Ғани Әлихан
Сонау тоқсаныншы жылдардың соңында Қытай Тайпейінде орын алған мына бір оқиғаны оқығаным бар еді ,соны айтып берейін.Бəрімізге белгілі Қытайда жемқорларды өлім жазасына кеседі.Сондай-ақ ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқандарды да өлім жазасы күтіп тұр.Қытайдың тап осы күнгі шарықтап дамуына осы өлім жазасын қолдану арқылы жеткенін де əлемдік сарапшылармен, саясаттанушылар осы күндері мойындап жүр...
Сонымен не керек,бір күні ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысатын Тайпейлік 25 жасар азамат қолға түседі.Бірнеше сот сараптамасы тағайындалып айыпты деп өлім жазасына кесуге үкім шығады.Олар да өлім жазасына кескеннен соң үкім екі жыл толғанда ғана орындалады екен.Бұл өз кезегінде тəуелсіз сараптама жүргізуге мүмкіндік беріп, екі жылда азаматтың кінəлі ,не кінəсіз екендігіне тағы да бір нақты көз жеткізу болып табылады.Осылайша бұл азаматтың кінəсі толықтай дəлелденіп екі жыл дегенде бұйрық орындалып атылып,азамматтығы жойылып кете барады.
Ал өлі денені мəйітханаға апарып тастайды.
Сол жылы Тайпейде толассыз жауын жауып лай көшкіні жүріп мəйітханалар мүрдеге толып жатады.Бір күні сол жердегі жұмысшылардың бірі мəйіттің бірінің қолы қозғалғанын байқап қалады.Анықтап қараса біреуі тірі шығып ,дереу сол маңдағы емханаға жеткізіледі.Дəрігер біткен жиналып ауруды емдеуге көшеді. Бұл оқиғаны телевидениелерден көрсетіп млрдтаған Қытайлықтар таң қалысып жатады. Əрине қуантарлық жағдай емес пе ?Дəрігерлер барын салып емдеп айдан соң ғана ауруды аяққа тұрғызады.Сонымен анықтай келе бұл əлгі өлім жазасына кесілген қылмыскер болып шығады.Содан не керек ,бұл қалай болды ?-деп қатаң тексеру басталады.Бірақ сол тексеріс ұзаққа созылып соңында кінəлі табылмай қояды. Мұны бастан аяқ қайта қарап тексеріп шыққан құзырлы органдар ,сотқа келсе ,сот расында да əділ үкім шығарған , онан үкімді атқарушыға келсе ,ол да үкімді орындаған яғни көк желкеден атқан ,ал енді дəрігерлерге келсе олар да сол Гиппократтың антын орындаған. Демек ешкім де кінəлі емес.Сонымен кінəлі жоқ ал бұл азамат болса тірі ,бірақ Тайпей азаматтығы жоқ адам боп өмір сүріп жатқанына бес жыл болған екен.
“Құдай сақтаймын десе от ішінде мақтаны сақтайды “деген осы .Яғни «көресіңді көрмей көрге түспейсің» деген осы шығар мүмкін...