- Сонда ақшаны кім алған , шынымен таппадың ба ?-дегенімде ,Саконтай онан әрі ойға батты . Сол ақша есіне түссе керек әлде басқа да құпиясы барма , әйтеуір соңынан күліп алды .
- Жоқ - жоқ ешкім алмаған . Таптық қой итшілеп жүріп таптық- деді . Мен қорғанның екі бұрышынан бір - бір қадам санап көмген едім . Сөйтсем қарбаласта байқамаппын , оң жақта тұрған қаңылтыр желге құлап әрі кетіпті . Оны жеңешем қайта тіктеп қойған . Мұны өзі айтқанда ғана байыптай бастадым . Содан ағаштар арасынан бір метрдей бері қаздым . Жұмсақ топырақтан күрекке ілініп бір бума шыға келді . Алып үйге жүгірдік . Есік терезені қымтап тастағанбыз жарықты қосып санай бастадық . Теңдей 21 мың сом шықты. Яғни баяғы белі сынбаған КСРО ның 21 пәшкесі — деді .
- Құдайың саған қос терезеден берген екен- ау деп арқасынан қақтым . Бірақ Саконтайымда көңіл күй болмады . Оған қарамай сұрақты үйіп төктім . Сонымен …
Сонымен үш - төрт күннен соң оқуға кетуім керек . Әлгі қаладағы мектеп директоры ағам апарып келмек . Жатақхана деген ол заманда проблема , ертерек барып орналасуым керек болды . Бірақ мен жеңешемді тастап кеткім келмеді . Сөйтіп отпен судың ортасында қалдым . Енді қайттім , оқуға кетсем мына жеңешем маған жоғын білдім . Бармай қалсам мынандай оқуға түсіп оқымаған ақымақ болғаным . Ол да түк емесау мамамды масқара қыларым анық . Алайда Саконтай күте тұршы деген жеңешем далаға зып берді . Соңынан қарап тұрдым , зулап отырып біздің үйге кірді . Әй мынаны жын ұрған ба дерсің . Қой адам болмайды 6бұл адам болмайды деймін . Келсін қазір жастап салармын деп отырмын . Бірақ жеңешем сол кеткеннен мол кетті . Тіпті ел жұрт жататын уақыт таяп қалды, бұл келмеді . Содан сүйретіле басып өзім де үйге жеттім . Тың - тыңдап қоямын , мамам екеуі сөйлесіп жатыр .
- Ия ия , сөйтейік ендеше . Міне осының табылған ақыл қызым, әйтпесе ел жұрт естісе қарабет болам ғой . Қазірше екеуіңнің араңдағыны ешкім білмейді ,білетін сенің анаң мен мен ғана . Анаң ешкімге айтпаса керек , өз абыройын өзі төкпесе керек . Сөздің қысқасы осы сен айтқандай болсын . Алаңдамай кете бер қызым ,Саконтайым үйленсе мен сені іздеп тауып аламын . Екінші анаң есебінде уәдемді беремін дейді мамам кемсеңдеп . Жақындай түсіп терезеден үңілдім . Екеуі құшақтасып алып жылап отыр . Енді менің жеңешем сөйлеп бастады .
- Мен өз анамды білемін ғой апа . Енді ол кісі қайтып мені көрмейді . Соңғы бір айда үш рет бардым босағасынан аттатпады . Сондай тасжүрек адам ол, тасжүрек адам . Енді мына менің сізден басқа ешкімім жоқ . Сізге ғана сенемін сізге ғана арқа сүйеймін . Сізді ғана күтемін . Ал Саконның қалған өміріне араласпаймын . Мен де сізге уәдемді беремін апа . Анамнан қарғыс алдым ғой сізден де қарғыс алғым келмейді деп жылап берді . Сонда жеңешемді құшағына басып жұбатқан анам :
- Алаңдама дедімғой қызым алаңдама сен . Кеудемдегі ақ сүтіммен уәдем берем саған . Тек өзім іздеп барғанша сен мұның көзіне көрінбесең болды деп айтып салды . Бұл сөзді естігенде тұла бойым түршігіп кетті . Содан соң көшеден келгендей үстеріне кіріп бардым . Мамамның сол баяғы әдеті . Тұрып кеп мойнымнан құшақтап құлыным да, құлыным деп еркелетіп жатыр . Тіпті ұялады екенсің . Сонда мен көз қиығымды салып жеңешеме қарадым .
- Сәлем , қалайсың Саконтай ?-дейді жымиып . Ее, мына қатынды жын ұрған екен ғой -дедім . Қазір ғана менің жанымнан кетіп еді ғой сәлемі нес ? Әй қатын дегенді қой мұны деп таң қалдым . Сонымен дастархан басына кеп жайғастым . Әдеттегідей мені айналып толғанып алған мамам сөз бастады .
- Қызым , Саконтайға тамағын берші , қазанда тұр- дейді . Жалт қарадым . Ой қызымы нес мамамның деймін . Татар келін деп ат қойған өзі еді бүгін кеп қызы бола қалғаныма түсінсем бұйырмасын . Ойланам дегенімше болмады жеңешем атып тұрып тамақты әкелді . Онымен маған ас батама екеуінің қылығына миым жетпей отырдым . Ал енді менің мамамды тыңдайық .
- Құлыным . Енді менің мына Пәниә қызым болады дейді . Аң - таң боп аузым ашылды да қалды . Төбемнен жәй түскндей күй кештім . Мамам тағы да бірдеңелерді айтып жатты , естімедім . Естісем де түсінбедім . Біраздан соң барып құлағымды тостым .
- Сен атадан жалғызсың ғой балам . Саған міне апке тауып қойдым - дейді . Күлкілі екен , қуды ғой мамам, таза қуды .Тілім күрмеліп байланып қалды . Аузыма сөз түсер емес . Мамам сонда да тоқтамайды .
- Ия балам сен енді азамат болдың . Оқуға түстің , әне - міне дегенше оны да бітіресің , сосын үйленесің -дейді . Сөзінің төркінін сонда ғана түсіндім . Мына Фания қатын не істеп қойған менің мамама . Соңғы кездері мұны көрсе сырт айналатын мамам бүгін кеп құшақтап отыр . Ол аздай маңдайынан иіскеп еркелетіп қояды .
- Иии құлыным сенде келші , екеуіңді де бауырыма басайыншы- дейді . Қаным басыма шауып кетті . Фанияны мамамның қолынан жұлып алдым .
- Еу сен түсіндірші маған не боп жатыр мұнда . Сосын менің мамама сенің мама дегенің қай сасқаның . Құшағына бүрсіп тығылып неғып отырсың ?-дедім . Ол менен қатты қорқады ғой тілі байланды . Сол аралықта шашын жібер деген мамамның даусы шықты . Атып далаға шығып басым ауған жаққа жүгіре жөнелдім . Бірақ қайда барамын түн жарыдан ауып кеткен . Келесі бір үйдің қоршауының бұрышына қисайып отыра кеттім . Соңымнан құлыным қайтшы , қайтшы Саконтай қайдасың?- деген екеуінің дауыстары естіліп тұрды .
Қысқасы ол дауыстарға көңіл бөлмедім . Әрі - бері үйдің айналасын кезген екеуі мені таппады . Ее ,мына қатын мамамды құртқан екен ғой сонда қалай деймін . Жыл бойы менің құшағымда жатып - жатып енді кеп мамама қыз болмақшы ма ? Тапқан екенсіңдер ақымақты . О несі әй бұлардың . Менің мамам бар ғой осы алжиын деген ба ?-деп қалдым . Көз алдымда енді сен менің қызымсың ,сен ұлымсың екеуің бауырсыңдар дегені қай сасқаны . Осыған миым жетпей қос тіземді құшақтап қалғып -мүлгіп отырдым да қойдым . Қанша отырдым есімде жоқ . Анда - санда есік ашып алаңдаған мамамды көріп отырдым . Ал жеңешемнің үйінің жарығы сол түні әдірем қалып қайтып қосылған жоқ . Демек ол мамамның қасында яғни біздің үйге түнеп қалды .
