- Құндыз саған не болған? Неменеге маған мінез көрсетіп жүрсің? Мен саған не істедім?
- Түк білмейтін періштедей бола қалмашы.
- Не? Маған қалай қалай сөйлейсің?
- Осы сен бар ғой періштенің кейпіне еніп жүрген шайтансың. Сенің кесіріңнен Нұрлан екеуміз қырылып өлетін болдық. Міне қара.
(Құндыз өзінің жауапсыз қалған хабарламаларын көрсін деп ,Әсемге ұялы телефонын лақтырып жіберді.) Көрдің бе? Оқы. Оқысаңшы. Сенің кесіріңнен Нұрлан түні бойы қонақ бөлмеде жатты. Менімен сөйлеспей қойды. Қанша жалынып хабарлама жаздым. Еш біріне жауап бермеді.
- Демек өзің сол дәрежеге жеткізгенсің. Өзің кінәлі бола тұра, кінәні өзгеден іздегеніңді қашан қоясың?
- Не? Сонда сен маған өзің жамансың деп тұрсың ба?
- Мен саған ондай ештеңе дегенім жоқ. Жаман іші тар адам екеніңді өзің мойындап тұрсың.
- Ұятсыз айтып тұрғанын қарашы. Оңбаған. Қазір мен саған көрсетемін.
Құндыз орнынан атып тұрып, Әсемге бас сала орамалын жұлып, шашынан жұла бастады. Денелі келген Әсем оған бой берсін бе? Кеудесінен итеріп жіберген еді, еденге ұшып түсті. Айлакер қу түлкі тағы да қулыққа басып «көмектесіңдер»- деп, айқайға салды. Оның дауысын естіген енесі мен Бағлан жүгіріп келді. Еденде бүктеліп ішін ұстап тұрған Құндызды көргенде, екеуі де шошып кетті. Дереу барып енесі арқасынан сүйеп тұруға көмектесіп, төсегіне жатқызды.
- Мұнда не болып жатыр?
- Апа мен одан қорқамын. Мені құтқарыңдаршы. Ол менің сәбиімді өлтіреді.
- Құндыз келін сен не деп тұрсың? Әсем ондайға бармайды.
- Апа, ол менің осы сәби үшін тірлік істемей жатқанымды көре алмайды.
- Ей ,өтірікші. Жетер енді шыдамның да шегі болады. Сенің өтірігіңнен тойдым.
- Апа рас айтамын. Ішім ауырған соң келіп жата тұрайын деп едім, артымнан бөлмеме келіп ұрса бастады. Неге ұрса бересіз деп едім. Еденге итеріп жіберді.
- Апа, ол өтірік айтып тұр. Мен оған тиген жоқпын.
- Жетер енді ! Ауырып жүрген адамда нең бар?
- Мен саған айттым ғой. Үндемей жүре бер, мен бармын өзім сөйлесемін деп. Нең бар еді?
- Апа, мен оған ештеңе істемедім. Өзі алдымен маған бас салды.
- Ештеңе істемесең артынан неге бөлмесіне келдің? Сонша жылдан бері істеп жүрген шаруаңды істей алмай қалдың ба?
- Апа, неге үнемі кінәсіз болсам да маған айқайлай бересіз?.
Әсем әділетсіздікке шыдай алмай енесіне қарап айқайлап жылап жіберді. Сыртта тұрған Бағлан әйелін сыртқа сүйреп шықты.
- Заттарыңды жинада балаңды алып үйіңе кет.
- Бағлан. Мұның не? Мен не бүлдірдім. Айттым ғой мен оған тиген жоқпын.
- Кет, деген соң кет!
- Кетпеймін! Бұл менің де үйім. Қууға еш хақың жоқ…
- Балам ау, енді сен шықтың ба? Қайсы біріңе күйінейін? Өлтіретін болдыңдар ғой мені. Әйеліңде нең бар? Қателік жасамайтын адам болмайды. Олда тірліктен шаршаған болар. Соған бола үйіне қуып жіберуің керек пе?
- Қателік? Шаршау? Апа, сіз алты жыл бойы Әсемды таный алмадыңыз ба? Мен оны қателік жасағаны үшін қуып жатқан жоқпын. Әділетсіздіктің құрбаны болғаны үшін, жазықсыз бола тұра айыпталғаны үшін, оны қорғай алмағаным үшін оған кет дедім. Қайтейін бір жағымда інімнің отбасы, бір жағымда өз отбасым.
