Әміртай Мейрамбек Сәрсенбек ұлы 28.01.1995 жылы ,Қарағанды облысы
Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазіргі Қарағанды облысында, жеке меншік филиал да жұмыс атқарады. Жас талапкердің өлеңдері «Балқаш өңірі» газетінде жарық көрген.
Таның атты , кешің батты жігітім,
Не бітіріп , не істеп жүрсің күні - түн?
Ажалды да ұмыттың - ау сайрандап,
Жаратқаннан келмегесін бір үкім.
Тас тимеген шекең әлі ұқпас түк,
Киілмеген мұң шекпені шырт - жастық.
Мың ойлансаң миыңа да кірмейді,
Өткен заман арды қинап, жұртты аш қып.
Ойлайтының қызығы жоқ, қызықтар,
Етсе дейсің қызығына қыз ықпал.
Өмір деген құс жолы емес әдемі,
Өмір деген шимай - шатпақ сызықтар.
Ғұмыр - мерзім, көп адаспа, соқпа сан,
Қайтып келмес , кешіккесін боқтасаң.
Бақ дегенің жүйрік қоян сынды үркер,
Ақ беренін ақылыңның оқтасаң.
Арманыңа табылады жол , ыңғай,
Біте берме мұғалімнің борындай.
Келе жатыр 16 шы Желтоқсан,
Есіңді жый, дұға тіле , қолың жай.
Ғайып болам демегің
Сен жарасын тырналама жанымның,
Болмағанын ұғына алсаң жолымның.
Көз алдыңнан ғайып болам демегің,
Жетпегені аз емес қой қолымның.
Қариды мың суық жалған берілме,
Нали салу оңай күнім өмірге.
Үмітіңді үзіп алсаң қиындау,
Сеніміңді қайта жалғау көңілге.
Жасырынсын жанымызға сырлы нұр,
Асылымсың зырлап өтсін зырлы жыл.
Келген күзге жүрегіміз жұбанар,
Екеумізге жазбағанмен бір ғұмыр.
(Жүрек толқып жас тамады көзді ыршып,
Қою түннің қойнына енем тез бүрсіп.)
Қарайлаумен қиялдағы қасыңа,
Сені ойлаумен атты таңым бозғыл-шық.
Сен жарасын тырналама жанымның,
Болмағанын ұғына алсаң жолымның.
Көз алдыңнан ғайып болам демегің,
Жетпегені аз емес қой қолымның.
Қоштасуға қиналам
(Хат жазысып тұр күнім)
Күмәндәніп кейде өзімнің зердеме,
Тұманданып адасамын мен неге?
...Шер үкімі жазасы ма жүректің?
Сен тірі, қия алмаймын, пендеге!
Тағдыр,сезім басқа шығып құтырған,
Сен екеуміз жүретін жол шытырман.
Гүлін қырау шалып жатса бағымның,
Күнің мынау тегін емес тұтылған.
Ойдың ауыр көтере алмай тасын-құм,
..Қойдым жаным барлығын да жасырдым.
Мұңға малған сен ақынсың жанарын,
Жырдағы арман соған сеніп бас ұрдың.
Өлеңімен ашып өмір түндігін,
Өсіретін өршілімсің жыр гүлін.
Жат арбасын сүйреп кетсең қосылып,
Хат алмасып, хат жазысып тұр күнім.
Күмәндәніп кейде өзімнің зердеме,
Тұманданып адасамын мен неге?
...Шер үкімі жазасы ма жүректің?
Сені тірі, қия алмаймын пендеге.
Хат легін жіберіп тұр сый маған,
Сейіледі сонда күмән күй-налам.
Сәтімді ойлай сырласатын сенімен,
Дәтім бармай қоштасуға қиналам.
Құбыл
Құбыл,құбыл дүние құбыл-құбыл,
Сары түзді сарғайтсын тағы сағым.
Уақыттар өте бер апыл-ғұпыл,
Менде сенен қалыспай жарысамын.
Беу күндердің белгісі алда сынды,
Шыр айналған өмірім доңғалақтай.
Күз көңілім күңірен, қарға сүңгі,
Кім ұғады суықты жонға батпай?
Ей жалған-ай есірген, тағдырымды,
Мәңгілікке қоймассың тасқа қаптап.
Сенім артып өткізем әр күнімді,
Жарым үміт жүрсе де сасқалақтап.
Лақтырамын шекпенін жамау дерттің,
Дегеніммен кеудеде дағы қалар.
Мейлі кімдер ей маған шамаң жетсің,
Жылан жүрек емеспін шағып алар.
Ей өмір-ай сағағын гүлдің қиған,
Кімді аядың?
Құбылсаң тағы құбыл!
Әміріне бағынып ішінде иман,
Тәңіріне жүреді табынып ұл!!!
2016 ж Қыркүйек
Өмірдің аттап бір асуларын,
Есейе келе ұғасың бәрін.
Сөзінде тура, мұрасын, барын,
Аманат еткен шын асыл, дарын.
Аманат еткен шын Асылдарым.
Кезгенде қырды, шатыспа кейін,
Есіңде қалқам нақ ұста, бейім.
Солтүстік дала Оңтүстікпенен,
Шығыстан анау Батысқа дейін..
Жайлаған жері Қазақтың, бәрі..
Жүрекке түсіп азаптың әрі..
Алысып өткен дұшпаныменен,
Шырқалғанынша азаттық әні.
Көш бастасада жаңа дем бүгін,
Ізіңді басқан санамен ұғын.
Сыр айтар таулар, бұлақ пен өзен,
Бабалар жайлы, тал-емен, гүлің.
Маңдайға қанша тас тиген сұра,
Алакөл, Зайсан, Каспииден сұра..
Алатау, Алтай, Тарбағатайдан,
Қазақылығы жақсы үйден сұра..
Көктейтін сонда көктейді шынар,
Күндерін текке өтпейді, құр, әр..
Бұл қазақ жайлы алайда, қанша,
Азғантай ғұмыр жетпейді, сұрар..