Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны неге көбейіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Ханс Клюгенің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне инфекцияны зертханалық жолмен анықтау әдісінің өзгеруі себеп болып жатыр.

"Кей ел, мысалы, Әзірбайжан мен Қазақстан соңғы бірнеше апта инфекцияны анықтау жолын қайта қарап, енді қазіргі уақытта өздерінің эпидемиялық бақылау жүйесі бойынша анықтап жатыр", - деді Ханс Клюге.

Сондай-ақ, Клюге эпидемияның екінші толқынынан қашып құтылу мүмкін емес екенін айтты. Ең бастысы, оның айтуынша, карантинді кезең-кезеңімен ақырындап жеңілдету.

 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті.