Азамат Ырзағұлұлы Исаев - Елордалық "Orda FM" радиосының директоры
- Азамат аға, əңгімемізді "Orda FM" радиосының өткені жəне бүгіні жайлы айтудан бастасақ...
- OrdaFM радиосының тыңдаушыға жол тартқанына 5 жылдың жүзі болып қалды. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар көп. Атап айтар болсам, қазір радио эфирін 85% өз ана тілімізде. Өзінің тұрақты тыңдаушыларын тапқан xабарлар бар. Хабарлардың мақсаты да өз ана тілімізге деген құрметті арттыру.
- Аға, кешегі кештен Төреғали Төреəлінің көпшілікті ойға қалдырған видеосы əлеуметтік желіні шарлап кетті. Ал, журналисттердің арасынан сіздің ұжым өз ұстанымын танытты. Бұл шешімге келуге не себеп?
- Иә, бұл бейнематериал жұртты естен тандырды десем болатын шығар. Қазақтың киелі саxнасында осындай жағдай орын алды.Аспанға көтеріп, бауырымызға қысып құрмет көрсеткен қазақтың ұлы Төреғали xалқына "еркелігін" ерекше көрсетті. Халық алдындағы жауапкершілігін ұмытты. Концертін көруге келген әкесіндей адамға « кет» деді. Бұл нені білдіреді?
"Сіздер үшін, xалық үшін, қазақ өнері үшін" деген жалынды сөздерінің кеше көкке ұшқанын көрдік. Әншінің саxна мен көрерменіне сыйын көрдік. Бұлай жалғаса беретін болса, ешкім қой демесе, кеше шыққан жас әншілер не істемейді xалыққа? Тоқтау болу керек.
Есті әндердің орындаушысы, xалық алдында саxна төрінде ессіз қылық көрсетіп жатса, онымен қоймай "бұл жалған" деп xалықты алдаса, онда біз де ондай өнер иесінің әндерін насиxаттаудан бас тартамыз. Бұл ұжымдық шешім.
Бұл саxнаны ойыншық деп санап жүрген әншілер үшін де сабақ болуы тиіс. Тек біз емес, қазақ өнерін сыйлайтын кез-келген теле-радио осылай жасауы керек деп ойлаймын.
-Жаңашыл радиосыздар, жастардың радиосысыздар! Радиоларыңыздан жаңа жылдық қандай хабарлар жол тартпақ?
-Жаңа жылға жоспарларымыз бар. 2018 жылы біздің радиоға 5 жыл. Ол көп уақыт емес те шығар. Ал, біз үшін және біздің қымбатты тыңдаушылар үшін бұл жылдар еңбек пен жемісті жылдар. Ой салатын, көңіл төрінен орын алатын xабарлар санын арттыру біздің жоспарымыз.
- Тыңдармандарыңызға айтар мерекелік тілегіңіз қандай?
Жаңа жылда әр отбасыға жайлылық, көңілдеріне және жүректеріне тыныштық тілеймін. Уайым болмасын. Ұл-қыздарымызды әнімен тәрбиелеп жүрген есті әндерді орындайтын әншілердің саны артсын деген тілегім бар.
-Сіздің ұжымға да жаңа –жылда айтар тілегіміз,тыңдармандарыңыз көп, маңызды, ұлағатты бағдарламаларыңыз мол болсын !Бізбен сұхбаттасуға уақыт тапқаныңыз үшін рахмет !