Адамдар ойлайды "еркектер ішінен тынып жүре береді. Ешкімге жан дүниесін ақтарып сырын ашпайды "-деп. Иә, менде сондай еркектің бірі едім. Бірақ өз басымнан өткен мына бір өкінішімді сіздерге баяндап бергім келеді. Мүмкін біреуге сабақ болар. Мен секілді саяз ойлайтын кей бір жігіттер бауырларымен түсінісіп жатса кәнекей.
⠀
Есімім Арыстан. Өзімнен алты жас үлкен Дархан есімді ағам бар. Әкеміз жас күнімізде қаза болған. Әкем құмар ойындарына кіріп кетіп қарызға белшесінен батып тығырықтан шығар жол таппаған соң өз жанына қиянат жасап өз қарызын біздің мойынымызға артып кете барған.

Анам байғұс тұрып жатқан үйімізді сатып қарызды төлеуге мәжьүр болды. Ол кезде мен не бары екі жасар ойын баласы болатынмын. Еміс- еміс есімде қалған. Анам, ағам екеуімізді жетектеп жүріп анда - мұнда, көшіп - қонып жүріп күн көрдік. Анам екеумізді жалғыз өзі өсіріп бақты. Денсаулығы сыр бере бастаған соң ағам оқуын тастап күн көріс қамына кірісіп кетті. Базарларда арба айдады, біреудің малын бақты, біреудің дәретханасын қазып берді, тағысын тағы оңай-қиын, ыстық-суыққа қарамай алдынан шыққан жұмыстың бәрін жасай берді. Сол кезде баламын ғой. Үсті басы лас, терлеп сасып келген ағама қарап;
- Мен сен секілді бұлай жұмыс істеп жүрмеймін. Мен оқу оқып папка ұстап, костюм-шалбар, галстук тағып жүретін жұмыс істеймін- деп, оған жиіркенішті көзбен қарайтынмын.
- Мен сен секілді бұлай жұмыс істеп жүрмеймін. Мен оқу оқып папка ұстап, костюм-шалбар, галстук тағып жүретін жұмыс істеймін- деп, оған жиіркенішті көзбен қарайтынмын.
Ағам болса күлімдеп қойып :
- Иә, бауырым. Сен сол арманыңа жету үшін мен бәрін жасаймын. Сен үшін еш аянып қалмаймын- дейтін.
Анам дәмханаларда аспаз болып жұмыс істеп, біздерге әркімнен қалған құтқан тамақтарды алып келетін. Сол кезде ағам қуана жеп алса, мен болсам жиіркеніп қолымның ұшында тигізбеуші едім. Қарным ашқан кезде әр нәрсені сұрап анамның жанын жаралағанымда,анам байғұс мені жұбатып сан түрлі уәделер беретін.

Бірақта мені ұйықтап қалды деп ойлап артынша « жалған уәде бергенім үшін кешірші мені ұлым» деп басымнан сипап көз жасын көл ететін. Сол кезде ағам жанына келіп « Анашым олай кешірім сұрамаңыз. Сіз берген уәденің бәрін мен орындаймын. Інім қалағанының бәріне қол жеткізетін болады» деп, анамды жұбататын.
Ағам сол сөзінде тұрды. Өзі кимегенді маған кигізді, ішкізді, жегізді. Қалағанымша қыдырдым. Мен байдың баласы секілді лағып жүрсем де біз әр жерде бір пәтер жалдап тұрып жүрдік. Араға біраз уақыт салып ағам Мөлдір есімді жетім қызға үйленді. Еш бір туысы жоқ. Тек балалар үйінен бірге түлеп шыққан құрбыларымен пәтер жаллап тұрады екен.Өзгелер секілді гүрілдетіп той жасап, ағын - төгін дастархан жайып той жасаған жоқ.
Қарапайым киіммен мешітке барып Алла алдында ақ некесін қиғызды болды. Сол сәтте анамның жылағаны әлі күнге дейін көз алдымда. Ағам барып анамды демеп « Анашым олай өзіңізді кінәлауды қашан қоясыз? Мен сізге айттым ғой. Мен осығанда ризамын. Маған сіздер аман- есен болсаңыздар болды. Басқа ештеңе қажет емес»деп, анамның көз жасын сүртті.
Анам ағам мен жеңгемді құшағына қысып, ақ батасын беріп көз жасын әрең тоқтатты. Женгемде тыным таппай еңбектеніп екеуі бірге тіпті құрылыста істеп жүрді. Қыс, көктем, жаз бойы тыным таппай істеп ақша жинап күздің күні өзіміз, ой өзіміз емес, ағам сатып алған шағын жерге өз үйіміздің іргетасын қалады. Жеңгем екеуі бірге бетон құйып, қышын өріп, шатырын жапты. Ал мен болсам сол сәтте оқымысты адам ұқсап ақ жейдеме шаң жуытпай сөмкемді арқалап оқуға кеткен адам ұқсап қалаға барып компьютерлік клубтарда ойын ойнап жүрдім.
Сол кезде ағам бір ауыз сөз айтып мені ренжіткен емес. Ешқашан « жоқ» деген сөз ауызынан шыққан жоқ. Үйге қай уақытта келсемде жеңгемнің ыстық асы дайын тұрады. Жеңгем де «кеш келдің» деп қабақ түйіп ас суын берген емес. Үнемі мені сыйлап жүрді. Екі жыл дегенде төрт бөлмелі үйді мұнтаздай тап- таза етіп бітіріп кіріп алдық. Ағам жиһаздарын өз қолымен істесе, жеңгем бүкіл перде көрпе төсегін анамның ескі тігін машинасымен өзі тікті.
Үйлі болған соң ағам ағын -төгін етіп азық түлікті үйіп тастады. Еңбегі еленіп үлкен бір құрылыс фирмасына бригадир болып жұмысқа орналасты. Жеңгем аяғы ауырласып жүрсе де анда- мұнда жұмыс істеп жүрді. Стоматология мамандығын иемденген мен қалаға тіс дәрігері болып жұмысқа орналастым. Айлығым сол кезде елу мың ғана. Өзімше болып қосымша жұмыс істеймін ақшаны қырып табамын деген мен сорлы ,айына жетпіс бес мың теңге төлеуге келісіп несиеге көлік алып алдым.
Бірақ алған айлығымның жартысынан көбісін ішіп жеу, киіміме жаратып тастаймын. Сол кезде ағам еш қиналмай, бір ауыз артық сөз айтпай несиемді түгел төлеп беретін. Ол кезде ағам айына үш жүз мың тенге алып жүрді. Оған қоса түнделетіп ананың мынаның үйін жөндеп қосымша табыс тауып жүрді. Жеңгем мен анам тек үйде отырды. Ағам екеуіне де жұмыс істеткізбей қойды. Ойнап жүріп от басып өзім секілді адасып жүрген бір қызбен төсектес болып басым бәлеге қалды. Бар бәле сол сәттен басталды.
Ол қыз маған кенедей жабысып алды. Үйленбеске амалым болған жоқ. Сол сәтте алғашқы рет ағам дауыс көтеріп ұрысты.
- Інім ау, мұның не? Неге бұлай жасадың? Мен сені осы күнге дейін өз еркіңе жібердім. Бірақ сенен мұндайды күтпедім. Менің сеніміме сызат түсірдің.
Еркіңе жібергенім, әлсіз біреудің арын таптап, жанын азапта дегенім бе?
- Кешірші мені аға. Бұлай болғанын қалаған жоқпын.
-Бұдан кейін әр басқан қадамыңды аңдумен боламын. Саған енді көк тиын да бермеймін. Ақыры үйленіп ол қыздың да жауапкершілігін өз мойныңа алады екенсің, сол ауыртпашылықты сезін. Машинаңның несиен өзің төле. Үйге азық- түлік сатып алып кел.
- Аға, мұның не?
- Ал сенің ше қалай болуы керек еді? Үйлену оңай дейсің бе? Мына үйге тағы бірнеше бөлме қосып бітіріп болған соң ,тойыңа ақша жинап дүркірете той жасап берсем деген арманым бар еді. Енді тапқанымды қайсы біріне жеткіземін. Саған той жасайсын ба? Үй соғамын ба? Сенің несиеңді төлеймін бе? Қайсысына жетейін?
- Аға олай болса үйлендірмей ақ қой. Ол қыз мені сотқа берсін. Мен түрмеде шіріп жатайын.
- Қой олай деме. Жарайды бауырым ренжіме. Алып кел. Амалын табамын.
Ағам рұқсатын беріп, тіпті қыздың анасының алдында басын төмен салбыратып кешірім сұрады. Қалыңмалын беріп мені үйлендірді.

Үш жылдай төрт бөлмелі үйде бәріміз бірге тұрдық. Отбасылы болып, әке атанған соң айлығым мүлдем өзімнен артылмайтын болды. Балаға да памперс, каша тағысын тағы көп заттар қажет. Мойныма артылған жауапкершілікті сезіне қоймадым. Үш жылда ағам екі ұлды болды. Оның ұлы менікінен үлкендеу болған соң менің балама күн болмады. Қолына не алсада ағамның ұлы келіп сол затқа талас басталады. Менің баламды ұрып, тістеп, итеріп күн бермей қойды. Оған әйелім қарап тұрсын ба? Барады да ағамның баласын ұрып соға бастайды. Осылайша күнде ұрыс керіс, ақай шу. Бір күн тыныштық жоқ. Жеңгем әлі де жуастау болған соң үндемей кері шегінетін. Оның орнында басқа біреу болса екеуі бір- бірінің етін жейтін еді. Ақыр соңында ағам мен анам бөлек үй іздей бастады.
Өзіміздің ауылдан шағын үйлерді көрсете бастады. Көбінесе бітпеген үйлерді таңдап көрсеткен кезде бойымда ашу кернеп, ызадан жарылардай болатынмын. Ағам қаншама үй көрсетті бірде бірін ұнатпаған соң ағам маған ашулана бастады.
- Саған енді қандай үй керек?
- Аға, мен мына үйлерді алған соң ішкі жұмыстарын қалай аяқтаймын? Тапқан ақшама күнімді көремін бе? Үйімді жөндеймін бе?
- Енді ақша осы тектес үйлерге ғана жетіп тұр ғой. Жайлап бітіріп аласың. Мен де көмектесемін.
- Оданда алып бермей ақ қойсаңыз болады.
Әр үй көрген сайын осылай сөзге келіп қалып жүрдік. Бірде анам мен ағам екеуі бөлек қашқақтап сыбырласып бір мәселені талқылап жатқандарын байқап жүрдім. Үнемі осылай менен екеуі қашқақтап жүрді. Бір күні мені жаңадан салынған, қоршауы, дарбазасы, гараж, банясы бәрі бар биік жеті бөлмелі үйге алып барды.
- Інім, мына үй саған ұнайды ма?
- Мынау ма? Мынадай үйде кімнің тұрғысы келмейді дейсіз? Әрине ұнайды.
- Ендеше осы үй сенікі. Құтты қоныс болсын!
Сол кезде қуанышымда шек болмады. Ағам маған толық евро жөндеу жасалған элиталы үйді сыйға тартты. Оны мен қоса қоныс тойды да жасап ағайын туыс, қайын жұрт бәрі бір бірден бұйым әкеліп үйдің іші толды да қалды.

Жалғасы бар...