Есінеу феномені әлі күнге дейін жақсы зерттелмеген,яғни бүгінгі ғылымға адамның неліктен кейбір жағдайлар да есінейтіні белгісіз болып отыр.Оның есесіне адамның есінеген кездегі қандай көңіл –күйде болатындығы жақсы таныс.Миокарт инфаркті секілді өзге де қан айналымының бұзылуына және оттегінің жтіспеушілігіне байланысты арулар кезінде есінеу жиі қайталанып отырады.
Есінеу адам миының жұмысын күшейтеді деген теория да бар.Баяу және терең тыныс тартқан кезде қан құрамы оттегімен қанығады.Ал ауыз қуысының ,беттің,мойынның бұлшық еттерінің есінеуге қатысуы арқылы бастың қан тамырларындағы қан айналымы жылдамдайды.Осының нәтижесінде миға қан тасымалы күшейеді де,ми қыртыстары жақсырақ жұмыс істей бастайды.
Оған қоса есінеу дабыл жарғағын да қорғайды.Егер сыртқы ауа қысымы ауытқып жатса,ішкі қысым мен сыртқы қысым үйлеспей қалады,сондықтан құлағымыз бітеліп қап жатады.Ортаңғы құлақ түтігі жұтқыншақпен евстахий түтігі арқылы байланысып жатқандықтан,есінеген кезде бұл түтік ашылады да ,ортаңғы түтікке ауа кіргізіп,ішік қысымды атмосфералық қысыммен теңестіреді.
Есінеудің жұқпалы екені белгілі; бір адам есіней бастаса ,айналасындағылардың бәрі есіней бастайды.Бұның себебі есінеудің еліктеу рефлексі ретінде тез пайда болатындығымен түсіндіріледі.Еліктеу рефлексі бізді тек есінетіп қана қоймай,жанымыздағылар күлімсіресе ,еріксіз езу тартқызады.