Суретте Олвер атты маймыл. 1958 жыл
1930 жылдары Атлантадағы Эмори университетінде осындай зерттеу жүргізілген. Гордон Гэллап сол зерттеуге қатысқан ғалымның сөзіне сүйене отырып айтып берді.
Флоридадағы Ориндж-Парк қалашығында мамандар ұрғашы шимпанзеге адамның ұрығын құйған. Маймыл адам ұрығынан кейін буаз болған. Адамнан туған маймыл баласын “панзеадам” деп атаған. Маймыл 225 күнде туған. Көпшілік бұған қарсылық танытқан соң «панзеадамның» көзі жойылыпты.
Гордон Гэллап қазір де адам мен шимпанзені, горилла мен орангутанг сияқты басқа да маймылдарды будандастыруға болатынын айтады.
1958 жылы Оливер атты шимпанзе де будан деп есептелді. Оның кейбір әрекеттері адамға ұқсас болған. Оның хромасомалар саны 47 болған. Өзі тік жүрген. Оливер атты маймыл 55 жылдан соң өлген.