#Егіз жүрек
 
 
Соңғы қоңырау жақындаған сайын мамамнан шыдам кетті .
 
- Анау директор ағаңа айттым оқуға өзі апаратын болды - деді . Бұрын осы Таразда оқы үйге жақын жерде дейтін мамам , енді Алматыға не Қарағандыға барасың - деп шықты . Оған себепте жоқ емес
қой, себепші мына көрші жеңешем . Бар білгені осы жеңешемнен алыстатып айыру ғана . Оның үстіне ағаң сол Алматыда оқыған бұрыш - бұрышына дейін біледі әрі таныстары көп деді .
 
Сөйтіп жүргенде соңғы қоңырау өтіп емтихандар басталды . Достарым маған таң қалысып жатты . Өйткені олар есейіп ержеттік деп қыз қырқынмен ашықтан -ашық жүре бастады . Бірақ менің айналамда сонша қыз болсада мен солардың біреуіне де жақындамадым .
 
Былтыр тоғызыншыға аяқ басқанда Эльмира деген қызға сөз салғаным бар еді . Мақұл деген жауап алсам да соңы аяқсыз қалды . Өйткені мына жеңешемді көргелі менен ес кетті , Эльмира жөніне қалды . Енді менің оқуға кетсем мұнымен әмпей - жәмпейім бітері анық . Бұл басқаны табатынына күмәнім жоқ . Себебі төсекке деген ынтасы ұшан -теңіз мұның . Темперамент деген тасып төгіліп тұр . Оның үстіне бұл да маған ессіз ғашықтың бірі . Жібергісі келмейді , айрылғысы келмейді . Оқуға қайда барасың деп сұрап бастағалы қашан .
 
- Мамам Алматы деп отыр дедім .
 
- Дұрыс деп құптай жөнелді . Дұрыс қой , кішкентай ғана Таразда нең бар ?-дейді . Оқыған соң Алматыда оқу керек . Ол үлкен қала , әдемі қала әсем қала . Ол біздің Астана !- дейді .
 
- Әрине ,жаным !Алматы әдемі қала деймін мен де . Құдды бір Алматының Көк - Төбесімен Медеуін шарлап тастаған жігітке ұқсап . Әйтпесе бала күнімде екі рет барғаным болмаса Алматыны көріппін бе ? Онда да мамамның бір орыс боп кеткен туысқандарының үйіне барып , қайтқанша асыққанмын .
 
Өйткені ол үйдің менен екі жас үлкен Русик деген ұлы болды . Бірге ойнаймыз . Бірақ мен қазақша ол орысша . Ол қазақшамды қақпайды мен орысшасын ұқпаймын , әйтеуір итшілеп сөйлесетінбіз .
 
Оның үйінде мамама жақын кісі кәрі кемпір ғана . Бір отбасында сол кісі ғана қазақша сөйлейтінде басқасының бәрі дүбәрә . Сол Рүстемің қазір 40- тан кетті . Әліде сол шүлдір - шүлдір бір ауыз қазақша сөйлемейді . Енді мен сондай ортаға бармақпын . Бұл Рүстемнің үйіне ғой бармасым анық не болса да бағымнан көрермін деп жүрдім . Енді сіз мына қызықты қараңыз !
 
Мен Алматыға барып оқуға топ ете қалдым . Топ екткенде де атақты оқу орындарының біріне түстім . Бағым шаптыма бабым шаптыма білмеймін тіпті бір тиынсыз түстім . Міне бұл дегенің енді басқаша емеспе ? Сөйтіп менің студенттік өмірім басталды . Айтқандай , студент атанып ауылға келгеннен жүгіріп жеңешеме бардым . Қалай ғана көрмей кетейін сағыныштан сарғайып жеттім ғой . Бірақ жеңешем менің өзгеріп шыға келді .
 
- Енді бәрін доғарамыз - дейді .
 
- Есің дұрыспа сенің деп шошып кеттім . Мұндай сөзді күтпеген едім .
 
- Түсінем ғой сені , бірақ осымен бәрі бітті . Енді сенің болашақ өміріңнің күл талқанын шығарғым келмейді - дейді жыламсырап . Мұнысына шыдамай кеттім . Қап бәлем мен он бес күн кеткенде басқаны тауыпты ғой деген сөз миыма зып берді . Содан құлақтың түбіне шарт еткіздім . Отырған төсегінен шалқалай құлап аударылып түсті .
- Кім ол айт !- деймін . Айтасың , айтпасаң өлтіремін деп шашынан ұстап тұрғызып алдым . Бұл маған жалына бастады . Жер бауырлап жатып жылап берді .
 
- Алла бар төбемде . Менің ешкімім жоқ . Тек сен үшін Сако бәрі де сен үшін . Жақсы көрем сені жаным менің , жанымнанда жақын көрем сені . Тек ұра көрмеші мені - дейді жалынып .
 
- Жарайды , орныңнаң тұр енді . Сосын сен маған мынаны айт неге бәрі бітті ?-дейсің деп сұрадым . Өксігін әрең басқан сорлы сайрап берді .
 
