Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында жазатайым оқиға орын алды.
 
Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды. Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.
 
Дереккөз: zakon.kz