Маңғыстау облысында соңғы алты тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелмеген деп хабарлайды kaz.nur.kz . Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысынан бөлек, коронавирус жұқтырғандар Шымкент қаласы, Қызылорда мен Ақтөбе облысында анықталмады. Жалпы Қазақстан бойынша соңғы тәулікте 89 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде 21 адамда клиникалық белгілер жоқ. Өңірлер бойынша есептегенде, коронавирус жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тіркелген. Коронавирус жұқтырғандардың ең аз бөлігі Батыс Қазақстан облысында. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамның тіркелмеген хабарлаған едік.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, қазір өңірдегі ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас коронавирустан ем қабылдауда. Жалпы, аймақта жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр. Одан бөлек, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндаған еді.
Оның сөзінше, оңтүстік астанада 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру деңгейі 5,3 пайызды құрап, жұқтыру деңгейі екі есеге азайған. Қазіргі уақытта ауруханалардағы кереуеттердің 83 пайызы бос тұр, бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген.