Йод – адам ағзасына аса қажет микроэлементтердің бірі. Ол жетіспесе, адамның ми дамуы тоқтайды. Әсіресе, баланың ақыл-ой жетіспеушілігі, психологиялық ауытқуы пайда болуы мүмкін.
Йод тапшылығы холестерин көбею, салмақ бұзылу, летаргия мен күйзеліске әкеледі. Иод жетпесе, қалқанша безінен бөлінетін гормон азаяды. Содан гипотиреоз, басқа да ағзалық ауытқулар пайда болады.
Сондықтан йодтың бар-жоғына аса мән берген жөн. Қазақстанда йод тапшылығы себебінен ас тұзына йод қосу өндірістік қажеттілікке айналған.
Ендеше йоды мол тағамдарға не жатады, соны қарастырып көрейік.
Картоп
Иә, картоптың құрамында йод жетерлік. Әрі бұл өнімнің бағасы да арзан. Суға не буға піскен картоптың қабығында 60 мг йод болады. Байқағаныңыздай, картоп пайдалы болсын десеңіз, қуырмай және қабығымен жеген жөн.
Тұз
Ас тұзының бәрінде йод болады. Бірақ өндірістік өңдеу кезінде жойылып кетуі мүмкін. Кейбір тұзда йод мол болады. Мәселен, гималай тұзының құрамында 500 мг йод болады екен. Сондықтан мүмкіндік болса, гималай тұзын тауып тұтыну керек.
Мүкжидек/клюква
Мүкжидек – жақсы антиоксидант (қатерлі ісіктің алдын алушы). Құрамында йод мол. 120 грамм мүкжидекте 400 мкг йод болады. Йодтың күндік нормасын алғыңыз келсе, аздап мүкжидек жеңіз. Немесе бір стақан балғын шырынын ішсеңіз жеткілікті.
Асбұршақ/фасоль
Жарты стақан асбұршақ пен теңіз асбұршағының құрамында 32 мгк йод болады.
Теңіз орамжапырағы мен балдыр
Теңіз мен мұхит – йодтың нағыз қайнар көзі. Сондықтан теңіз өнімдерінің құрамында микроэлемент мол болады. Мәселен, теңіз орамжапырағының бір мәзіріндегі йод мөлшері бір күндік нормадан 4 есе көп. Оны салат не сорпаға қосып ішсеңіз болады.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz