Мүсінін тартымды еткісі келетін нәзікжандылар фитнес залдарда жаттығып, түрлі диета ұстанатындығы белгілі. Қос тәсілдің де іш тартуда көмегі көп, алайда бүгін үй жағдайында әрі аз уақытта тегіс іштің иесі болуға көмектесетін 9 тәсіл жайында айтпақпыз.
Диета мен жаттығусыз іш тарту
Денеңізді тік ұстаңыз. Тұрған уақытта да, отырған сәтте де, барлық іс-әрекетті арқаны тік ұстау арқылы жасаңыз. Дене мүсінінің тік болуына тек қана арқа бұлшықеттері ғана емес, сондай-ақ пресс те жауап беретіндігін ұмытпаңыз. Омыртқаңыз түзелгенде ішіңіз тартыла түседі. Сол себепті «Түзел!» деген ескертпені көз алдыңызда көрініп тұратын жерлерге іліп қойыңыз.
Ағзаның созылмалы сусыздануы ағзада су жиналуына әкеліп соғады. Дене әрдайым суды қажет ететіндігі рас. Бойыңыздағы ісінулер мен май жиналуы – дене шөлдеуінің белгісі.
3. Дәретханаға жиі бару
«Үйге дейін» шыдауды доғарыңыз. Бұл күлкілі болып көрінер, бірақ сіздің ішіңіздің мөлшері тамақты төмен қарай итеретін бұлшықет қозғалысымен тікелей байланысты. Дәретханаға неғұрлым аз барсаңыз, соғұрлым созылмалы іш қату үдей түседі. Әжетханаға уақытылы бару ішектеріңізге деген қарым-қатынастың белгісі іспеттес.
Компьютер немесе теледидар алдында тамақтанбаңыз. Тағамды кем дегенде 10 рет шайнаңыз. Табиғат бізге шайнауға көмектесетін тіс сыйлады. Шайнамаған өнімді қорыту арқылы өзіңізді қинамаңыз. Сондай-ақ, тағамды тез сіңіру асқазанға ауа жиналуына әкеледі. Оның салдары газ түзілуі мен іш кебуіне апарып соғатындығын ұмытпаңыз.
Қысқа үзілісте үш бутербродтан гөрі бөліктерге бөліп, бір бутерброд жеген тиімді, себебі екі жағдайда да бірдей қуат аласыз.
Пробиотиктерді қолданыңыз: айран, табиғи йогурт және ацидофилин. Бұл тағамды қорытады әрі сіңіруді барынша жеңілдетеді.
Күнделікті кем дегенде 30 минут жаяу жүру пресс бұлшықеттерін электр қуатымен ынталандыруға арналған барлық жаңа гаджеттерге қарағанда көбірек әсер береді.
7. Сағыздан бас тарту
Шайнау кезінде асқазанға ауа жұтылады. Егер сізге деміңізді сергіту керек болса, ауыз қуысына арналған спрейді немесе мұз кәмпиттерді қолданыңыз.
Тұтынатын өнімдеріңіздің қатарына D мен В дәрумендерінің кешеніне бай тағамдарды қосыңыз. Олар май жағуға жауап беретін гормондардың өндірілуіне әсер етеді. Құрамында дәрумендері бар препараттар өнімдерге қарағанда ағзаға нашар сіңеді әрі көмегі де көңіл көншітпейді.
Күйзеліске түскен кезде сіз жиі тамақтанасыз. Ал ағзаңыз іш қатудан және басқа да ас қорыту жүйелерінің бұзылуынан зардап шегеді. Сонымен қатар, күйзеліс кезінде іш аймағындағы майлы қабаттарға жауап беретін кортизол гормонының өндірісі артады. Осылайша, біздің ағзамыз ішкі ағзаларды сыртқы ортадан қорғауға тырысады. Өзіңізді жан тыныштығына жетелеу мен тегіс әрі әдемі ішке ие болу үшін күніне 20 минут уақыт тауып, демалып отырыңыз.