КХДР лидері Ким Чен Ын өзінің жұбайы Ри Сол Чжуды фотоға түсірмекші болған фотографты итеріп жіберген. Бұл туралы The Mirror хабарлайды. Оқиға КХДР лидерінің Оңтүстік Кореяға ресми сапары барысында, Ким Чен Ын жұбайын Оңтүстік Корея президентіне таныстырмақшы болғанда орын алған.
Басылымның мәліметінше, бұл КХДР басшыларының ресми кездесуге жұбайын алып келген алғашқы жағдайы.