Деректі оқиға...
Жеткер Жүсіп
Барымта сол.Ойпырмай,бір орамалды басып тартқан қуғыншы қыр ізімнен қалар емес.Атым болдыртты. Жігіттер екі жүз жылқыны гүрілдетіп Шалқар жаққа айдап кетті. Мен мынаны адастырамын деп бөлек тартып ем, басыма бәле болды.Қолында шынжыр баулы гүрзі
тақымдатып келеді.
Астымдағы "Фрунзені" амал жоқ сауырдан салдым. Жануар бұрын соңды андай таяқ жеп көрмеген, аспанға бір атылды да жөнкіді дейсің.Тапыр- тапыр анау алыстай берді.Таң бозара атқан кез. Құйғытып келемін.Бір кезде атым сүріне құлады,үстінен ұштым да кеттім.Барып бір терең оқпанға гүр еттім. Іші тас қараңғы. Құрым торлап тастаған ба,бет аузыма бірдеңелер жабысып. Былай, былай қозғалам,сынықтан аман сияқтымын.Астым құс төсек салғандай жұмсақ, жып -жылы.
Кісі бойы терең оқпан-ау,аспан маған алыстан қарап тұрғандай.Не болса да күн шықсын деп жатыр ем ұйықтап кетіппін. Астым жыбырлай ма, құдай-ау....Қарасам ұйысқан жылан...жан жағым өріп барады.Дір еттім, тісім тісіме тимей. Сұр жылан қоңыр көк, қара ала, аппақ жыланды бірінші рет көруім.Тырп етсем талап жейтіндей.Селт етпей қарап жатырмын. Жанжағымнан бастарын шығарып , тілдерін сумаңдатып жарға өрмелеп...мына біреуі менің бетімді сауырымен жауып аяқ жағыма қарай сырғыды.Аяқтары тарам –тарам, сауыры жып- жылтыр майлап қойғандай.Ойбай от шаша қарады мынаусы,маған тура атылардай.Қойны қонышым толды ақсары бас жыланға.Жары жасым кемігендей. Бір мезетте қапқара сақал мұртым аппақ болды, шамасы.
Күн арқан бойы көтеріліп қызған кезде бар жылан жоғарыға қарай өрлей бастады.Қараудың өзі үрейлі.
Қанша жаттым білмеймін.Белімдегі арқанды ағытып ,күрмеп байлап сексеуілдің тұқылына ілдім-ау ақыры...
Лақтырған арқаным бір томарға ілінді.Құдай жар болғанда мықты түбір екен.Тырмысып, тырмысып қабырғаға шыққан шөп шаламға аяқ тіреп оқпаннан шықтым-ау ақыры.Жарық көзімді қарып бір уақ мең -зең болып отырдым.Сонан «Фрунземді» іздедім.Ұзамапты жануар, сол маңайда екен.Серігім ғой сыралғы.Тек тілі жоқ. Сонан жол бедерін аңдайын деп белеске шықтым.Елден шығынып ұзап кетіппін.Түркімен бет шамасы. Жұлдызды бағдарға алатын түн де емес. Қатпар, қатпар ысылдаған құм жотамен сүріне қабына келе жатырмын,бір қара көрінер деген үмітпен.Бір кезде он екі қанат ақ отау көзіме шалынды. Айдала ,жапан дүз ысылдаған құмның арқа бетіне тіккен ақ отауы несі деп аңтарылдым. Елес пе? «Фрунзем» жоқ елес емес, дегендей құлағын тікті сол жаққа.Жоқ аппақ отау... Сөйткенше болған жоқ, оның есігі сарт етіп айқара ашылды.Ізінше ішінен тұлымшағы желбіреген бір 10-13 жастағы қыз бала жүгіріп шықты.Басқа тірі жан жоқ.Ол шығынып бет алған жағына қарай қашып барады.Бірақ ұзаған жоқ құмға омбылап жата кетті.Жетіп бардым,бетін басып жылап жатыр.Иығына дейін көйлегі жыртылған.Аттан түсе сап: « Қалқам кімсің ,не болды ?» деп иығынан ұстап ем шоршып кетті.Жалт етіп маған қарады.Ойпырмой, Аллатағала адамды жарата береді екен-ау?Құдды еліктің лағы! Көз қандай мөлдіреген? Құп құттақандай періште, үлбіреген.Ұстаса еріп кетердей.
- Қорықпа, жаным ! Мен жолдан қағыс қағылып адасып келе жатқан жолаушымын- дедім.Сосын онан мән жайды сұрадым.Сөйтсем ана ақ отау Түркіменбайдың бас ұрысының отауы екен. Иесін мол олжаға батырғанда айдалаға ақ отау тіккізіп, қойнына жас иіс салып дем алдырады екен.
- Өлтіремін! - дедім мен өзеуреп щыдамай.
- Ойбай, аға !Басыңызды өлімге тікпеңіз, мені өңгеріп алып қаш құтқар.Оған шамаңыз келмейді.Ол қазір шарап ішіп қор- қор тартып отыр.
- Жоқ !-дедім мен кіжініп.Ертең пәленше осы жерге келген екен онан қорқып қашып кетті дер біреу, атыма ұят.Өйтпегеннің өзінде өзіме ұят.Сен осы жерде атты ұстап тұр.Егер шықпай қалсам өзің елді бетке ал да тарт. «Фрунзе» саған аманат.Жолда қалдырмайды дедім ...
Кірдім ақ отауға.Құдай сақтасын ! Жүрегім зірк ете қалды.Бір жалғықз көзді дәу отыр.Бас қазандай,шошқа мойын.Аяққа ештеңе шақ келмегесін қолдан тіккен саптама шәркей.Молдас құрғанда бір төбедей дүңкиіп отыр.Алдында пейіштің бар тамағы,жеміс жидек құмыра -құмыра шарап.Ентіге қараған мені шыбын деген жоқ.Қақ бөлінген нән дарбызды ұзын қанжарға шаншып жеп отыр. Не де болса бітті, не өлігім шығады не өлтіріп өзім шығамын.Шаншыған қарбызды аузына апара бергенде секіріп барып қанжардың сап түбінен бір тептім.Кірш ете қалды. Ол да шалт екен шап беріп мені ұстап алды да сығып- сығып үлгірді .Шыңғырып жібердім.Қабырғам күтір етті.Сөйтті де ол қорқырап жатып мені лақтырғанда есікке барып баспен соқты. Орнынан тұрып екі аттап барып омақата құлады. Қанжар шошайып түр желкеде .Ытып шықтым жан екпінмен. Қабырғам қаусап қалған.Қыз сүйемелдеп атқа қондырды.Өзі мінгесті...
Гүлзар екен аты, кейін Түрікпеннің бұл қызы маған өкіл қызым болды.Өле өлгенше қатынасып бәріміз туыс боп кеттік...