Экс-министр жексенбі күні ғана қызметінен босаған,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Ulysmedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
“Выход к правде” телеграм арнасының мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.
Редакция толығырақ мән-жайды анықтау үшін ресми органдардан ақпарат сұратып жатыр.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалған.