Ғабит Нұрханұлы

Ich bin wieder da. Аманшылық па ағайын. Бір жарым жылға созылған оқудан, неміс елінен жанұялықжəне жеке басымның мəселесімен елге келдім. Неміс елінен үйренгенім де, көргенім көп болды. Ең бірінші көзіме жарқ етіп көрінгені көшеде, аулада ойнап жүрген бала көрмейсің. Барған жерімде іздейтінім ойнап жүрген балалар. Ит жетектеп жүрген кемпір шалдар бар да ойнап жүрген бала жоқ.

Өзіме ең көрінгені осы болды. Екінші ауруханада адам таңдамау. Бізде дəрігерлер тек ақша бергендерге не туыстарына жымиып күліп өзінің жұмысын істейді де .Басқаларға «неге келдің?»деген көзқараспен қарайды ғой.

Германияда ол жоқ ,бəріне бірдей қарайсың. Науқастан ақша алу ойына да кіріп шықпайды. Бəріне бірдей шамаң келгенше жұмыс істейсің (ол жақта аурулардын түсуі өте көп ). Менің түсінгенім бізде адам денсаулығын «черный рынок» (қара базарға) айналдырып жіберген. Дəрігерлер аштықтан ұят, намыс, ар дегенді ұмытқан. Қайда барсаң да дəрігерлер науқастарға қойға қараған аш қасқырдай қарап тұрады. Білмеймін Германиядан кейін ол маған жабайлық сияқты көрінеді. Дəрігерлерге айтарым науқастан ақша ,пара алу ол қылмыс.

Егер бұл дүниеде ешкім ұстап алып жазаламаса, онда о дүниеге барғанда пара алған үшін Алла алдында жауап беріледі. Астанадағы барлық ауруханалар əсіресе  « Ұлттық»деген атауы бар Ұлттық кардиохирургия орталығы, нейрохирургия т.б орталықтар адам емдеумен емес бизнес жасаумен айналысады. Менің түсінігімше "Ұлттық" деген атаулар ұлт үшін жұмыс істеу керек яғни ұлттың саулығы үшін басқа жерлерде емделе алмайтын ауруларды емдеу керек, бұлар Республиканың тек ақшасы бар бай байшыкештерді жиып алып емдеумен айналысады. Бұлар "Ұлттық" дегенді брендке айналдырып "ұлттық" болғанымыз үшін бізде емделу қымбат дейді. Бір танысым миында ісік табылып «Ұлттық нейрохирургия орталығына »барса дəрігер 1 миллион ақша сұрапты. Күйеуге шықпаған жас қызда ондай ақша қайдан болсын.

Қарағандыға барып операция жасатып қуанғаннан 75 мың бердім дейді.

Енді есептеңіз бір күнде бір операция бір миллион тұрса, бір айда қанша ақша боларын. Не «Ұлттық кардиохирургия» орталығына жатқандардын жартысы республиканың ақшасы бар байлары. Бəрі стенд қоюға не ота, коронарлық шунт қоюға келгендер. Оны барлық облыста жасайды.Бірақ бұлар тек ақшасы болғаны үшін кардиохирургияда ғана жасатады. Естуімше Шымкенттен келген, Ақтаудан келгендерге завотделениелер таласып қалады екен. Ал "Ұлттық" "Ғылыми зерттеу "деген аттар тек бренд үшін. Ешқайсысы біліммен, ғылыммен айналысып жатқан жоқ(айна жылына протокол ушін конференцияларды есептемегенде ) олар ұлттың проблемасымен айналысып, ел ішіндегі көбейген ауруларды табу, шетте емдей алмайтын ауруларды емдеу керек. Олар тек мемлекет ақшасына халық ақшасына тұрғызылған ауруханаларда бизнес жасап жүргендер.

  Президенттік ауруханаға "простой смертныйлар" ешқашан жата алмайды ол ауруханаға. Немістерге айтып көрші бізде байлар бір бөлек емделеді, кедейлер бір бөлек емделеді ,ал шенеуктердің өз алдына ауруханасы бар деп, ана ауруғанының быт -шытын шығарады. Олар шенеуктің жаны жай адамның жанынан бөлек болады дегенді түсінбейді.

Бір танысым астанада травматологияда аяғын операция жасатты жап- жас қыздың аяғын быт -шытын шығарып тігіп тастапты, «енді жазда етік киіп жүрем »деп жылап жатыр. Мен айтамын «ақша бермейсің бе?»- деп. «Бердім ғой» дейді. Операция жасайтын завотделениеге беріпті. Мен айтам «оған бөлек бересің, теріні тігетін врачқа бөлек бересің» деп. Себебі бір -бірімен бөліспейді, хирургқа сенің тері тігісің бір тиын, ол өзінің жұмысына ақшасын алды, теріге тігетінге бөлек бересің, жақсы наркоз алғың келеді ме оған да бөлек бересің. Ана жасаған хирургтың қарындасы болсаң саған əдемілеп тігіс салатын еді,болмаса сен оған адам емессің.

     Хирургияда косметикалық тігіс деген бар, ол операция аймағынын тек ізің қалдырып өте кішкене инемен өте жіңішке жіппен тігу. Оны бізде тек ақша бергендерге, не туыс таныстарына салады. Егер хирург косметикалық тігіс сала бастаса оның не ақша алғаның не танысы екенін білеміз. Ол бұрын маған норма болып көрінетін.

Мен болған ауруханада Германияда  бəріне косметикалық тігіс салып жатады, ұзақ қой ол, 70- 80 дегі кемпірлерге . Содан сұраймын ғой «неге бұлардың бəрі жеке сақтандыру ма?» деп . Хирург айтады «бұлар əйел» ғой деп, оларда бəріне əсіресе əйелдерге косметика салады екен. Есіме біздегі іштері операциядан кейін іштері тыртық- тыртық болып мал тіккендей қылып тігілген жап- жас əйелдер түсседі.
Немістерде ол қылмыс. Германияда барлық уколдарды, анализдерді, катетерлерді науқасқа кіретін нəрсенің бəрін дəрігерлер жасайды. "Жабайы" мемлекеттен келген, медсестра жұмсап үйреніп қалған бізге ол біріншіде «фуу» болып жүрді, қалай дəрігер капельница қойып ,анализ алады деп. Кейін қарап тұрсақ ол науқасқа деген құрмет екен. Дəрігер "дəрігермін" деп шіреніп тұрмайды, барып анализ алып капельница қояды.

Ой жаза берсен іштері бығып жатыр. Біздегі дəрігерлердің айтатын жақсы мысалы бар, Сталин бе Ленин бе айлық берерде дəрігерлерге қанша ақша береміз десе "Оларға айлық бермейміз жақсы дəрігерді халық асырайды " деген түсінік бар. Ол жалған . Ешқандай халық сені асырау міндетті емес. Мемлекетке жұмыс істейсің бе ,сені мемлекет асырау міндетті. Ақша жетпейді ме,мемлекеттен сұра. Халықтан ақша алу жиіркенішті, қылмыс, күнə.

Мен Германиядан кейін мемлекетке олардың жиіркенішті системасына жұмыс істемеуді шештім. Өз алдыма жеке кабинет ашып келген адамдарды қабылдаймын. Хиджама жасаймын, ине қоям əйтеуір күн көрермін. Тіпті қиын болып бара жатса жеке басымның мəселесін реттеп алған соң қайта Германияға кете салармын. Германия есігі маған əрдайым ашық. Ең болмаса қылмыс жасап жүрген жоқ екенімді біліп жүрем.

                               

                    Фейсбуктегі парақшасынан