14-15 тамыз аралығында Ryanair бельгиялық филиалының ұшқыштарының кезекті ереуілі өтеді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуропалық Одақтағы «лоу-кост авиакомпаниясы» саналатын әуе компаниясының сайтында Шарлеруа (Бельгия) әуежайында орналасқан ұшқыштардың ереуілге шығуы туралы хабарландыру жарияланды.
Ryanair хабарлауынша, екі күндік наразылық кезінде күн сайын 170 рейстің 40-ын тоқтатуға мәжбүр. Ұшқыштар жалақыларын пандемия деңгейіне дейін қалпына келтіруді талап етуде,-деп хабарлайды el24.kz тлшісі. 2020 жылы Ryanair компаниясы дағдарысты жеңуге көмектесу үшін ұшқыштардың жалақысына 20% қосқан.
Бұл - бельгиялық Ryanair ұшқыштарының осы жаздағы үшінші ереуілі. Бұған дейін олар екі рет – ағымдағы жылдың 15-16 шілдесінде және 29-30 шілдесінде жұмыста болмаған.