Назира Əліханқызы

Болған оқиға ізімен...

Жалғасы

Қалаға жетіп өзі тоқтаған қонақ үйге келдік. Заттарымды орналастыруға көмектесті де, жуынуға кетті. Жуынып шыққан соң сыртқа шығып дəмханадан кешкі ас іштік. 

"Ертең ерте қайтамын. Ұйықтау керек. Уақыт біразға барып қапты"- деп орнынан тұрды.

"Ертең ерте қайтамыны" ұнамай қалды маған.

Үш-төрт сағат қалыпты.    Сосын көремін бе, көрмеймін бе кім білсін...

      Бөлмеге келген соң киімімді ауыстырғым келген, айтпай түсінді. Жарықты барып сөндіріп келді де:

 -Əлі солай ма? Бөтен адамдармыз ба? Онда несіне келдің?

-Білмеймін, менен  жасың  көп кішкентай, сосын ұяламын. Сен неге мені алып келдің, осыны біліп тұрып?

-Білмеймін...  жанымның қалауы, бəлкім. 

- Неге көрдім сені? Неге таныстым? Неге ұнаттым? Неге менен  кіші болдың, үлкен емес? Неге?  Неге? ???

- Ол Алланың қалауы.

  Алдына алып сəби құшақтағандай құшақтап отырып,  қандай кішкентай едің, қарашы  екі табаның менің бір алақанымдай-ақ, жарым белімнен келесің- деп күлді.

- Жоқ, сен үлкенсің ғой, сенің жасыңдағы жігіттер əлі бала. Расымен ұзын бойлы, денелі, сымбаттысың, саған модель болу керек еді.

-Иə, оқып жүргенімде барып журналдарға, киім жарнамаларға барып түсетінмін. Мамандығым қаржыгер болған соң, оны тастап кеттім - осылай деді де, құшақтаған күйі шалқасынан жастыққа құлай кетті. Шашыммен ойнап жатып,

--Наз, мен үйленемін- деді.

- .......

-Үйдегілер үйлен деп жатыр, міне мына қыз. Телефондағы суретін көрсетті.

-Жақсы екен.

--Ренжімеші.

-Жоға, сен алдымен менікі, сосын оныкісің ғой. Дұрыс па?

-Иə, - деп, бір шешімі табылғанына қуанып қалды, қысып құшақтаған күйі бір-екі минутта ұйықтап кетті. Жымиғаны сондай əдемі. Қап-қара толқынды шаштары, қалың қасы мен ұзын, қайратты кірпіктеріне қарап жатып, көз ілмей таңды атырдым. Будильникке қойған-ау, телефоны шырылдап қоя берді. Қақпақтай телефонды ары-бері айналдырып қалай өшіруді білмедім. Құлағына тосып жүріп зорға оятып алдым. Асығыс киініп, жолға жиналды. Шығарып салып тұрып,

-Қалшы- деп ем,

-Ақымақ, мұны тағы енді кетіп бара жатқанда айтып тұрсың ба?..- деп, маңдайымнан сүйді де, кете барды.

-Аппақ! Мен қолымды бұлғадым.

-Келемін.

     Иə, ол келеді. Бір жылдан соң, бəлкім екі,   тіпті он жылдан соң шығар. Бірақ ол келеді.

 

Сен жақтан ескен самалдан көктемнің иісі аңқиды.

Келді-ау деп бірге көктеммен,

көңілім күй боп шалқиды.

Жолыққан жалғыз жүректер,

сөз таппай үнсіз толқиды.

Өткізген бірге аз уақыт

 ғұмырыма татиды...