"Шаруам жоқ"Төреғали Төреәлінің жаңа әні тағы шу тудырды.Сөзін Қайнар Алагөзов  жазған,Төреғалидің  әні ,әлеуметтік желіде қызу талқылану үстінде.Бірі , журналистер Төреғалиді айтып ұпай жинап отыр деп, журналисттерді кінәласа ,бірі  сен халықтан үлкен емессің,халықтан кешірім сұрамақ түгілі , «маған не істейсің?» деп талтайып тұр ғой -деп пікір қалдырып жатыр. 

МаУс K

Жасаган кателиктери ушин кеширим сурайтын шыгар десем, талтайып турып, колын силтеп Шаруам жок деп кутырып тур гой ширенип

 
Ернар Бердышов

Журналистердің екі елі ауыздарына бес елі қақпақ қойдың бір өлеңмен жарайсың кім не десе о десін


MC Kenzo

Менменсіз қатты. Өнеріңіз ұнағаны не керек, құр көкірек бəрін тұмандатып тастайды.


Asker Askarov

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ АДАМ -ТӨРЕҒАЛИ. СОНДЫҚТАН ӨЗ РЕЙТИНГІН КӨТЕРУ ҮШІН ТӨРЕҒАЛИ ӨЙТТІ,БҮЙТТІ ДЕП КЕЗ КЕЛГЕН ИТТІҢ ИТАҚАЙЫ ЖАЗАТЫН БОЛҒАН.ЖАЗСА ЖАЗА БЕРСІН,ТӨРЕҒАЛИДЫҢ ƏНДЕРІН СҮЙІП ТЫҢДАЙТЫН ҚАЗАҚ ЖЕТЕДІ,ТАМАША ƏНДЕРІҢДІ ШЫҒАРА БЕР,ТӨРЕШ !

 

 Шаруам жоқ

Момын бар елде, асаулар бар,
Мықтыларда бар, осалдар бар.
Қол-аяғымның қожайынымын,
Басқада менің не шаруам бар?

Таң қалма жүйрік жабыдан қалса,
Озады жабы бағы бар болса.
Адамның басы Алланың добы,
Басқада менің шаруам қанша?

 Қайырмасы:
Жорғалатқанмен жауын алдында,
Нәпсіні жеңген палуан жоқ.
Нәпсісін жеңген палуанның да,
Шаруасында шаруам жоқ!

Қаралап мені қара баспа,
Сырымды сыртқа ала қашпа.
Жақсы күндердің арасын бөліп,
Шаруаларыма араласпа.

Адам жолдасым, Аллам қолдасын,
Сөздерім інжу маржан қорғасын.
Өзіме-өзім беремін жауап,
Сеніңде менде шаруаң болмасын!