Өзге жанның өмірін алаңдар кім?
Биіктігі бағалы  мағанда ардың.
Өмірлерін тым жеңіл көремін мен,
Құпиясы жоқ мүлде адамдардың.Біреу үшін «өсекші» есептемін,
Біреу сыр ғып айтады өсектерін.

Достығыңның қадірін білмей тұрып,
Кигізеді сыртыңнан кесек кебін.Әрбір жанның дұрыс қой кішіргені,
Кіналама жақсылық үшін мені.
Тісіненде шығармас еді өзгелер,
Құпиясы болсе егер ішіндегі.Сөз етейік деп едім өзге нені,
Ашу  болды көкірек көздегені.
Сыр болатын сезімдер жүректе өліп,
Жыр болатын сезімдер сөзге енеді.Шамасы да шындыққа жетеді естің,
Қырсық дейтін құрбыммен етене өстім.
Сен әлсіздеу дос болдың бәлкім маған,
Ал мен саған мүлде енді
ДОС емеспін!
Кешір…2017ж
АҒАБЕК ҚұрбангүлҚазМемҚызПУ, Қазақ филологиясы жəне əлем тілдері факультеті,  4-курс студенті