Деректі оқиға
Жеткер Жүсіп
Бабаханның ата бабасы қашанна бай еді.Атасы Сарыбайдың малының есебі жоқ.Ана Ақмешіттің бүгінгі орталық алаңы малбазар-тын.Сол базарға түн қата мал айдайды сатуға.Сонда басы базарға кіріп жатқан малының арты сол 40-50 шақырым ,Белкөл деген жерде келе жататын. Сарыбай қаншама құл құтандары болса да мал жәйін өзі жіті бақылайтын кісі еді. Қора тазалап, қи ойғанда өзі шекпенін шешіп тастап аунайтын әрі бері.Арқасына бірдеңе батса сол жерді қайта тазартып жайдыратын көңін.Көнелер айтатын.Сарыбай қанша бай болса да қарапайым еді, ешкімнің ақысын жемеген қайырымды бай еді.Босағасына кедей кездегі киген жамау - жамау шекпенін іліп қоятын.Асылық жасап, астамшылық айтса,сол жыртық шекпеніне қарап тәубаға түсетін...
Кейін кәмпескі олардың тасталқанын шығарды.Ілінген байлығын артып,айдауға, іліккен малын жолға салып бір түнде ағайын туыс жекжатымен ,оған қоса 50 түтін сыртқа қашты.Қызыл жағалылар қыр ізінен қалмай қуғын салды.Қол байлау,аяққа тұсау жолай көптеген алтындары мен қымбат дүниелерін көміп кетті. Сонда Бабажан немересіне »Мынау Ботпанның тамы,анау Жетіқарақшы, Ана тұрған Дің.Сонан 90 қадам оңға ал.Міне мына Садырдың жырасы осы жерге көмеміз. Аман болсаң ел тиышталғасын кел.Ғұмырыңа жарайтын асылтас жәдігерің осында» деп қайта - қайта жадына түйдірген еді.
Көш қиыншылыққа ұшырады.Белсенділер атты тонады қуып жеткенін.Жете алмағаны асау Әмудың екпініне шыдамай суға кетті. Атасы бастаған топ тегістей түңғиыққа батты.Бабахан азын аулақ мал жанмен арғы жағаға ілікті.Жат елдің шекарасына кірді.Иран асты.Ол жаққа жеткенше малдары селдіреп,жандары тентіреп қалды.Сол маңдағы Хатымбайға жалданды.Өзі еңгезердей жігіт болып өсті.Сол байдың барымташысы болды.Бай оның батылдығы мен алғырлығына тәнті болды .Малына мал қосты байлығына байлық қосты Құтты Бабахан атанды. Өзімен төрде тең отырғызды.Қойнына қыз айттырып,алдына мал салды...
Бірақ бабаханның есі дерті туған жер болды.Күндердің күнінде пұшайман болып жүрген барымташыны бай шақырып алып жөн сұрады.
-Құсамын -деді байеке. Еліме барып келсем деп едім...
-О жақ тыншыды ма,басың байлауға түсіп қалмай ма?
-Тәуекел !- деді Бабахан.Қасына серік қосты.Олар Сыр қайдасың ?- деп сонан аттанып кетті. Баяғы Ботпанның тамына келді. Байлық көмілген жерді іздеді.Жер бедері өзгеріп кеткен.Жыра деген жер тептегіс.Ағаштар жойылып кеткен. Дің жоғалған,құм көшкен,төбе жоқ.Бірнеше күн көрінген жерді қазумен шаршады.Еңбегі еш сорына татымады.Көңілі нілдей бұзылды.
-Сендер кері қайтыңдар.Мен ата бабамның туған жерінде қаламын.Отбасыма қараңдар.Байға мың алғыс айтыңдар - деді жанындағы серіктеріне.Сонан қалды ол Сырда.Ақмешіттің»Ескі базар» жақ бетте киіз үй тігіп отырды. Аталас ағайындарын тапты. Бірақ жалғыз күй кешті. Бір қызығы Бабахан бір қойдың етін бір өзі жейтін.Ел оны қызық көріп тамашалайтын.Бәс тігетін ауқатты адамдар. Жарыстыратын.Сондай бір кезде бір қойдың етін алдына тартқанда тамағына сүйек тұрып қалып күні бойы қырылдап “Ай,бекер шаптың-ау “ дей беріпті.Ақыры сол күні ол көз жұмды.Сөйтсе қазаншы сүйекті шауып салған екен табағына.Әншейінде Бабахан оны бірақ сипап табағын кері қайырып беретін - дейді ұры Тәжен.