Өмір дейтін түсіндім тың ұғымды,
Одан сізде сезесіз өр екпін шын.
Ештеңеге тұрмайтын ғұмырымды,
Кім осы керек қылсын?
Сізге ғашық едім ғой, жыр жаныммен,
Жыладым да, барлығын жуып өттім.
Мың жерден сізді сүйіп тұрғаныммен,
Суып кеттім.
Енді басқа жанашыр төгер емін.
Бір сезімім тұтықты өзегімде,
Өл десеңіз қазір- ақ өлер едім,
Шыдамай ез өмірге.
Қайдан ғана бар дейсіз бұл ессізде ой?
Аз қалды деп ойлаушы ем бір есуге.
Əлсіздеу екенімді білесіз ғой,
Сіз үшін күресуге.
Өзіңізді əлемнен бөлектеппін,
Бəлкім содан жұрт мені жазғыруда.
О құдай- ай, мен өзі не деп кеттім,
Онсызда аз ғұмырда.
Ақгүл Айдарбекова
"Інжу - маржан" көркемсөз үйірмесінің мүшесі
ҚазМемҚызПУ, "Қазақ филологиясы және əлем тілдері" факультеті, 3-курс студенті