Фариза Амангелдіқызы
Замираның осы әулетке түскеніне биыл 6 жылдан асты. Осы 6 жылдың ішінде мүлде еркін жүріп тұра алмады.
Басқа келіндерге қайын апасы немесе абысыны, не енесі мәселе тудырса, Замира бар қорлықты қайын атасынан көрді. Жұбайы Дарханмен танысқанына не бәрі бір ай болғанда кездесіп, алып қашты.
Жұбайы өте момын, қой аузынан шөп алмайтын жігіт. Замира үйдің табалдырығын аттаған соң үнсіз ақ орамал астында жылағаннан басқа ештеңе жасай алмады. Әлі толық танымайтын кісіге аяқ астынан жар болды да шықты. Кездесіп көрейінші деп ойлап еді, қайдан білсін сол кезде-ақ алып қашатынын. Амалсыз келіндік өмірге қадам басты. Беташар басталатын кезде өзінің туған енесі жоқ екенін білді. Осы әулетке ағайын болып келетін бір үлкен әже айтты.
- Шырағым, енді Алланың ісіне амал жоқ. Қарсы келмейміз. Енең о дүниелік болғанына біраз болды. Топырағы құрғаған бойда үйдің үлкенін үйлендіреміз деп шештік. Осы үйдің оқтауы мен сыпырасына өзің ие бол айналайын,- деп маңдайынан сүйді.
Алғашында Замира біртүрлі қысылып, енем болмаса біртүрлі шығар деп ойлады. Үйдің тірлігіне епті болғанымен, асхана жағын қатырмайтынын біледі өзінің. Енді кімнен үйренемін деді іштей. Кім-кім тұрады екен бұл үйде өзі деп те ойлап қояды. Беташар да өтті, некелерін де қидырды. Келіндік өмір басталып кетті. Таңмен таласа тұрып, үйдің отымен кіріп, күлімен шығады.
Әйел кісі болмаған соң, үй әбден тозыпты. Той болады деп үйдің тек бетін әдемілеп жинағанымен кілем, қабырға, перделер ұсқыны кетіп кірлеп кеткен. Замира өзі шапшаң қыз еді, келін болған соң "енесі жоқ, шалжиып жатыр да" демесін көршілер деп тынбайды. Кілемдерді, перделерді жуып, қабырғаның бәрін ақтап, даланың шөбін шауып қас қарайғанша жүреді. Ас-ауқатын беріп, түнімен кір жуады. Бір қызығы, үйде не кір жуатын машина жоқ, не газ жоқ. Ошаққа тамақ пісіріп, самаурынға шәй қояды. Алғашында:
- Ауылдарың неге заманнан қалып кеткен? Қазір ешкім самаурын қоймайды ғой. Тамақты да газге пісіреді,- дейтін күйеуіне.

- Білмеймін, әкем ұнатпайды газдың шәйін. Тез суып қалады деп. Анама да баяғыда далаға істететін,- деді момын күйеуі басы салбырап.
- Ой Алла, ауылдағы барлық үй сондай ма? Әлде біздің үй ғана ма?
- Негізі бәрінде газ бар. Ауылымызға табиғи газ келмесе де, балон газ жағады бәрі,- деді түк болмағандай.
- Онда неге біз алмаймыз? Айт атаға.
- Не деп айтам?
- Қызықсың, не деп айтам дегенің не? Газ алайық, көршілердің бәрі әбіржімей газ қолданады де.
- Қалай айтам, қатын алып өзгеріпсің деп сөйлейді.
- Онда өзім айтам.
- Жоқ, тоқта. Өзім алып берем. Бірақ көкеме үндемеші. Бекерге сөз естіп қаласың.
- Соған бола ұрыспайтын шығар енді?
- Сен көкемнің мінезін білмейсің Замира.
- Жарайды, адам ұқсап өмір сүрейікші тас ғасырына қайтпай,- деген жас келін бөлмесіне кіріп кетті.
Бірақ өмір өзгермеді, сол күйі күнелте берген соң Замира бір күні қайын атасына өзі айтпақшы болып бекінді. Түскі асқа далаға қуырған картоп асты шамалы күйіңкіреп кетіп еді атасы шекесі тырысып, үнсіз жеді. Оның үстіне келіні келіп:
- Ата үйге газ балон алайықшы, шәйді самаурынға...
- Не болды? Самаурын жақсаң бір жерің қисайып қала ма әлде түсіп қала ма? Оттамай жайларыңа жүріңдер,- деді қайын атасы қатулы жүзбен. Замира жым болды. Көзінің алдына келіп қалған жасты ұстай алмай бетін басып орнынан тұрып кетті.
- Айт қатыныңа, көзінің сорасын ағызбасын. Шешең сұрамаған бұлай. Келе салып қарашы бұны,- деді Дарханға көзін алартып.
Үнсіз басын изеген баласы шәйнекті алып өзі шәйін құйып іше берді. Дастархан басынан әкесі кеткен соң Дархан атып тұрды да бөлмесіне барды.
- Айттым ғой саған Замира. Тыныш жүрші деп. Бекерге сөз естіп жылап қалдың.
- Қандай-қандай адамсыңдар өзі? Осылай сөйлесуге де бола ма? Мен ештеңе демедім ғой, тек газ алайықшы дедім.
- Көкемнің бар мінезі осы Замира. Жыламашы енді. Қазір дауысыңды естісе осы жерге келеді.
Жылауын сап тиған келіншек кірпідей жиырылып, бүрісіп отыра кетті. Бұл Замираның қайын атасынан алғаш рет ұрыс естуі еді.
Сол оқиғадан соң Замира қайын атасына ештеңе демейтін болды. Күйеуіне айтайын десе әкесінен асып ештеңеге бата алмайды. Амалсыз төркініне, анасына хабарласып қажет затын алғызады. Тіпті телефонына бірлікті де анасы салып береді. Қайдан ғана бұл әулетке келін болдым деп өзін жазғырып жүргенде алғашқы сәбиіне аяғы ауыр екенін білді. Қанша тырысып, аяғым ауыр кезде ашуланбайын десе де болмайды. Күнде бір жанжал болады да тұрады. Қайын атасы басында үйдің тірлігімен аңдысып отырушы еді, енді қатын аламын деп шу шығаруды бастады. Әрине онысына ешкім жоқ демеді. Себебі жасы әлі 50ге толмаған еркек болған соң жанына серік болып кемпірі жүрмесе де болмайды. Шалы болмаса әйел кісі болғанда отырушы еді немерелерін бағып, солармен уақытын өткізіп. Ер кісіге қиын. Жарайды деп ағайын-туыс жиылып үйлендіретін болып шешті. Жан-жақтан ажырасқан, отырып қалған, күйеуі қайтқан әйелдерді іздестіре бастады. Қайын атасының үйленетініне ең алғаш болып қатты қуанған Замира болды. Себебі, атасы үйленсе өзімен өзі болады, тіпті бөлек шығуымыз да мүмкін деп ойлады. Күйеуінің табысы жаман емес шүкір. Одан қала берсе, сәбиін қолына алып, жасынан асырса бақшаға беріп, өзі де жұмыс жасайды. Осылай армандап жүргенде қайынатасына дұрыстау бір келіншек болады деп ажырасқан әйелмен туыстары таныстырды. Бір көрген соң-ақ үйленемін деп шешкен қария әйелін үйіне алып келді. Кішігірім ас беріп, имам шақырып, некесін қиды. Ене сымақ баста келген күннен-ақ ене болып жарытпады. Үйден шықпайды. Бөлмесінде жатып тек ұйықтайды, теледидар қарайды. Қонақ бөлмеде тұратын теледидарды өздерінің бөлмелеріне кіргізіп алды. Тек ас ішуге ғана шығады бөлмесіне. Не бір адаммен сөйлеспейді. Бір зат қажет болса шалын жұмсайды. Қайын атасы келіншегінің алдында құрдай жорғалап айтқанын істейді. Тіпті бөлмесіне су апарып береді. Замира атасының өзгергеніне қатты қуанды. Әсіресе миының тыныштығына шүкір дейді.

Бірақ Замираның қуанышы көпке созылмады. Әлгі ене сымақ, бір күні үшті-күйлі жоқ болып кетті. Замира төркініне кеткен болатын. Дархан жұмыста. Әлгі әйел шалын базарға жұмсапты. Әйелінің айтқанын екі етпейтін шалы базарға құстай ұшқан ғой. Сол уақытты пайдаланып, көптен бері аңдып, барлық заттың қайда тұратынын анықтап үлгерген әйел қымбат бұйымдарды қолды қылып, тайып тұрыпты. Замира төркінінде алаңсыз жүрген. Телефоны шырылдай жөнелді.
- Алло. Дархан қалайсың?
- Қалайсыңдар Зами? Жағдайың жақсы ма? Үйге қашан қайтасың?
- Неғылды, тыныштық па? Біраз бол дегенге тағы екі-үш күн болайын деп едім.
- Бүгін келмесең болмайды. Ана әйел үйдегі бар затты ұрлап кетіпті.
- Қандай әйел? Кімді айтасың? Ұрлағаны нес? Нені ұрлапты?
- Келген соң сөйлесеміз,- деді де Дархан телефонды сөндіре салды. Түтігіп тұр. Ашуын кімнен аларын білмейді.
Замира телефонды қоя салып заттарын жинастыра бастады. Асығып жүр. Ішінде бір уайым тұр. Артынан келген алтындарын шкафқа тығып кетіп еді. Қас қылғанда күміс таққысы келіп, алтынын тастап кеткенін қарашы. Құдай-ай, алтындар орнында тұрса екен. Бөлмеме кірмеген болсыншы. Неге сумкама салып алып кетпедім екен. Сөмкесін көтеріп бөлмеден шыға бере анасымен қақтығысып қалды.
- Ақырын, не болды түтігіп? Жол болсын? Екі үш күн жатамын дегенің қайда?
- Мам, кетпесем болмайды. Үйде бір сұмдық болған сияқты. Кейін звондап түсіндіріп берем, - деді де есікке қарай тез-тез адымдай түсті. Үйіне дейін такси ұстады да, көлікте отырып қайта-қайта телефонға қарай берді.
Ал, Дархан не әкесіне айтарын білмей, не милицияға хабарласарын білмей үнсіз отыр. Әкесі де басы төмен салбырап, көңілсіз күйде. Қас қарайғанда үйге кіріп келген Замира атасына сәлем салды да бөлмесіне кірді. Дархан жоқ. Төсектің бас жағында тұрған шкафқа жүгірді. Есігі ашық-шашық жатыр. Іші ақтарылған. Ішін іздеп алтындарын таппады. Жерге отыра кетті. Көз алдына келіп қалған жасты сүртуге шамасы келмеді.

Замира біраз уақыт жылап отырды да бөлмесінен шықты. Дархан әлі келмепті. Атасының бөлмесіне басын сұғып еді, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. Атасын жек көріп кеткені соншалық, Замира тіпті түріне қарағысы да келмеді. Ас бөлмеге барды да шәй қойды. Басы сынып ауырып тұр. Есіктен Дарханның келгенін сезді. Екеуі ас бөлмеде отырып шәй ішті. Ұзақ сөйлесті. Дархан әлгі өгей шешесін іздеп үйіне барыпты. Үйіндегілер білмейміз, көрмедік деп шығарып салыпты. Кетіп бара жатқанда көрші кемпір тоқтатып:
- Балам, жайшылық па?- деді.
- Тыныштық апа, мына үйден бір кісіні сұрап келіп едім.
- Еее, шырағым. Ол кісіні іздеп бұл үйге көп адамдар келеді. Тағы бір үйге тұрмысқа шықты дегенде ішімізден, байғұс кімнің түбіне жетер екен енді деп едім. Ол кісіні іздемей ақ қойғаның дұрыс. Құтылғаныңа шүкір де қарағым. Әке-шешесін жерге қаратып, ел алдында әбден абыройын төгіп біткен ол. Тіпті, бір қызымыз жоқ деп есептейді. Қартайып, бір аяғы төрде болса, бір аяғы көрде отырған әке-шешесіне қиын...- деді әлгі кемпір. Ештеңе дей алмаған күйі Дархан үйіне қайтты.
- Сонда, е ол сондай екен деп үндемей қоя саламыз ба? Іздеп тауып, заттармызды алайық та енді.
- Ол уже заттарды сатып үлгерген шығар.
- Сатып жіберсе, қайта сатып алып берсін! Сотқа берейік. Әйтеуір бірдеңе істейік та, қол қусырып отыра береміз бе?
- Білмеймін, басым қатып кетті.
- Тек алтындарды алма мейлі ғой, бар бағалы заттарды алған ғой. Үйдегі жинаған ақшаны да. Қалай ішің күймейді...- деп Замира жылап жіберді.
- Не істе дейсің енді?
- Милицияға хабар берейік.
Осы кезде бөлмесінен шыққан қайынатасы:
- Жоқ, ешкім ешқайда бармайды. Болар іс болды. Енді жетпегені пәленшенің қатыны ұры болып шықты деген атқа қалуым қалып еді. Тыныш қана ажырасып кетемін.
- Онсыз да тастап кеткен жоқ па сізді, - деп Замира атасына жалт қарады.
- Ой әкеңнің тарт тіліңді,- деді қайын атасы. Араға түсе алмаған Дархан тағы үнсіз қалды. Оның үнсіздігін келіншегі жақсылыққа баласа, әкесі қатынжандысың, сүмелексің, итсің деп жер-жебіріне жетті.

Жалғасы бар...