Дәрігер кеңесі
 
гастроэнтеролог Қарашаева Гүлайым
 
Детоксикация кiмге жасау керек? 

1-ші бөлім


1. ЕШКІМГЕ! Детоксикация дегеніміз- токсиндер мен шлактардан тазарту.
Алдымен, осы екі терминге анықтама беріп алайық:
Токсин дегеніміз “у” дегенді білдірсе, шлактар - тамақпен бірге түскен ақуыздың қорытылуынан және сіңуінен қалған соңғы өнім болып табылады.
2. Детоксикацияны орындайтын біздің ағзада арнайы мүшелер бар: олар бауыр мен бүйрек. Осы мүшелердің негізгі қызметтерінің бірі - улы заттардар тазарту, сүзу.
Бауырда арнайы цитохром р450 мен глюкурон қышқылы, сульфат, глутатиондар тазартуға жауап берсе, бүйректің шумақшаларында ультрафильтрация жүзеге асады.
 
3. Осы мүшелердің зкқымдалуы, яғни ауруға шалдығуы, қызметтерінен айырылу кезеңінде ғана “табиғи “ детоксикация бұзылады. Мысалы: бауырда цирроз ауруы, ал бүйректе созылмалы немесе жедел жетіспеушілік кезінде улы зат пен шлактар қан құрамында көбейіп өзінің кері әсерін организмге келтіреді —> қысқа уақытта өлімге алып келеді.

Детоксикация 2-ші бөлім

4. Осындай жағдайда “детоксикация” ретінде дәрігерлер арнайы дәрілер, альбуминді диализ, плазмаферез және бүйрек жетіспеушілігінде гемодиализ жасайды.
 
5. Ең соңғы мүмкіндік - мүшелердің трансплантациясы болып табылады. Бұл сөз көпшілікке танымал болғанмен, оның негізінде өте күрделі процесс екенін аса білмейді.
 
6. Ал сіздерге қазіргі уақытта жарнамамен ұсынатын “детоксикация” түрлері өте көп және тиімділігі төмен немесе 0 ( себебі нағыз уланған организмді арнайы соктар мен клизмамен, БАДылармен емдей алмайсыздар).
 
7. Токсиндер мен шлактардың ағзада көбейіп кетуін қалай тексереміз: оп-оңай! Дені сау адамдардың жылына 1 рет болсын биохимиялық анализ тапсырған жөн: бауыр көрсеткіштері: АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, ЩФ, ГГТП, холестерин, жалпы ақуыз және альбумин мөлшері және бүйрек қызметін: креатинин мен зәр қышқылы, несеп мочевина көрсеткіштері арқылы бағалауға болады.
 
Детокс 3-бөлім

8. Қазіргі таңдағы “детоксикация” түрлерінің кері әсері қандай? Неге алып келуі мүмкін?
- БАДы немесе биологиялық белсенді заттар ішу бауыр мен басқа мүшелердің зақымдалуына алып келуі мүмкін.
 
- Клизмалар тоқ ішектің микрофлорасын және бүтіндікті бұзып, қабырғалық өткізгіштікті жоғарылату салдарынан түрлі асқынуға алып келуі ықтимал.
 
- Шырындар - егер көкөністерден болса, аса тиімділігі болмайды, яғни нағыз детоксикация ретінде саналмайды, бірақ ішек жұмысына пайдасын тигізуін жасырмаймын.
 
- Өт тазалау - бұл кейбір жағдайда керек емдік процедура, бірақ бұл детоксикацияға жатпайды! Екеуі екі бөлек нәрсе! Өт тазалауға арнайы көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер бар!
 
9. Қорытындылай келе, ағзамыз барлық тазарту процессін өзі орындайды. Атап өткен Ауруларға шалдыққанға дейін ешқандай “детоксикация” шараларын қолданбаймыз! Бұл өзіңіздің өміріңізге қауіпті болуы мүмкін!
 
Нұр -Сұлтан қаласы