең ажырасқан адамдар азаяр ма еді. Бұрын «жылқы қазақ сияқты текті, арам асты ішпейді, өз баласына шаппайды» деуші едік. Енді тек жылқы текті жануар деп қана айта аламыз...
Кеше тойда болдым. Біреулер кока-колаға, біреулер араққа қол созды. Мен қымызға қол создым. Қазақ пен жылқыға тән тектіліктің бір тамшысы соның ішінде жатқандай көрінді...
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Бұл оқиға Қытайда болған екен. Бір ауылда өте кедей, әрі кәрі кісі болыпты. Жаңағы кедейдің ақ тұлпары болған екен. Оның тұлпарының сұлулығына сол елдің ханы ерекше тәнті болғандығы соншалық іштей қызғаныш отына өртеніп жүріпті. Хан кедейге алтын мен ақша берем деп қанша жалынса да, қария атын сатпапты. «Бұл ат жай ат емес, мен үшін таптырмас дос. Досты сату мүмкін емес» деп көнбейтіндігін білдіріпті.
Страница 13 из 14
Соңғы жаңалықтар
- Қазақстаннан тазыны басқа елге шығаруға толық тыйым салынуы мүмкін
- Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік алу бағасы өзгерді
- Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы: жаңа белес, жаңа мүмкіндіктер
- Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды
- Атырауда жалған 8 750 АҚШ долларын сатуға шығарған жігіт ұсталды
- Түркістан облысында Telegram-да балаларға қатысты заңсыз контент таратқан арна анықталды
- Алматы маңында апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының қалдықтары аукционға қойылды
- Жерде күшті магниттік дауыл: әсері мен сақтық шаралары
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ құрықталды
- Маңғыстау ұлттық киім кию бойынша Гиннесс рекордын орнатты!
- Шерзат ісі: Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартты ма?
- "Nazira Gold" қаржылық пирамидасының Шымкент қаласындағы қызметінің тоқтатылуы
- "Азаттық радиосы" жабылады ма?
- Картоп бағасының өсуіне байланысты шенеуніктерге сөгіс жарияланды
- Наурыз келді, құт келді
- Ақтөбеде түрмеде отырып, пара берген жазасын өтеуші тағы сотталды
- Петропавлда 20 метр биіктен құлаған жігіт аман қалды
- Періште қаққан түн (Әңгіме)
- "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылатын болды
- Жантүршігерлік оқиға:сот анасының өліміне кінәлі жігітті босатты