- Қарашы жаным , өзің ойлашы . Сен менен он жасқа кішісің . Мені аласыңба сен , алмайсың ғой . Ал алам десеңде мен саған тимеймін . Өткенде інім келіп кетті . Мамам бір жапырақ хат беріп жіберіпті . Сен бүткіл бір біздің әулетті жерге қаратып қарабет қылдың . Енді , қайда жүрсеңде аман жүрсең болды . Бірақ анам бар деп босағамды аттаушы болма , өлігіммен хоштас . Сосын саған соңғы айтарым , ол ауылдан көзіңді құртып қараңды батыр депті .
 
Соған өзім іздеп мамама бардым . Бірақ есікті ашпай қойды деп еңіреп жіберді . Мына сөзге жүрегім елжіреп кетті . Қызық екен мамаң деймін . Не десем екен , сандырақтай бастадым .
 
- Не деген жауыз сенің мамаң . Көрмесе қойсын сені . Менің мамам бар мен бармын , үшеуміз тұра береміз . Мамасын туғалы көрмегендерде дін аман ғой - дедім .
Мен бұл сөздерді сол кезде шын жүрегіммен айтып тұрдым . Тіпті солай болса екен деп армандадым . Алайда оның да жауабы дайын екен .
 
- Эх Саконтай , жаным менің , олай болуы мүмкін емес
қой . Сен қазірше мені жақсы көресің . Ғашық екеніңе де күмәнім жоқ . Бірақ , ертең - ақ бұл күндер өтеді . Сонда сен бәрін түсіне бастайсың . Мұның бәрі де балалық екенін түсінесің . Төбемде құдай қарап тұр ғой сені бір көргеннен ғашық болдым . Тіпті есім кетіп құдай ұрды мені . Әрине ағаң барда бұл ұят нәрсе еді . Бірақ мен сол ағаңды ерні түгі бетінен сүйіп көріппін бе ?. Шашынан иіскеп көріппін бе ? Құдай қосты деп құдайдан қорыққаннан ғана жататын болдым . Бірақ менің оған қалай тигенімді сен сұрамашы мен айтпайын дейді .
 
- Оны сұрап қайтемін . Сенің қалай тигенің түкке қызық емес маған деп қысқа қайырдым . Сонда ғана жүзіне күлкі үйірілген жеңешем жымиып шыға келді . Апырай деймінда . Бұл не деген қатын өзі таяқты жеп - жеп жылап алып бес минуттан соң дым көрмегендей күле салады . Сорлының еті өліп кеткен болғанығой деймін . Демек бірінші байдан да екінші байдан да көресіні көрген бейбақ екенғой . Осы бір жылда менің өзімнен де төрт - бес рет оңбай таяқ жеді . Бәрібір міне осы . Сол жерде жылап алып , соңынан жаным - күнім деп отыра береді .
 
Бағы ашылмаған қатынды қойшы мұны . Енді мұның бағын мен ғана ашамын . Қайтып қол көтермеймін . Ұрмаймын тіпті ұрыспаймын . Қарашы , қарашы өзін . Күлімдеп қарағанының өзі керемет . Көз қиығын сап жымиғанын көрсең құлайсың . Көріктім менің !
 
Сенің көркіңе тоймаймын ғой сірә . Қане келші бері , құшақтап алып шашыңнан иіскейінші . Шиедей ерініңнен сүлікше сорайыншы деп тап бердім . Алайда құшағымнан сытылып кеткен жеңешем сөзге басты .
 
- Сакон тыңдашы мені Сакон !- дейді . Саған бар ғой бір қызық айтайын . Өткендегіні сен қайда жасырдың , соны айтшы деп сұрады . Сонда барып менің миыма альбом дегені сап ете қалды .
 
- Альбом дегенің ақша ғой ия ,айта бер - дедім . Әнеубірдегі келген менттің сөзінен ұққаным сол еді .
- Бүгін қараңғы түсе соны қазып әкелші Сакон , екеуміз отырыр санап көрейік -дейді . Бірақ сен ақша дегенді аузыңа алушы болма деп ескертті .
 
Мен онымен келісе кеттім . Сөйтіп отырғанда мамамның жұмыстан келетін уақыты болды . Шәй қоюға үйге қайттым . Осылайша сағынып жеткенімде жеңешем бермей алғаш рет бетімді қайтарды . Бірақ алда кеш бар ғой ,түн бар сол түннің тәттісінде көрермін деп үйге жеттім . Содан құлыным деп жеткен мамаммен біраз отырып көшеге кеттім деп зып бердім .
 
Қолымда келте шолақ баяғы күрек бар . Қорғанның ішкі бұрышын қазіп жүрмін , қазып жүрмін алайда ақшаның ұшы көрінер емес . Осы жерме өзі деймін . Ия тап осы жер еді ғой деймін өзіме - өзім жауап беріп . Айнала тастай қараңғы , оның үстіне жеңешемнің үйінің жарығын сөндіріп тастағанбыз . Ешкім көрмесін дегеніміз ғой . Қысқасы әрі - бері қазып таппай ұрыны қарақшы бастымекен деген оймен басымды ұстап отыра кеттім ...
 
Жалғасы бар...