Тамыздың соңы емес пе жаурай бастадым . Сүйретіле басып өз бөлмемнің терезесіне келдім . Көбінше ашық тұратын . Әдейі ашық қалдыратынмын , ішке кірдім . Әрине менің келгенімді мамам білмеді емес білді . Сонда ғана жаны жай тауып ұйқыға кетті . Бірақ мен сол түнгі таңды көзбен атырдым . Не жылағанымды білмедім, не жыламағанымды білмедім . Әйтеуір кеудемде бір өкініш тұрса өзегімде бір өксік тұрды . Енді қайттім , мына қаншықтың мені сатып кеткенін қарашы деймін . Ойым жан - жақта , санамда сан сұрақ тұрды . Енді маған тек өлу ғана қалды . Бірақ өзім өлсем жалғыз анамды кімге тастап кетемін деймін . Намазға тұрған маманың аяқ дыбысы ойымды бөліп жіберді . Әне - әне , жайнамазын алып келесі бөлмеге кетті . Бәрін сезіп жатырмын байқап жатырмын . Өйткені бұл мен үшін үйреншікті жағдай . Кенеттен миыма жеңешем сап ете қалды . Ұрлана басып жетіп бардым . Міне қызық , бүк түсіп алып ұйқыны сойып жатыр . Таң қылаң бере бастаған , анық көрдім . Өзі де мамамның төсегіне тығылып жақын жатыр . Әлемнен бейхабар жатқан бала сияқты . Көзімді алмай қарап тұрдым . Не деген әдемі едің жеңеше деп тамсанып тұрдым . Бірақ енді мен саған жоқпын . Мен саған жігітше сөз беремін . Жоқпын дедім бе, жоқпын . Себебі сен мені сатып кеттің . Масқара еттің . Мамамның басын айналдырдың деп жіпке тізе бергенімде намазымды оқып болдым дегендей мамам белгі берді . Зып беріп өз бөлмеме өттім . Онан соңғысының мен үшін мәнісі болмай төсегіме қисая кеттім . Бірақ мен сонда да көз ілмедім . Осының бәрі мен үшін өңім мен түсім сияқты өтіп жатты . Осы екеуінін ортасында жүргендей күй кешіп жаттым . Біраздан соң таң ағара бастады .
- Шәйіңді іше ғой құлыным деген мамам соңынан өзі жетті . Көрген көзім шықсын менің . Жеңешем ішкі бөлмеге төсек жинап жатыр . Онан жүгіріп шығып шәй қойып жүр . Сонда менде пенде боп осы жасыма дейін жылап көрмеген едім . Бүгін таңда алғаш рет жыладым , ешкімге көрсетпей жыладым . Тіпті көзімнің жасы көл болды . Жүрегім елжіреп езіліп кетті . Өйткені жұмыр жүрегім бәрін сезді . Міне сол күннен бастап мен әдемі жеңешемді мәңгі жоғалтқанымды түсіндім . Тіпті соның сөзін қимай кеп шәйға отырып үнсіз ғана тыңдай бердім . Сөйтсем әңгіме былай болыпты . Жеңешемді өз анасы үйіне кіргізбей қойыпты . Тіпті аяқ басушы болма деп ескертіпті . Ол аздай менің кесірімнен менің мамаммен де аралары алшақтаған еді . Содан менің де мамам мұны жақсы көрмейтін . Әкесі осыдан біраз жыл бұрын қайтқан екен . Жалғыз інісі бар , олда шешесінің жағына өткен . Сүйенетін тек Алматыға тұрмысқа шыққан жалғыз апасы ғана қалыпты . Содан ақша табылғанда бұл маған тастай сала жүгіріп мамама жетіпті .
Қысқасы кешірім сұрап : - Саконтайды тоқтатудың бір ғана жолы мен сізге қыз болуым- депті . Оны өзін кінәлі сезініп жүрген менің мамам да қолдай кетіпті . Өйткені мамам , кей - кейде осы қызға менің кесірім тиді . Айтамын деп туған анасын бездіріп жібердім балам деп отыратын . Және де мен тоқтамға келеді деген соң құшақ жайып қыз қылып алған . Тағы да жалғыз ұлыма апа таптым деп ойласа керек . Міне осыменен жеңешем екеуміздің арамыздағы құпия керім бітті . Алайда мен оқуыма жүрместен үш күн бұрын осы апам ғайып болды . Тіпті алды артына қарамай кетті . Ебіл - дебілі шыққан мамам іздеп зар жылады . Менен күдіктенгенін де сездім . Содан қаладағы үйіне сұрау салды . Ол жақтанда жағымды хабар болмады .
- Өлігін сол жақтан іздеңдер деген жауап келді . Мұны естіген мамам онан сайын еңіреп жербауырлап жатып жылады . Көз жасын көлдетіп төкті . Сонда ғана мен бейбақ ана жүрегі шексіз мейірімді екенін түсіндім . Сондағана бауыр дегеннің керек екенін түсіндім . Бірақ мен біразға дейін жалғыз тұяқ боп қала бердім ...
Қысқасы Алматыға келген соң жан - жарам жазыла бастады . Ауылмен араны үзбей жүріп қалаға үйрендім . Сөйтіп жүріп қазіргі Маралыммен таныстым . Бақанастың сұлу қызымен екі жылдай жүріп үйлендім . Ал анамның жағдайы апам кеткен күннен бастап мәз болмады . Неге өйттің екен қызым , бәрі де жақсы еді ғой деп жылап отыратын . Тіпті мен үйленгеннен соң қайта іздей бастады . Қаранған қарап қалмас деген ғой мекен жайын тапты . Алматыға келіп келінін ертіп сонда барды . Фания қызы құшақ жая күтіп алыпты . Жібермей қона ққып үш күн күтіпті . Сонда маған қоңырау соқты . Баяғы үні , баяғы күлкісі . Құттықтап болып келінді сағындың ба шыныңды айт ?-деп сұрады . Әрине деп жауап бердім . Ол менің ұлымның анасы . Ол менің құдай қосқан жан - жарым -дедім . Ендеше келіп алып кет әйтпесе мен келінімді жібермеймін деп бір ақ қайырды . Оның сөзін телефонға жармасқан анамда құптай жөнелді . Оларға келіншегім қосылып келде - кел алыс емес деп шықты . Содан мекен жайын сұрадым . Міне қызық . Оқу орнымнан жаяу кетсем жарты сағатта жетеді екенмін . Бірақ мен жер шұқып отырып әрең бардым . Бұл дегенің бір ғажап . Қаланың қақ ортасынан екі бөлмелі үй алыпты .
Әрине баяғы табылған ақшаға . Оның ішін қымбат жиһазға толтырыпты . Бұлда сол ақшаға . Сөйтпесем болмады ақшам күннен- күнге құнсыздана берді -деп сыбырлады . Демек ақша жайлы ешкімге тіс жармаған . Тіпті менің мама да айтпаған деп топшыладым . Мен де сол ақша жайлы ешкімге жақ ашқан емеспін . Қысқасы бұл дегенің бір ғанибет кездесу болды . Бір түнетпей жібермеді . Соңында мамамның алдында ол апа, мен іні болдық . Ал ештеңеден хабары жоқ келіншегіме қайнапа боп шыға келді . Әсіресе анамның қуанышында шек болмады , тіпті жас балаша қуанды . Сонан бері біздің арамыз үзілмеді . Сөз арасында неге сен үн - түнсіз қашып кеттің дегеніме нақты жауап берді .
Біріншіден : - енді мен саған сен емес, сізбін , сіз деп сөйле !
Екіншіден : - сен алаңсыз үйленсін - дедім . Үшіншіден : - бұл әңгіме мен үшін мәңгі жабылған , қайтып қозғаушы болма құдайдан қорқамын деп шорт кесті .
Мына жауаптан соң менің де аузыма құм құйылды . Қолына жайнамазын ұстаттым . Ол мамамның бөлмесіне кіріп намазға бас қойды .
Бұл оқиға осылайша көрген түстей боп өте шықты . Апам болса өз анасын бір жылдан соң ғана көріпті . Онда да ашулы ана аса қатты емірене қоймапты . Ал жалғыз інісімен осы күні менің де сәлемім түзу . Өйткені екеуміздің баламыз осы апамыздың үйінде жатып оқиды . Екеуі түйдей құрдас . Сондықтан барамыз , келеміз . Ал оның анасын он үш жыл дегенде кездейсоқ көріп қалдым . Абырой болғанда көп ішінде сәлемімді алды . Мүмкін ол кісі бәрін ұмытқанда шығар. Бірақ , бұл оқиға мен үшін түс , анам үшін сынақ , келіншегім үшін жұмбақ боп қала берді !
Соңы...