#егіз жүрек
 
 
Келген қонақты барын салып күткен мамам басында ештеңе білдірмеді . Жәйбарақат танысып күліп - ойнап әңгімеге көшкен .
 
Сонан болар мағанда ешқандай жаман ой келмеген . Алайда соңына қарап іс насырға шапты . Қонағымен жақсылап алған мамам мен сізбен ақылдассам деп едім деп қойып қалды . Ойында түк жоқ енем оған құлағын түрді :
 
- Ал енді қонақ келсе құтымен деген бар ғой , құт болсын . Дастарханымды сыйлап келгеніңізге рахмет . Бірақ сізге айтайын деген ақылдасайын деген ойым бар еді . Шынымды айтсам айтуға тілім де бармай тұр айта алар емеспін . Қалғаныгн өз қызыңыздан сұраңызшы деп сөзді жеңешеме бұрып жіберді . Мұны түсінбеген енем қазақша ,орысша шүлдірлеп қызын шақырды . Жағдайдың ушыққанын сезіп мен де өз бөлмеме зып бердім . Сонан соң ұлы айқайда , кіші айқай басталды .
 
- Айт жаныңның барында !- деді енем жеңешемнің шашынан ұстап алған . Ол байғұста үн жоқ , шырылдап жатыр . Енді ашуға мінген енем онан сайын құтырып қызын тепкінің астына салды . Бәрін де естіп сезіп жатырмын . Бір кезде мамам араша түсті .
 
- Ұрмай- ақ қойшы жай ғана түсіндірші — деді жалынып . Оны тыңдайтын енем жоқ , айдаусыз жынды екен , тепкіні үдете түсті . Жеңешемнің жан айқайы шықты .
- Сонша жерден келгенде естиін деген сөзімбе мына сөз ?- деді енем . Мамам онан сайын жалына бастады .
 
- Тым болмаса шашын жіберші келіннің - дейді . Келін дегені үйреніп қалған сөзі ғой байқамай қалды .
 
- Қайдағы келін бұл саған !- деп енем шап берді . Бірақ жеңешемнің шашын сонда да жібермеді . Жауырыннан шартылдатып сабап , қос бүйірінен тепкілей бастады . Осының бәрін естіп сезіп жатқан менен де шыдам бітті . Атып шығып араласа кеттім . Не деген қолы қатты қатын, мынау бір уыс шашын жұлып алды . Жылаған жеңешем әрең құтылды . Алайда ашуға мініп алған енем оныменде тынбады .
 
- Ілмиіп қалған мына сарыауызға қалды ма күнің қаншық ?- дейді . Жеңешемде тағы да үн жоқ . Енемде болса тоқтау жоқ .
 
- Әй мынау әлі бала ғой ойбай бұл сенің кенже бауырыңнанда кіші ғой ей қаншық !-дейді . Мамам тағыда ортаға түсті .
 
- Қойыңызшы енді ұрмаңызшы ! -дейді жыламсырап .
 
- Сіз енді араласпаңыз . Таяғымды жеп өскен қыз ғой бұл . Тап қазір бұл қаншықты не әрі қыламын ,не бері қыламын деген енем енді оқтауға жармасты . Қап құрғыр ай қонақ бөлмеде оқтау қайдан жүр десейші . Ее жеңешем қамыр жасап жүріп өзі әкелген екен ғой , маңдайына сор боп тиді . Құрсын не деген жауыз қатын мынау . Бүк түсіп жылап жатқан қызын оқтаумен төмпештей бастады . Сол кезде менен шыныменде шыдам бітті . Қолын қайырып тұрып оқтауды жұлып алдым . Енем қайта ұмтылды . Жіберем бе сірә , қапсыра құшақтап алып тырп еткізбедім . Сол сәтте су әкелген мамам келіннің аузына тосты . Аянышты өзі . Бетіне қарауға болмайды , көккімбек боп шыға келді . Сонда ғана мамам оңбай қателескенін түсінді . Келіннен қорықпасада ,менен қатты қорықты . Өйткені «сізге керегі осымеді мам »деген бір ауыз сөзім жанына қатты батты . Жылады , жылағанда да еңіреп берді . Алайда қонақтың сөзі құлағына қонымды болды . Себебі жыны басылған енем үкім шығарды .
 
- Әуелі , тұр қаншық көтер басыңды !-деп жылап жатқан қызын шақырды . Онан жыламаңыз деп мамама басу айтты . Соңында отыр мұнда деп маған шүйлікті . Осылайша төртеуіміз астан кестені шыққан дастархан басына қайта жиналдық .
 
- Сенің әкеңе еріп сонау Ресейден келдім . Жас едім , жастыққа мас едім . Әкең қандай еркек еді көрдің ғой . Құдай қосса амалың жоқ әкеңе тиіп қожаларға келін болдым . Солардың отынан кіріп күлінен шықтым . Ал сенің мына тірлігіңді естісе әкең көрінен бір аунап түсетін шығар . Қысқасы ендігі әңгіме былай . Тап қазір сен қаншық маған уәде бересің . Қойдым , болды , бітті бәрі дейсің . Жас балаға жоламаймын деп ант ішесің . Ал енді барда анау бет аузыңды жуып кел деп жекіді . Алайда жеңешем орнынан тұра алмады . Қайдан тұрсын тепкінің астында өле жаздады . Бірақ сондада жақ ашпады . Не қойдым демеді, не болдым демеді . Орнынан да тұрмады . Тұрғысы келді -ау бірақ тұра алмады . Енді менің мамам жүгірді . Құманмен су әкеп аузы басын сүртті . Енем шіркін міз бақпады , тіпті кірпік қақпай жауап күтіп отырды . Арадан біршама уақыт өтті .
 
