Бөлек тұрып өз білгенімізше өмір сүре бастадық. Ағам үнемі келіп кетіп хабар алып жүрді. Көліктің несиесін төлеп жүріп отбасымды асырау қиынға соқты.
Бірақ ағамнан ақша сұрауға қысылдым. Ағама бармай кім көрінгеннен ақша сұрап несиемді жауып жүрдім. Жоқшылықта өмір сүре бастадық. Күнде әр қарыз берген адамдар келіп есігімді тоқылдатып тұрып алады. Келіншегім бұл сұмдыққа төзе алмай жүйкесі жұқара бастады.
- Ана ағаңа барып ақша сұрасаң қайтеді?
- Сұрамаймын.
- Осылай үйге тығылып өмір сүреміз бе?
- Олардың да өз өмірлері бар емес пе? Қалай сұраймын?
- Ай сайын үш жүз мың тауып отырған жоқ па? Женгең әр келген сайын біздің үйге қарап тамсанып, қызғанып кетеді. Ағаң сол қатынының қалауын орыдағысы келіп үлкен үй соғуға ақшасын жинап отырған болар. Аздап шетінен бере тұрсын.
-Бармаймын бітті.
Әйелім екеуміз күнде дауласып қаламыз.
Содан әйелім қулыққа басып баламды анам мен ағамның үйіне жіберіпті. Үйге келсем әйелім атылғалы тұрған бомба секілді мені қарсы алды.
- Қара, мына балаңа қарашы.
- Балаға не болыпты? Не болып қалды тағы?
- Бүгін әжесінің үйіне жібердім.
- Содан не болыпты?
- Женгең қатып қалған қара нан мен тек қана қара су беріпті. Итке жуынды бергендей.
- Қойшы олай бола қоймас.
- Міне қарасаңшы. Ішегі бір біріне жабысып қалғалы тұр.
-Неге олай етті екен?
- Айттым ғой бар бәле ана қатында. « Аналарға анандай үй алып бердің. Маған да салып бер» деп әбден ағаңды бізге қарсы айдап салған.
- Жеңгем ондай адам емес. Олай айтпа.
Екеуміз дауласып тұрғанда балам шырылдап жылап жіберді.
Әйелім жұлқынып жүріп тамағын беріп ұйықтатты. Содан кейін миымды жеп қойды.
Сол сәтте ағам мен жеңгемнің неге бұлай жасағанын түсіне алмадым. Сенгім келмеді. Көңілім күпті болып бір түрлі өкпе реніш пайда бола бастады. Бірде қарызын бермей жүргенім үшін бір танысып қасына үш-төрт жігітті ертіп келіп мені ұрып-соғып қорқытып кетті. Көзім ісіп, бетім көгеріп, аузы-басым қанға малынып үйге барғанымда әйелім шошығаннан шыңғырып жіберді.
- Ойбай, саған не болды?
- Әлгі Самат қой. Қарызын бермегенім үшін ұрып соқты.
- Болды жетер. Шаршап кеттім бәрінен. Олар бір күні балам екеумізді де өлтіріп кетуден тайынбайды.
- Қой олай болмайды.
- Жетер енді. Дәл қазір ағаңа барып ақша алып қарыздарыңды төлейсің. Не болмаса баламды алып мен бұл үйден кетемін. Қорқыныш пен өмір сүргім келмейді.
Әйелім осылай шарт қойып табан тіреп тұрып алды. Бір жағынан жанымды жеп біткен қарыздан өзімде оңай жол мен құтылғым келді. Ақыр соңы ағамның алдына баруға мәдбүр болдым. Менің түрімді көріп анам жылап жіберсе, ағам әлгі Саматты атуға дайын тұрды.
- Неге ол сені ұрып жүр? Не істедің сен оған? Сенде қандай ақысы бар?
- -Аға, мен одан ақша қарызбын. Соны төлей алмай жүрмін. Сол үшін қыр соңымнан қалар емес.
- Не дейсің? Ол ақшаны не істедің сен? Айлығың күн көрісіңе жетпейді ме?
-Жетпеген соң алдым ғой.
Аға бұл жолы маған қарызға ақша бере тұршы. Өтініш сізден. Үйдегі келініңіз қарыздан құтылмасаң баламды алып кетемін дейді.
- Ерлі зайыптылар бір біріне қиын қыстау кезеңде демеу болу керек емес пе? Басыңа қиындық түссе ат-тонын ала қашатын әйелдің керегі не? Отбасы болған соң ыстығына да, суығына да төзу керек. Кетсе кете берсін.
- Аға өтініш сізден. Маған соңғы мүмкіндік беріңізші.
- Саған берер ақшам жоқ. Кет үйден. Шық қане.
- Аға.
- Кет дедім саған.
- Қарада тұр. Осыдан кетсем бұл үйге қайта қадам баспаймын.
- Кетер алдында айналаңа жақсылап бір көз жүгірт.
Бәлкім сонда мені түсінерсің.
Артыма бір бұрылдымда ашуға бұлығып шығып кеттім.
