Тұрғындар арасында жалған жарнамаға алданып, сан соғып қалғандар аз емес.
 
Қазір тәртіп сақшылары алаяқтың құрбаны болған жандарды анықтап жатыр. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінен хабарлады. Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Сүйіндік Қайырбаевтың дерегінше, 25 жастағы әйел адам азаматтардың зейнетақы қорында жиналып қалған ақшасын шығарып беремін деп алдап, дербес деректерін сұрап алған. Сөйтіп олардың атына тауарлық несие рәсімдеген.
 
«Интернет арқылы алаяқтық әрекет жасайтындар тыйылмай тұр.
 
Таяуда ғана полиция қызметкерлері облыстың 20-дан астам тұрғынын сан соқтырып кеткен күдіктілерді қолға түсірген. Олар жиһаз сатамыз деп, жалған жарнама беріп, азаматтардың банктік есепшоттарын алып отырған. Бұдан бөлек әлеуметтік желі арқылы жүргізуші куәлігін, медициналық анықтамаларды және әскери билеттерді жасау туралы хабарландырулар да анықталды», - дейді полиция өкілі. Соңғы күндері тәртіп сақшыларына алаяқтың қармағына ілініп, сан соғып қалған 20-дан астам павлодарлық жүгінген.
 
Дереккөз: kaz.inform.kz