- Ей ,қатын ! Жауап бер!- деген енем тағы да шәңк етті . Оған енді мамам жалына бастады . Мұнанда қайран болмады , жеңешем бүк түсіп бетін басып жатып алды . Енді мамам маған сөз салды .
 
- Құлыным сен қойдым деп айта салшы жарығым , күнім !- дейді . Мен де үнсіз қатып отырып алдым . Менен жауап болмасын білген мамам қайта жылап бастады . Оны енем жұбатып жатты .
 
- Сіздің балаңыз әлі оқушы ғой . Бұл балада кінә жоқ . Кінәнің бәрі міне мына менің қаншығымда . Ақыл есі дұрыс емес мұның . Бетім ай дұрыс болса өзінен он жас кіші баламенде ойнас жасайма деп жеңешемнің басына бір тепті . Бәрібір жеңешемнің үні шықпады . Бетіне жаулығын басып жатып алды . Бір кезде қызынан жауап ала алмаған енем де бақырып жылап берді . Ее мына көкбет қатында жылайды екен ғой деппін- ау сонда . Жылап отырып бұл қатын кемсеңдеп сөйлеп кетті .
 
- Ертең ақ некелеріңді қидырып жіберем сен екеуіңнің - дейді . Мұны естіген мамам шошым түсті .
 
- Қайдағы некені айтасыз ?- дейді жыламсырап . Оны тыңдайтын енем бе ағынан жарылды .
 
- Мынау менің екінші қызым . Мұнан соң бір ұлым бар , былтыр мектеп бітірді . Тұңғышым ол да қыз Алматыға тұрмысқа шыққан . Онан кейінгісі осы қаншық . Кешегі сотталған бай мұның екінші байы . Ол ақымақтың өз отбасы бар, он үш жасар ұлы бар . Солардан ажырасқан бейбақ еркек олда . Бұл қаншықтыңда бірінші байы оңбады . Нашақор бәле қит етсе қызғанып ұрып соға берген соң ажырасып тынды . Сөйтіп кешегі адам өлтіргіш кәззапқа тиді . Бірақ мен оған айтқанмын . Ұлыңнан басқа ешкім іздемейді сені , енді сонан ғана үмітің бар дегенмін . Сөйтіп сотты боп жүргенде некеден алдырдым . Дұрыс қой енді , оны менің қызым іздеп бара алмайды . Өзі де Ресейдің түкпірі Камчаткаға түрмеге кетеді деген . Меніңше енді бізге қалғаны мыналардың дегеніне көну ғана . Құдай сақтасын бұл қылмысты осы төртеуімізден басқа ешкім естімегей . Мен қызымды білем ғой жасынан осындай жақ ашпайтын партизан . Таяғымды жеп өсті . Сосын сіздің де балаңыз оңып тұрғаны шамалы , жалғызым деп жүгенсіз жібергенсіз . Соңында жалмауыз болыпты . Ал енді мен осымен аяқтадым . Соңғы сөз өзіңізден болсын деген енем қайтып жақ ашпады . Не деп айтарын білмеген мамам аңтарылып отырып қалды . Енлі тыныштықты жеңешем бұзды .
 
- Мені кешіріңіздер мен кетемін ! — дейді .
 
- Қайда кетесің , сен ешқайда кетпейсің ?!- деп мен шықтым . Мұны естігенде енемнің көзі шарасынан шығып маған ұмтылды .
 
- Әй жүгірмек , жөніңе отыр сен ! — дейді .
 
- Отырмаймын !-дедім безірейіп . Тіпті бөтен қатынның ұлына «жүгермек» деген сөзі мамамның жүрегін тесіп жіберді . «Аһ» деп барып қайта жылап бастады . Өйткені мұндай сөзді маған өзі айтып көрмеген . Бірақ бұл көпке бармады . Мамам сүйей отырып жеңшемді үйіне алып кетті . Сол аралықта қызыңды мен жақсы көремін . Онсыз өмір сүре алмаймын ол ешқайда бармайды деп айтып салдым .
 
- Жетіскен екенсіңдер ! -деп кекесін қайырды . Көп өтпей мамам кірді . Енемнің ашуы келгені сонша сол түні қызының үйіне бармай біздің үйде түнеді . Ертесіне қалаға қарай жол тартып сол кеткеннен мол кетіп он үш жыл бойы көрмедім . Ал шарасыз қалған мамам тағы да бір рет жеңешемді шақырып басу айтты .
- Қойыңдар енді жетер !-дейді . Онымен ессіз ғашықтарда тоқтам болмады . Сөйтіп жүріп мектебімді бітірдім . Енді бізге шыныменде айрылысатын уақыт жетті ...
 
Жалғасы бар...