Үйге құр қол келгенімді көріп әйелім сөмкесін жинап кетіп қалды. Ішім удай ашып жеңілдеу үшін сыраханаға бардым. Қалтамдағы соңғы тиындарыма бір бөтелке арақ алып ішіп, масайып қалдым. Сол кезде жаныма ағамның қол асиында істейтін бір таныс жігіт келіп отырды.
- Арыстан мұның не сенің? Мына жүрісің дұрыс емес.
- Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін маған үйрететін сен кім едің? Жоғал ары.
- Тым болмаса ағаңды аясаң қайтеді?
- Енді менің ағам жоқ.
- Неге олай дейсің?Ондай аға ешкімде жоқ.
- Өз інісін аямайтын. Біреу өлтіріп кеткелі жүрсе де інісі үшін ақшасын қимайтын аға ма?
- Не айтып тұрсың? Ол сен үшін жанын беруге дайын.
- Аздаған ақшасын қимаған адам жанын қалай қияды?
- Сен өзің ағаңның жағдайынан хабардарсың ба? Оның қалай өмір сүріп жатқанын сен білесің бе?
- Қалай өмір сүреді дейсің бе? Айына бес жүз мың табысы бар адамда не қиындық болсын. Шалқып тасып өмір сүріп жүрген болар.
-Сендей інісі бар Дархан ағаға жаным ашып тұр. Әттең ағаңа уәде бергенбіз. Әйтпесе бәрін бетіңе айтып салар едім
- Не айтып тұрсың? Қандай уәде? Не айтқың келді маған айт.
- Жібер мені. Саған шындықты айтқан мен сен ешқашан өзгермейсің. Сен тек жеке басыңды ғана ойлайтын өркөкірексің.
- Айт деймін.
- Ағаң әлі күнге дейін сенің үйіңнің қарызын төлеп келеді. Саған үй алар кезде компаниядан жеті миллион ақша алған. Ай сайын үш жүз мың төлеуі керек. Есек ұқсап жұмыс істейді де бір тиында жалақы алмайды. Ішерге асы, жеуге наны жоқ болған күндері де болды. Жігіттер жиналып ортадан ақша шығарып бірнеше рет азын аулақ азық түлік алып барып бердік.
- Не айтып тұрсың?
Осының бәрі рас па?
- Сені алаңсыз өмір сүрсін деп ағаң бізден бүл сырды ешкімге айтпауымызды өтініп сұрап уәдемізді алған.
Бірақ өзімді өлтірсем бала кезден бері жек көріп кеткен. Бізді қарызға батырып өз жанына қиянат еткен әкемнен не айырмагылығым болады деп ойландым. Тығырықтан қашатын емес, тығырықтан шығатын жол іздедім. Дереу ес жиып ағама бардым.
- Аға, ағатайым кешірші мені. Мұның бәрін неге маған айтпадың? Мендей бауырың болғанына кешірім сұраймын.
- Қайдан білдің? Кім айтты саған?
- Оны қайтесіз? Ол жағы маңызды емес. Маған қателігімді түзеуге мұрша беріңіз. Міне үйдің кілті. Сатыңыз.
-Жоқ, сатпаймын. Ала алмаймын. Осы күнге дейін бәріне төздім. Көбі кетіп азы қалды. Сататын болсам не үшін қиналып жүрмін.
-Аға, ағатайым.
Сол сәтте жеңгеме қатты риза болдым. Міне нағыз жар. Аш болса да шыдады. Үнсіз төзді. Қиындықта қашып кетпеді.
Сол үйде тұра бастадым. Ағам мені құрылысқа жолатпады. Әйеліме мен де шарт қойдым. « Келсең кел, келмесең өзің біл» дедім. Ол көп ұзамай өз еркі мен қайта келді. Бір емес үш тіс емханасында ауысым мен жұмыс істедім. Қиналдым, ұйқы көрмедім, жұмыста аш жүрдім. Бірақ мұның бәрі ағамның көрген азабының алдында түкте емес. Ай сайын екі жүзмыңдай табыс таптым. Ағам мен өз отбасысды толықтай қамтамасыз етіп отырдым. Ағам болса қарызын өтеп жүрді. Осылайша ағам қарызынан бір жарым жылда құтылды. Екеулеп ақша жинап ағам өзі құрылыс жұмыстарын жүргізіп маған жеке өзіме тіс емханасын ашып берді. Жұмысым алға басты. Табысып көбейді. Өзіміз бөлек шықтық. Міне жақында ғана ағам мен анама арнап үлкен үй тұрғызып бердім. Қоныс тойын тойлап, астына шағындау көлік мінгіздім. Ағам мен үшін аянбай жұмыс істеп денсаулығынан айырылып қалды. Ерте қартайып, әлі кетіп қалды. Ендігі кезек менде. Мен ағам мен анам үшін өмір сүрудемін. Әр күн, түн сайын іштей ағамнан кешірім сұрап жүремін.
«Әсерлі әңгімелер» топтамасынан
Соңы...
Дереккөз: el24kz