( новелла)

Сұлухан Мыңбаева

Біздің үйдің отағасы томаға-тұйық,әңгімеге жоқ адам.Табиғаты қаталдау,сұстылы. Көршілерім, үйде жолдасың жоқ па,деп келеді,оған іштей күлем де қоям. Қылтың-сылтың ,еркелеу дегенді ұнатпайды. Ойындағысын бетің бар ,жүзің бар демейді, тарс еткізеді. Бір сөзбен айтқанда " Гаухартас" фильміндегі Тастан кейіпкеріне көбірек келетін сияқты. Мен өзіммен өзім,ән айтып,ыңылдап жүргенді,көсіліп сөйлегенді,аздап мүмкіндік туып жатса еркелеп алғанды ұнатам. Бірақ,өкінішке орай,ондай мүмкіндік туа бермейді ғой,сол. Жарайды,аман болсын! Тағдырым ғой… 

Бірде жолдасым екеуміз көшедегі орындықта отырғанбыз. Сондай әдетіміз бар,іш пысқанда көшеге шығып отыратын. Бір уақыт анадайдан кәдімгі ешек арбамен келе жатқан екеу көрінді. Ауылдың төмен жағында тұратын отбасы болу керек. Бақылап отырмын. Арбаны толтырмай салған шөбі бар,байқайм,егістіктен келе жатқан сияқты. Үсті -басы шаң,киімдері күнге әбден оңған,бет жүздері де әбден күнге піскен. Десе де,екеуінің бет жүзінен өмірге реніш,осы қалыптарына налу дегенді байқамайсыз. Жолдасы ешектің жүгенін мықтап ұстап алған,айдап барады. Қасында отырған әйелі жолдасының белінен қапсыра құшақтап алған,басын жолдасының арқа жонына сүйеп алған,мәз болысып,бірдемелерді айтып,риясыз күліп барады. Иә,ешек арба емес,күймеде баратқандай бейне! Қасымда отырған жолдасыма;
- Әне,қарашы,Бақыт өтіп барады - дедім. Жолдасым ;
-Қане,қайда,Бақыт кім еді ол? - деп сұрады.
Сол сәт көзімнен еріксіз бір тамшы жас жерге тамып та үлгерді. Ішім өзінен -өзі біртүрлі боп кетті. Әлгі арабадағы жұпқа қызыға ,әрі қызғана қарағаным рас. Ал,жолдасым,менің көзімдегі жасты,көңілімді сәтте аласапыран еткен сезімді байқамады,әлде сезіп тұрса да,өзін білместікке салды...
Екеуміз де біразға шейін үнсіз қалдық…