Махаббат хикаясы

Ғани Әлихан

Үшінші қатар дегенім досым , менен әрі кетсе он қадам жер ғой , басымды көтере қарағанымда анық көрдім .

Үстінде қызыл көйлегі бар ұзын бойлы келіншек менен көз алмай тұрды .Тек көздеріміз түйіскенде ғана сырт айналып адамдар арасына кіріп жоқ болды . Жүрегім дүрсілдеп қоя берді . Кім болса да танысым екені белгілі . Негізі Алматы базарлары сондай , анда - санда ескі таныстарымда кездесіп жататыны бар . Алайда мынаның тесіле қарағаны жайдан - жай емес . Оның үстіне менің көргенімді байқағаннан тобырға кіріп жоқ болды . Демек кім болсада қимасым болғаны дедім де қарғып жолаққа өтіп соңынан түстім .



- Әй сен қайда барасың , есің дұрыс па өзі деп айқайлап Камила қала берді . Онымен айтысып отыратын уақыт жоқ , жеделтетіп желіп келемін . Екі жағымда сатушылар ортасында әрі - бері ағылған адамдар . Әне , әне көп жүрмей көзім шалды , ұзын көйлегі шұбалып суыт жүріспен кетіп барады . 
Ехх шіркін жүрісінен жазбай таныдым ғой . Жүрегім аузыма тығылып тынысым тарылып кетті . Өйткені бұл менің Айком ғой Айком . Қап құрғыр ай , мұны Алматыда көрем деген мың ұйықтап түсіме бір кірмепті . Енді қайттім . Аузыма сөз түспей тұрсада атын айтып айқайға бастым .

- Айко . Айко тоқташы деймін . Ол мұны естідіме жоқпа білмеймін жүрісін үдете түсті . Мен сорлы болсам жете алмай әлекпін . Ашық жер болса бір жөн ғой ал мына жерде құжынаған адам . Бірінің аяғын бассам біріне соқтығып әрең келемін . Оның үстіне сыраға сылқия тойып алғаным бар , аяқ қолым айтқаныма көнер емес . Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой тағыда айқайлап көрейінші . Мүмкін мұндағы у шудан естімеген болар .

- Айко тоқташы енді Айко . Мен Әскербекпін ғой тоқташы деймін . Менің айқайыма көңіл бөлер Айко жоқ , зып беріп екінші қатарға өтті де кетті . Ойбай мынаған шыныменде жете алмаймын ба сонда . Онан кейінгі қатарға өтсе болды , базар бітіп үлкен жолға жетеді . Ал сонан соң тауып көр мұны . Не деген жүйрік едің . Өзім жеті жылда бір көріп тұрмын . Қиын екен . Көзіммен көріп тұрмын ғой енді тым болмаса жүзіне бір үңілсемші . Содан тағыда сол айқайға бастым .

- Айко , Айғаным тоқтай салшы енді . Тым болмаса бір қарашы деймін . Сонда ғана жалт қараған Айко көзілдірігін шешіп тоқтай қалды . Жүгіріп кеп қапсыра құшақтап бетінен сүйе бастадым . Сол сәт ақаңның иісінен бе әлде басқа себеппе білмеймін , кеуде тұсымнан итеріп кеп жіберді . Алайда өз ісінен өзі ұялса керек .

- Айналада ел жұрттың көзі бар ғой , сабырлы болшы . Менің сенімен әңгіме айтып тұратын уақытым жоқ . Таныдым , көрдім , білдім ғой . Бақытты болғаныңа тілектеспін . Енді аман бол , хош бол деп қолын созды . Есеңгіреп кеткенім болар , ес жия алмай біраз тұрдым да, менде қолымды создым . Алайда иығында сөмкесі бар кішкентай баланың қолын ұстаған Айко кетуге айналды . Сонда ғана мен бейбақ қолын маған емес менің қасымда тұрған балаға созғанын түсіндім . Осылайша шешесінің соңынан ерген кішкентай бала төмен қарап кете берді . Мен де қалмадым , қатарласа жүріп кешірім сұрай бастадым . 

- Айко тоқташы . Тым болмаса жәйырақ жүрші . Өтінем сенен , кешірші мені . Сенесің бе жоқпа , сол кеткеннен саған қайтып бар алмадым ғой . Өйткені ауылға келген соң біраз өзгерістер болды . Бірақ мен сені іздеп бір емес бірнеше рет бардым . Тек арадан екі жыл өткенде бардым . Алайда таппадым . Тіпті Саранғада барғым келді дейбергенімде сөзімді бөлген Айком өзі сөйлеп кетті .

