Атырау облысында былтыр 747 интернеттегі алаяқтық қылмысы тіркелген. Атыраулықтар алаяқтарға 400 млн теңгеге жуық қаржысын бергені анықталып отыр.
 
Облыстық криминалдық полиция басқармасы кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Асхат Нұрмановтың айтуынша, банк саласына қатысты алаяқтарды құрықтауға қиындық тудырған.
 
«Былтыр интернеттегі алаяқтыққа байланысты 104 қылмыстық сотқа жолданды. Ал, 276 қылмыстық іс өзара келісімге байланысты қысқартылды.
 
Жәбірленушілердің арасында әлеуметтік мәртебесі әртүрлі адамдар бар. Оның ішінде бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, тіпті жеке кәсіпкерлер де бар. Өткен жылы алаяқтар атыраулықтарға шамамен 400 млн теңгеге жуық шығын келтірді», - дейді Асхат Нұрманов.
 
Оның айтуына қарағанда, ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы «жоқ тауарларды» сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу. Банк қызметкерлерінің атынан қоңырау соғатын алаяқтар да көп. Онлайн-қарыздарды ресімдеу арқылы жасалатын қылмыстың үлесі үшінші орында тұр.
 
Сондықтан, құқық қорғаушылар тұрғындарға әрқашан сақ болу қажеттігін, кез-келген қоңырау мен хабарламаға алданып қалау керектігін ескертеді.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат