Қазақстан бойынша 2021 жылдың 28-30 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы шықты.

Ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауғызады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылу, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылу, солтүстік-батыста түнде 0-10 жылудан 6 аяз–5 жылуға дейін, күндіз 0-13 жылу, солтүстікте түнде 3 аяз–6 жылу, күндіз 5-11 жылудан 2-8 жылу аралығында, орталықта 3-11 жылудан 3 аяз–8 жылуға дейін төмендейді, күндіз 7-18 жылудан 2-10 жылуға дейін болжанады, шығыста түнде 3 аяз –10 жылу, күндіз 10-20 жылу, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 жылуды, күндіз 12-27 жылулықты құрайды.
 
Дереккөз: Қазгидромет