Оны бұлай қор еткенше жібере салайын. Өткен жолы Бағилаға неше түрлі әңгімені ойдан құрап айтып Әсем екеуінің арасына от салды. Оның қапа болып кеткені үшін Әсем қаншама түн алаңдап, ұйықтай алмай шықты. Ол кезде де жұмған аузымды ашпадым. Мені аулада отырғанымды байқамай, сіздердің көздеріңізше ауырған сыңай танытып, ешкім жоқта еш қиналусыз жүргенін өз көзіммен көрдім. Тіпті байқаусызда өз істеген арам пиғылдарын құрбыларына мақтана айтқанын да өз құлағыммен естідім. Оның арсыздығы сондай, тіпті дәрігерлерге пара беріп, өзін ауру етіп айтқызған екен. Оның анасымен сөйлескенін естіп қалдым.
Қойшы бір күн түзелер десем, оның арсыздығы шектен шығып барады. Нүрланның тапқанын менің жұмысқа жарамай жатқанымды үнемі бетіме баса береді. Қайтейін апа? Менің жұмыстан қашпайтынымды өзіңіз жақсы білесіз. Алты ай өтсін, денсаулығым қалпына келсінші. Осы үйді тұрғызған, інімді оқытқан, көлік алып берген, дүкенін ашып берген мен емес пе? Сол үй болсын деп, сізге әр тапқан ақшамнан мың доллар беріп жүрген мен емес пе? Әйелім баламның аузынан жырып жинап жүрген кім? Мен мұның бәрін міндетсінбеймін. Ағалық, перзенттік борышым деп білемін. Оның бұл қылықтарын ініме қалай айтамын? Әйелінің барып тұрған екі жүзді адам екенін қалай айтамын? Оның мінезін білесіз. Әйелі жүкті болған соң әрең шыдап жүр. Егер бұл жағдайларды естісе ол әйелін өлтіріп қояды ма деп қорқамын.
- (Жұмыста басы ауырып, әр кіммен ұрсыса берген соң, Нұрлан жұмысынан ерте қайтып келген болатын. Бұл оқиғаның күәсі болды). Ашуға бұлығып көлігіне отырып, желмен жарыса ұшыртып айдап кетті. Бірер сағат өтіп әпкесі Бағиламен қоса ,ата-енесі Қайрат пен Ғалияны ерте келді. Олардың еш бірі не болғанын түсіне алмай, таңдана кіріп келді.
- Әке-апа, аға-женгесін, бәрін түгел қонақ бөлмеге жинады. Түктен хабары жоқ, жеңіске жеттім деп мәз болып жатқан әйелін, қолынан сүйрей келе бір топ адамның ортасына итеріп тастады. Құндыздың әкесі шыдай алмай орнынан атып тұрды.
- Әй ,сенің мұның не?
- Әке, өтінем кешіріңіз. Бірақ қызыңыз осыған лайық.
- Әй ,күйеубала !Әке -шешесінің көзінше осылай істесең, біз жоқта қызыма күн бермейтін шығарсың?
- Ал сіз мүлдем аузыңызды ашушы болмаңыз. Сізді де ана дейді ау. Мен емес, мына сіз ұялыңыз.
- Балам, үлкен кісіге қалай қалай сөйлеп тұрсың? Саған, не болды?
- Апа, не болғанын мына келініңіз басынан бастап өзі айтып берсін. Қәне сөйле! Өтірік ауыру ету үшін дәрігерге ақша бергеніңді. Төркініңе бару үшін женгеме жала жапқаныңды. Әпкем мен Бағиланы ұрыстыру үшін қандай өтірік құрастырғаныңды. Мына үйдің берекесін қашырып күнде бір ұрыс шығаратыныңды әке- шешеңе, маған айтып бер кәне.
Қызының қандай екенін білетін әкесі үндемей, жерге қарап ұяттан өртенердей болып отырды.
Анасы болса бар өтіріктері ашыларын біліп қорқып қара терге түсіп отырды.
- Мен қызымды бұлай қорлауыңа жол бермеймін.
Қайрат әйелін орнына отырғызды.
- Сен бұл іске араласпа. Ашуыма тимей орныңда тыныш отыр.Кәне, сөйле! Не былықтырып жүрсің? Сендей қызым болғанша….
- Әке мен ештеңе істемедім.
- Жаныңның барыңда сөйле. Әйтпесе сені… Әттең ішіңде бейкүнә нәресте бар. Әйтпегенде сені өз қолым мен ұрып өлтіріп қояр едім.
- Әке...
- Сөйле….
Құндыз сондада ештеңе мойындамады. Айтуға дәті жетпеді. Айтпаса да бәрі іштей не болғанын біліп тұрған болатын.
- Құда құдағи күйеу бала.Бәріңізден қызым үшін кешірім сұраймын. Ол менің үйімде қонақ болатын. Ол енді сіздің үйдің адамы. Не істесеңізде, қалай жазаласаңыздарда өз еріктеріңіз.
- Жоқ. Оны бұлай қалдырып кетпеймін. Тұр қызым үйге кетеміз-деді анасы.
- Мен саған үндеме дедім. Өлсе осы үйден өлігі шығар. Ешқайда кетпейді. Сенімен үйге барған соң сөйлесемін ! Түс алдыма !
Қайрат әйелін ертіп үйіне қайтты. Нұрлан ашулана әйеліне шарт қойды.
- Кәне бәрінен кешірім сұра. Өзің көрдің тіпті әкең де сенен бас тартты. Кешірім сұрап менің дегеніме көнесің. Көнбесең кең көше. Таңдау өзің де.
- Кешіріңіздерші мені. Өтінем.
Бәрі тарап кетті. Жалғыз өзі қонақ бөлмеде жылап қала берді. Бағила женгесінен кешірім сұрап, татуласты. Қайратта өз әйелін тиісінше жазалап, өмірінде алғаш рет, отыз жыл бойы отасқан жарына аяусыз қол көтерді. Нұрлан бір апта бойы әйелінен бөлек жатып жүрді. Одан кейінде бір төсекте жатқанмен, оған көңіл бөлген жоқ. Алты ай бойы ұялы телефонын алып бермей қойды. Ешкімді маңына жолатпай, көмектесуге рұқсат бермей, үйдің бар шаруасын Құндыздың мойнына жүктеді. Бірақ әйел болған соң енесі мен абысыны жаны ашып көмектесіп жүрді. Көнгісі келмеген. Бірақ көнбеске амалы жоқ. Әкесі үйіне кіргізбесін біледі. Барар жері жоқ әйел тәубесіне келді. Басында мойындағы келмегенмен өз кінәсін уақыт өте түсінді. Көрсе қызар, дүние құмар әйел нәпсісін тыя алмай бір демде бәрінен мақрұм болды.
Нұрлан бір тиында бермей қойды. Ақша беру былай тұрсын ауыз ашып сөйлеспейтін. Алты ай азапты өмірі сәбиі дүниеге келген соң соңына жетті. Нұрланның өкпе ренішін шекесі торсықтай ұлы бір сәтте жойып жіберді. Қырқынан шыққанша енесі мен абысыны аяқ қолын ыстық суға малып күтімін жасады. Олардың бұл әрекетінен Құндыз өз істеріне одан әрі ұяла түсіп, еңкілдеп жылап отырып кешірім сұрады. Оларда кешірім беріп, тату тәтті өмір сүре бастады.
Уақыт өте келе бәрі ұмыт болғанмен, Құндыз өзі ұмыта алмай, әр түн сайын ар азабы маза бермей, әр түнде бір жылап алатын. Қателігін өте үшін оған бар өмірі аздай көрінетін. Бәрін ұмытқан Нұрлан әйелінің өзгергені үшін риза болып, соңғы үлгідегі ұялы телефон сыйға тартты. Балаға өзіне қажет болар деп сұрамаса да күніге аз- аздан ақша беріп жүрді. Бірақ Құндыз бұрынғыдай жұмсамай ақшасын жинап жүріп, енесі мен абысынан сыйлық жасады. Телефон қолына тиген бойда, бір кездері ақылын тыңдамай өзіне жау санаған әпкесі Маржанға қоңырау шалып бәрі үшін кешірім сұрап, үнемі ақыл кеңес сұрап отырды. Ғаламтордан іздеп, көріп жүріп отбасына арнап түрлі тағамдар дайындап көңілдерін табуға тырысатын. Өкпе реніш күшін жойып, татулық бірлік береке үстем алды.