- Әскербек . Енді маған мұны айтудың да менен кешірім сұраудың да қажеті жоқ . Өйткені болар іс болды , қайтып келмейді . Сен мені сүйгендей мен де сені сүйгенмін . Сол үшін де мен саған жан - тәніммен берілдім . Тіпті жылдап күтіп жүргенімде бар . Өзің молынан кеттің , хабарсыз кеттің . Бірақ менің саған өкпем жоқ . Өйткені мен қазір бақыттымын . Ұлым бар , отбасым бар деп бірақ тоқтады . Енді не деймін , үстіне киген киіміне қарасам жаман тұрмайды . Көзге көрініп ақ тұр . Базар жағалаған соң білеміз ғой , киіміне қарап кімнің қандай жағдайы барын . Шыныменде бұл енді мені қайтсін . Қолында жетектеп жүрген ұлы бар , құшағында байы бар . Айтқандай мына ұлға көз салып бір қарайыншы , аты кім екен өзі .

- Әй бала , бесті әкелші қане , атың кім сенің деп бетіне үңілдім . Сонда ғана қолындағы кәмпитін лақтыра салған бала басын көтеріп көзіме қарады . Астапыралла ! 

Мынау менің бел балам ғой . Менің аузымнан түсіп қалғанба дерсің . Досым ау менің , сенсең сенгенің сенбесең қой . Мені бес есе кішірейтсең тап мына бала боламда қаламын . Ал бұл баланы бес есе үлкейтсең менің көшірмем боп шыға келеді . Тіпті көзін жұмып қас қаққаныда менікі . Ия ия , менікі дедім ғой Ғани менікі деп жылап жіберді . Мен не дейін бар болғаны басу айтып басымды қасыдым . Бірақ тек қана басымды қасибермей досымның сөзін жүрегіме жазып жаттым . Содан соңы не болғанын қайта сұрадым .

- Не болушы еді . Сол балақайдың атын естігенде ғой тіптіде боскеудеге айналдым . Өйткені атым Әскербек дейді қасын қағып - қағып жіберіп . Мына сөзге қаттым да қалдым . Содан отыра қалып ойлана бастадым . Есепке шорқақ болсамда 93 - тің қырқүйегін 2000 - нан алып тастадым . Міне жауап 6 жас , жәнеде қосу 1 жас ойдағы бар . Демек мына бала алты жастан кетіп тұр . Ал иығындағы сөмке жап - жаңа сөмке , бүгін ғана сатып әперіп тұр . Өйткені осы биыл мектепке барады . Осыны ойлағанда қуанышым қойныма сыймай кетті . Ал енді алдымда бір ғана сұрақ тұр , кімнен сұрағаным жөн . Мамасынан ба баласынан ба . Мамасы білгенменде айтпайды . Баласы болса білмеген соң айтпайды . Бірақ мен сұрауым керек қой . Қысқасы Айкоша деп орнымнан тұрдым . 

- Ренжімесең сенен сұрайыншы , тек шыныңды айтшы . Әскербек кімнің ... дейбергенім сол екен , сұқ саусағын аузына ұстап Айко үндеме дегендей ишарамен қарады . Мұны көргенде меніңде үнім өшті .

- Баланың көзінше керегі жоқ сөзді айтпай ақ қой . Тіпті сұрамай ақ та қой . Өйткені енді ештеңені өзгерте алмайсың дедім ғой Әскербек . Бұл папасының баласы , бітті . Ал енді сау бол , жолымды берші деп алдыма түсе берді . Мен онымен тағы да қатарласа жүргім келді . Алайда жолымды өзі бөгеп соңғы сөзін айтты . 

- Мені шын сүйгенің распа?-  дейді . 

- Жанымау менің рас қой рас , Алла куә !- дедім .

- Ендеше мені тыңда Әскербек . Осы сөзің рас болса , енді мені іздеме . Сұрама да , жолама да . Жолымада бөгет болма . Ал мына бала жайлы мүлдем ұмыт . Мені де ұмыт . Айттым ғой саған , менің отбасым бар . Бес жыл болды . Мен қазір бақыттымын . Өйткені міне , жалғыз болсада мына балам бар . Ал сені жылап күткен күндерімнің бәрі әлдеқашан ұмыт болған . Еркексің ғой сен , жігітсің . Сөзіңді бер . Сөзіңе қоса қолыңды бер , болды деп қолын созды . Міне досым , енді не дейін осыдан соң айтарға сөзім қалмай амалсыз ғана менде қолымды создым . Ал онан әріге бара алмадым . Өйткені көлікте күйеуім күтіп отыр деген Айком шығарып салуыма түбегейлі қарсы шықты . Осылайша қаққан қазықтай қол бұлғап қала бердім . Ал ұзын көйлегі шұбалған Айко менен ұзай берді , ұзай берді . Көзімнен тамған жасты сүртіп қайта - қайта қарай бердім . Өйткені тап солай қарай бергім келді . Алайда көп өтпей балақайда Айкомда көзден ғайып болды ...

 соңы...