Ақтөбеде тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті бір сағат ішінде қайта қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
"Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің тергеу изоляторында қылмыстық кодекстің 120 бабы зорлау дерегі бойынша тергеуге алынған күдікті қашып кетті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары қашып кеткен адамды мекеме орналасқан ауданда бір сағат ішінде ұстады", - деді департамент өкілдері.
Ведомство енді күдіктінің жазасы ауырлайды деп отыр. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 426 бабы, яғни "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" дерегімен сот алды тергеу басталды. Ал оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру тағайындады, нәтижесінде лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданбақ. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмеді